О некоторых вопросах ввоза сахара и сахара-сырца на территорию Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағына қант және шикі қант әкелудің кейбір мәселелері туралы
«Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Қазақстан Республикасында қант шығарудың және тұтынудың 2010 жылға арналған болжамды теңгерімі;
Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналым үшін тауар шығарудың кедендік режимінде кедендік баж төлемей әкелу жүзеге асырылатын құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының (бұдан әрі - шикі қант) (СЭҚ ТН коды 1701 11) 2010 жылға арналған көлемі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі шикі қант жеткізушілердің тізбесі осы қаулыға қосымшада көрсетілген қант шығаратын кәсіпорындармен арадағы әкелінетін шикі қанттың мақсаты туралы келісім-шарт негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша бекітілген көлем шегінде 2009 жылғы 9 маусымдағы Тауарлармен сыртқы сауда саласындағы лицензиялау ережелері туралы келісімде бекітілген нысан бойынша рұқсаттар беруді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті еркін айналым үшін тауарлар шығарудың кедендік режимінде әкелінетін шикі қант импортын кедендік ресімдеуді және одан кедендік баж алуды:
әкелінетін кедендік баждың нөлдік ставкалары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі беретін рұқсаттар негізінде;
Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінде көрсетілген әкелінетін кедендік баж ставкалары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі беретін рұқсатсыз жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасында қант шығарудың және тұтынудың 2010 жылға арналған болжамды теңгерімі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 146 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында қант шығарудың және тұтынудың 2010 жылға арналған болжамды теңгерімі
Р/с
№
Атауы
2010 жыл
1
Қант қызылшасын өсіру, тонна
200 000,0
2
Қант шығару:
464 002,0
құрақ қанты, тонна
440 002,0
қызылша қанты, тонна
24 000,0
3
Қант шығаруға қажетті қант құрағының көлемі, тонна
463 160,0
4
Ақ қанттың импорты
60 017,0
5
Ақ қанттың экспорты
9 782,5
6
Тұтыну
514 236,5
Басқа 1. Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналым үшін тауар шығарудың кедендік режимінде кедендік баж төлемей әкелу жүзеге асырылатын құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының (СЭҚ ТН коды 1701 11) 2010 жылға арналған көлемі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 146 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналым үшін тауар шығарудың кедендік режимінде кедендік баж төлемей әкелу жүзеге асырылатын құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының (СЭҚ ТН коды 1701 11) 2010 жылға арналған көлемі
СЭҚ ТН коды
Атауы
2010 жыл
1701 11
Құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қанты, тонна
463 160
Басқа 2. Қант шығаратын кәсіпорындар тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 146 қаулысына
қосымша
Қант шығаратын кәсіпорындар тізбесі
Р/с
№
Қант шығаратын кәсіпорындардың атауы
1
«Алматы Қанты» акционерлік қоғамы
2
«Қант» акционерлік қоғамы
3
«Алматы Шекері» акционерлік қоғамы
4
«Меркі қант зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
5
«Көксу-Шекер» акционерлік қоғамы
6
«АЛАКОЛЬ ШЕКЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
7
«INVESTMENT MANAGEMENT Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі