Құжат мәтініне өту

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 22 · қабылданған 19.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.02.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-50837/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 22 ·19.02.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

ҚАЗҚоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 22 · қабылданған 19.02.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22
Қабылданған күні
19.02.2010
Көрсетілген редакция
23.02.2011 · қолданыстағы 50837_195310.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
23.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DO000081
ЭКБ идентификаторы
50837
Редакция идентификаторы
50837_195310
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:59

0 Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына және 5-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, ауданның жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарын жұмыспен уақытша қамту мақсатында, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру үшін аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Райымбек ауданы бойынша 2010 жылы ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері № 1 қосымшаға, қоғамдық жұмысты ұйымдастыратын ұйымдар тізбесі және қоғамдық жұмыстардың көлемі мен басқада нақты жағдайлары № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға төленетін айлық еңбек ақы Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.

3 3. Әлеуметтік төлемдер бойынша «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіту және оның атқарылуына мониторинг жүргізу «Аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Омархалық Қайрат Байқайыпұлына тапсырылсын.

4

4. Райымбек ауданының уәкілетті органында жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарды қоғамдық жұмыспен қамту үшін 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстың түрлерін басшылыққа алу, осы жұмыс түрлерін ұйымдастыру селолық, поселкелік округ әкімдерімен жұмыс берушілерге және «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Зықаев Халық Сансызбайұлына міндеттелсін.

5 5. Аудандық Әділет басқармасынан 16 сәуір 2009 жылы № 2-15-67 санымен тіркелген, аудандық «Хантәңірі» газетінің 18 сәуір 2009 жылғы № 15 (7577) санына жарияланған аудан әкімдігінің 31 наурыз 2009 жылғы «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 75 Қаулысының күші жойылған деп танылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары Қуанышев Ерлік Қуанышұлына жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Райымбек ауданы әкімдігінің

«19» ақпандағы 2010 жылғы № 22
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
туралы қаулысының № 1 қосымшасы
2010 жылға ұйымдастырылатын қоғамдық
жұмыстардың түрлері

1 1. Елді мекендерде, парктерде экологиялық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге көмектесу;

2 2. Елді мекендердің, өндірістік кәсіпорындардың, мекемелердің аумағын тазалау, ағаштардың қураған сабақтарын кесу, түбін әктеу, қоршауларды түзеу және сырлау жұмыстарын жүргізуде селолық, поселкелік округ әкімдіктеріне, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтарына көмектесу;

3 3. Кең көлемді мәдени шаралар өткізуді ұйымдастыруға көмек көрсету (шара өтетін жерлерді тазалау, әктеу, сырлау, стенд, билборд, плакаттар ілу, шақыру билеттерін тарату);

4 4. Көшелерде, парктерде су жүретін арықтарды қазу, тазалау жұмыстарын жүргізу;

5 5. Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету (әлеуметтік қызметкер);

6 6. Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсету (әлеуметтік қызметкер)

7 7. Науқандық мал санағы жұмыстарына көмектесу (сауалнама, шақыру қағаздарын тарату);

8 8. Бюджеттік төлемдер төлеуге байланысты селолық, поселкелік округ тұрғындарына төлемдер төлеу мерзімі мен көлемі жайлы ескерту қағаздарын тарату;

9 9. Кезекті әскер қатарына шақыруға байланысты, азаматтарға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақыру қағазын тарату, шақырылушылардан жинақталған құжаттарды жинақтау папкаларына реттеп тігу жұмыстарына көмектесу;

10 10. Даңқ аллеяларының, ескерткіштердің айналасын тазалау, қоршауларын түзеу, сырлау, ағаштардың түбін әктеу;

11 11. Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің үйлерін жөндеу, ауласын тазалау, қоршауларын түзеу және сырлау жұмыстарына көмектесу;

12

12. 18-жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына төленетін балалар жәрдем-ақысын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына төленетін тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасыларын, учаскелік комиссияның отырысына шақыру, қабылданған құжаттарды реттеп тігу, жәрдем ақының тағайындалғаны немесе тағайындалмағаны жайлы ескерту хабарламаларын тарату;

13 13. Елді мекендердегі көшелерді тазалау, шұңқырларды құмтаспен толтыру, көше жиектеріне ағаш егу, шарбақтарды түзету.

