О переименовании села Бородин Темирского района в село Шыгырлы Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Темір ауданының Бородин ауылын Шығырлы ауылы деп өзгерту туралы 📌 Ескерту. Шешімнің тақырыбында және мәтінінде«Боролин селосын» және «селосының» сөздері «Бородин ауылын», «ауылының» сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабы 4 тармағына сәйкес, облыстық Мәслихат және облыс Әкімі шешім етеді:
Тармақ 1
1. Темір ауданы мәслихаты мен әкімінің және облыстық ономастикалық комиссияның ұсыныстары қабылдансын және Темір ауданындағы Бородин ауылының аты Шығырлы ауылы болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.