Нүркен селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нүркен селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысына, Нүркен селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 10 ақпандағы N 011, 012, 013 хаттамаларына және аудан әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның 2008 жылғы 23 маусымындағы N 1/4 ұйғарымына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақсеңгір елді мекеніндегі N 1 көшесі - "Жасыл ел" көшесі деп; Жалаңтөс елді мекеніндегі N 1 көшесі - "Ақ бидай" көшесі деп; Жидебай елді мекеніндегі N 1 көшесі - "Бірлік" көшесі деп; Қаратал елді мекеніндегі N 1 көшесі - "М. Шоқай" көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.