14 14. Сайлау науқаны кезінде, сайлаушыларға шақыру қағаздарын тарату;

15 15. Кітапханаларда кітаптарды түптеу, жыртылған кітаптарды желімдеу, қаптау жұмыстарына көмектесу;

16 16. Мекемелердің мұрағаттарындағы іс - қағаздарының тозған қаптарын айырбастау, тігу, бумаға байлап, сөрелерге реттеп орналастыру, әлеуметтік сауалнама қағаздарын тарату жұмыстарына көмектесу;

17 17. Шаруашылық кітаптарын толтыруға қажетті қосымша мәліметтерді анықтау үшін ауыл тұрғындарын әкімдікке шақыру;

18 18. Тарихи сәулеттік ескерткіштердің айналасын тазалау, бордюрлерін, қоршауларын түзеу, сырлау, гүлзарларға гүл егу, ағаштар отырғызу, түптерін әктеу, күтіп-баптау жұмыстарына көмектесу;

19 19. Көшеттер отырғызуға, оларды күтуге көмектесу;

20 20. Жұмысқа орналасуға мұқтаж азаматтардың еңбек нарқына бейімделулеріне, жұмыс іздеу тәсілдерін үйренулеріне, кәсіптік бағдар, кеңестер алуларына, босаған немесе жаңа ашылған жұмыс орындарын іздеулеріне қажетті ақпараттарды тарату, жұмыссыздарды уәкілетті органға шақыру;

21 21. Аз қамтылған отбасы балаларымен жұмыс істеу аула клубтарын ұйымдастыру жұмыстарына көмектесу;

22 22. Мүгедек азаматтарға көмек қолын созу;

Ескерту: Қоғамдық жұмыстар тізбесі жергілікті атқарушы органдардың шешімімен толықтырылуы мүмкін.
Атқарылатын жұмыстар аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік, экологиялық пайдалы болуы тиіс.
Ұйымдардың штаттық қызметкерлерін ығыстыруға және алмастыруға, сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда қоғамдық жұмыстар есебінен штаттан тыс қызметкерлер ұстауға жол берілмейді.

