Нүркен селолық округінің Ақсеңгір елді мекеніне Жантөбетұлы Машақтың атын беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нүркен селолық округінің Ақсеңгір елді мекеніне Жантөбетұлы Машақтың атын беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 2-тармақшасына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 14 қазандағы отырысындағы N 1 ұйғарымы негізінде ШЕШІМ ЕТТІМ:
Тармақ 1
1. Нүркен селолық округіне қарасты Ақсеңгір елді мекені - Жантөбетұлы Машақ елді мекені деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.