Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы
ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 30
- Қабылданған күні
- 28.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 19.10.2011 · қолданыстағы AI50930_2.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 19.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10UH000078
- ЭКБ идентификаторы
- 50930
- Редакция идентификаторы
- AI50930_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:11
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы» Ордабасы ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 23 наурыздағы № 98 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-8-19 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 6 мамырда «Ордабасы оттары» газетінің № 19 нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Төлебаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ордабасы ауданы әкімдігінің
28 қаңтардағы 2010 жылғы № 30
қаулысымен бекітілген қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Бұл Қағида (бұдан әрі – Қағида) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қазандағы № 84 Заңына сәйкес әзірленген және жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Қағидада пайдаланатын ұғымдар:
1 1) Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен (оның уәкілетті органымен) шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орын;
2 2) жұмысқа орналастыру – халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
3 3) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде осы заңмен белгіленген адамдар топтары;
4 4) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
5 5) уәкілетті орган – жергілікті атқарушы органдарының аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган);
6 6) Жұмыс іздеп жүрген, бірақ уәкілетті орган жұмыссыз деп танымаған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға осы Қағида қолданылмайды.
4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтіндердің еңбек және басқа қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмыс берушілерді іріктеу
5 5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді жергілікті атқарушы орган іріктеу тәртібімен төмендегі сипаттар негізінде жүзеге асырады:
1 1) қаржы ауқаттылығы;
2 2) материалдық базасының барлығы және техникалық қамтамасыздандырылуы.
6 6. Жұмыс беруші, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде жүзеге асырады. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады.Оның мынадай ерекшеліктері болады:
1 1) нысаналы топтарға әдейі арналады;
2 2) жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
7 7. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрмақшы болған жұмыс берушілер, уәкілетті органға құрылатын жұмыс орындарының саны, көрсетілген еркін нысанды мәлімет береді және оған мына құжаттарды қоса өткізеді:
1 1) кәсіпорынның, мекеменің Жарғысының көшірмесі;
2 2) кәсіпорынның, мекеменің мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
3 3) жеке тұлғаға салық органынан тіркелгендігі туралы куәлік көшірмесі.
8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган жасап, жұмыс берушілерді іріктеу үшін жергілікті атқарушы органға ұсынады. Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерді іріктеп, уәкілетті органға екі жақты «Уәкілетті орган- Жұмыс беруші» шартын жасау үшін жолдайды. Тараптардың әр қайсысында шарттың бір данасынан сақталады.