31 Райымбек ауданы әкімдігінің

«19» ақпандағы 2010 жылғы № 22
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
туралы қаулысының № 1 қосымшасы
Райымбек ауданы бойынша 2010 жылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдар тізбесі
және қоғамдық жұмыстардың көлемі
мен басқа да нақты жағдайлары
Ре
ті№
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдасты
рушы жұмыс берушілер атауы
Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері
Бір адамға айына төлене
тін қаржы көлемі
(теңге)
1 жылға қоғамдық жұмыстар
ды ұйымдас
тыруға бөлінген қаржы (мың теңге)
Қоғам
дық жұмыс
тың толық емес жұмыс күні
(сағат)
1
Кеген селолық округі әкімдігі
1. Елді мекендерде, парктерде экологиялық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге көмектесу;
2. Елді мекендердің, өндірістік кәсіпорындардың, мекемелердің аумағын тазалау, ағаштардың қураған сабақтарын кесу, түбін әктеу, қоршауларды түзеу және сырлау жұмыстарын жүргізуде селолық, поселкелік округ әкімдіктеріне,тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтарына көмектесу;
3. Кең көлемді мәдени шаралар өткізуді ұйымдастыруға көмек көрсету (шара өтетін жерлерді тазалау, әктеу, сырлау, стенд, билборд, плакаттар ілу, шақыру билеттерін тарату);
4. Көшелерде, парктерде су жүретін арықтарды қазу, тазалау жұмыстарын жүргізу;
5. Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету (әлеуметтік қызметкер);
6. Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсету (әлеуметтік қызметкер)
7. Науқандық мал санағы жұмыстарына көмектесу (сауалнама, шақыру қағаздарын тарату);
8. Бюджеттік төлемдер төлеуге байланысты селолық, поселкелік округ тұрғындарына төлемдер төлеу мерзімі мен көлемі жайлы ескерту қағаздарын тарату;
9. Даңқ аллеяларының, ескерткіштердің айналасын тазалау, қоршауларын түзеу, сырлау, ағаштардың түбін әктеу;
10. Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің үйлерін жөндеу, ауласын тазалау, қоршауларын түзеу және сырлау жұмыстарына көмектесу;
11. 18-жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына төленетін балалар жәрдемақы-сын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына төленетін тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасыларын учаскелік комиссияның отырысына шақыру, қабылданған құжаттарды реттеп тігу, жәрдем ақының тағайындалғаны немесе тағайын-далмағаны жайлы ескерту хабарламаларын тарату;
12. Елді мекендердегі көшелерді тазалау, шұңқырларды құм-таспен толтыру, көше жиектеріне ағаш егу, шарбақтарды түзету.
13. Сайлау науқаны кезінде, сайлаушыларға шақыру қағаздарын тарату;
14. Шаруашылық кітаптарын толтыруға қажетті қосымша мәліметтерді анықтау үшін ауыл тұрғындарын әкімдікке шақыру;
15. Тарихи сәулеттік ескерткіштердің айналасын тазалау, бордюрлерін, қоршауларын түзеу, сырлау, гүлзарларға гүл егу, ағаштар отырғызу, түптерін әктеу, күтіп –баптау жұмыстарына көмектесу;
16. Жұмысқа орналасуға мұқтаж азаматтардың еңбек нарқына бейімделулеріне, жұмыс іздеу тәсілдерін үйренулеріне, кәсіптік бағдар, кеңестер алуларына, босаған немесе жаңа ашылған жұмыс орындарын іздеулеріне қажетті ақпараттарды тарату, жұмыссыздарды уәкілетті органға шақыру.
14952
1933664
7 сағат
кестенің жалғасы
2
Нарынқол селолық округі әкімдігі
1. Елді мекендерде, парктерде экологиялық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге көмектесу;
2. Елді мекендердің, өндірістік кәсіпорындардың, мекемелердің аумағын тазалау, ағаштардың қураған сабақтарын кесу, түбін әктеу, қоршауларды түзеу және сырлау жұмыстарын жүргізуде селолық,поселкелік округ әкімдіктеріне, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтарына көмектесу;
3. Кең көлемді мәдени шаралар өткізуді ұйымдастыруға көмек көрсету (шара өтетін жерлерді тазалау, әктеу, сырлау, стенд, билборд, плакаттар ілу, шақыру билеттерін тарату);
4. Көшелерде, парктерде су жүретін арықтар қазу, тазалау жұмыстарын жүргізу.
5. Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету (әлеуметтік қызметкер);
6. Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсету (әлеуметтік қызметкер)
7. Науқандық мал санағы жұмыстарына көмектесу (сауалнама, шақыру қағаздарын тарату);
