Жеңіс Қарғабаевқа көше атын беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Жеңіс Қарғабаевқа көше атын беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып 2009 жылғы 8 желтоқсандағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Шолаққорған ауылының жаңа атауы жоқ көшесіне ауданға еңбегі сіңген азамат Жеңіс Қарғабаевтың аты берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау іс басқарушы Т.Шайдазимовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.