Сотталғандарға қоғамдық жұмыстардың түрлерін ұсынатын кәсіпорындардың тізбесі мен қоғамдық жұмыстарын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Сотталғандарға қоғамдық жұмыстардың түрлерін ұсынатын кәсіпорындардың тізбесі мен қоғамдық жұмыстарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42 - бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кәсiпорындардың тiзбесi мен қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсiн.
Тармақ 2
2. Шығарылған сот үкiмiне және қылмыстық атқару инспекциясының жолдамасына сәйкес жұмыс берушiлер сотталған азаматтарды қала аумағында көгалдандыру, жасыл көшеттердi отырғызу, көркейту, санитарлық тазалау, жолдарды және оның аймағын тазалау жұмыстарына, санитарлық қызметтерге тартылуын қамтамасыз етуі ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Аталған тiзiмде көрсетiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларына сотталған азаматтар үшiн тегiн пайдалы қоғамдық жұмыстардың төлемақыларын жергiлiктi бюджетке аударылуы ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Қала әкімдігінің 2009 жылғы 3 ақпандағы № 180 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.