8. Бюджеттік төлемдер төлеуге байланысты селолық, поселкелік округ тұрғындарына төлемдер төлеу мерзімі мен көлемі жайлы ескерту қағаздарын тарату;
9. Даңқ аллеяларының, ескерткіштердің айналасын тазалау, қоршауларын түзеу, сырлау, ағаштардың түбін әктеу;
10. Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің үйлерін жөндеу, ауласын тазалау, қоршауларын түзеу және сырлау жұмыстарына көмектесу;
11. 18-жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына төленетін балалар жәрдем-ақысын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына төленетін тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасыларын, учаскелік комиссияның отырысына шақыру, қабылданған құжаттарды реттеп тігу, жәрдем ақының тағайындалғаны немесе тағайындалмағаны жайлы ескерту хабарламаларын тарату;
12. Елді мекендердегі көшелерді тазалау, шұңқырларды құм-таспен толтыру, көше жиектеріне ағаш егу, шарбақтарды түзету.
13. Сайлау науқаны кезінде, сайлаушыларға шақыру қағаздарын тарату;
14. Шаруашылық кітаптарын толтыруға қажетті қосымша мәліметтерді анықтау үшін ауыл тұрғындарын әкімдікке шақыру;
15. Тарихи сәулеттік ескерткіштердің айналасын тазалау, бордюрлерін, қоршау-ларын түзеу, сырлау, гүлзарларға гүл егу, ағаштар отырғызу, түптерін әктеу, күтіп-баптау жұмыстарына көмектесу;
14952
1958520
7
3
Тұйық селолық округі әкімдігі
14952
303992
7
4
Саты селолық округі әкімдігі
14952
224280
7
5
Жалаңаш селолық округі әкімдігі
14952
877120
7
6
Тасашы селолық округі әкімдігі
14952
438560
7
7
Қарабұлақ селолық округі әкімдігі
14952
627980
7
8
Жылысай селолық округі әкімдігі
14952
448560
7
9
Ұзынбұлақ селолық округі әкімдігі
14952
797480
7
10
Бөлексаз селолық округі әкімдігі
14952
448560
7
11
Қарқара селолық округі әкімдігі
14952
448560
7
12
Алғабас селолық округі әкімдігі
14952
340848
7
13
Шырғанақ селолық округі әкімдігі
14952
877120
7
14
Ұзақ селолық округі әкімдігі
14952
224280
7
15
Қарасаз селолық округі әкімдігі
14952
652840
7
16
Сарыжаз селолық округі әкімдігі
14952
652840
7
17
Тегістік селолық округі әкімдігі
14952
224280
7
18
Қақпақ селолық округі әкімдігі
14952
224280
7
19
Текес селолық округі әкімдігі
14952
448560
7
20
Шәлкөде селолық округі әкімдігі
14952
672880
7
21
Қайнар селолық округі әкімдігі
14952
89263
7
22
Сүмбе селолық округі әкімдігі
14952
967120
7
23
Жамбыл селолық округі әкімдігі
14952
448560
7
кестенің жалғасы
24
Зейнетақы төлеу орталығы
1. Мекемелердің мұрағаттарындағы іс қағаздарының тозған қаптарын айырбастау, тігу, бумаға байлап, сөрелерге реттеп орналастыру, әлеуметтік сауалнама қағаздарын тарату жұмыстарына көмектесу;
14952
259136
7
25
Аудандық кітапхана
1. Кітапханаларда кітаптарды түптеу, жыртылған кітаптарды желімдеу, қаптау жұмыстарына көмектесу;
14952
89712
7
26
Аудандық мұрағат
1. Мекемелердің мұрағаттарындағы іс қағаздарының тозған қаптарын айырбастау, тігу, бумаға байлап, сөрелерге реттеп орналастыру, әлеуметтік сауалнама қағаздарын тарату жұмыстарына көмектесу;
14952
134568
7
27
Аудандық қорғаныс бөлімі
1. Кезекті әскер қатарына шақыруға байланысты, азаматтарға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақыру қағазын тарату, шақырылушылардан жинақталған құжаттарды жинактау папкаларына реттеп тігу жұмыстарына көмектесу;
14952
303992
7
28
ҚР ӘМТҚК Алматы облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық»РМК
1. Мекемелердің мұрағаттарындағы іс қағаздарының тозған қаптарын айырбастау, тігу, бумаға байлап, сөрелерге реттеп орналастыру, әлеуметтік сауалнама қағаздарын тарату жұмыстарына көмектесу;
14952
89712
7
29
Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі
1. Көшеттер отырғызуға, оларды күтуге көмектесу;
14952
303992
7
30
«Кеген көркейту» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
1. Елді мекендердің, өндірістік кәсіпорындардың аумағын тазалау, ағаштардың қураған сабақтарын кесу, түбін әктеу, қоршауларды түзеу және сырлау жұмыстарын жүргізуде селолық, поселкелік округ әкімдіктеріне, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтарына көмектесу;
14952
336061
7
31
Үкіметтік емес ұйымдар
1. Аз қамтылған отбасы балаларымен жұмыс істеу, аула клубтарын ұйымдастыру жұмыстарына көмектесу;
2. Мүгедек азаматтарға көмек қолын созу;
14952
300680
7
Барлығы:
16148000
-