Көксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосыша шаралар белгілеу туралы
ҚАЗКөксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосыша шаралар белгілеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Көксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосыша шаралар белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Көксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосыша шаралар белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 49
- Қабылданған күні
- 26.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 12.01.2011 · қолданыстағы 50970_194566.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 12.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DN000088
- ЭКБ идентификаторы
- 50970
- Редакция идентификаторы
- 50970_194566
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:54
0 Көксу ауданыннда жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосыша шаралар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына және 2-тармағына, сондай-ақ осы Заңның 7-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес "Жастар практикасын" ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Көксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгіленсін.
2 2. Бұл қосымша шаралар бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту және олардың практикалық тәжірибе, білім, әдет, дағдыларын алу мақсатында әзірленгені анықталып, 2010 жылы көрсетілетін болады.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Көксу ауданы әкімдігінің
2010 жылдың 26 ақпандағы N 49
"Көксу ауданында жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғау жөнінде
қосымша шаралар белгілеу
туралы" қаулысына
қосымша
Көксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде
қосымша шаралар белгілеу туралы
Көксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына сәйкес бастапқы, орта және жоғары оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың практикалық тәжірибе алу, білім, білік, дағдыларын үйрену мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әзірленген.
1 1. Жалпы ереже
1
1. Көксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Уәкілетті орган) бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген 23 жасқа дейінгі жұмыссыз жастармен (бұдан әрі – жұмыссыз жастар) жұмыс жүргізу (бұдан әрі – Жастар практикасы) тәртібін ұйымдастыруды білдіреді.
2 2. Жастар практикасы Көксу ауданында орналасқан кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс беруші) ұйымдастырылады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
3 3. Уәкілетті орган еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жастар практикасына жіберу үшін жұмыссыз жастардың санын анықтайды.
2 2. Жастар практикасын ұйымдастыру
4 4. Уәкілетті орган жастарды жұмыспен қамту бойынша аудандағы өңірлік еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайға талдау жасау негізінде Жастар практикасын өткізуді ұйымдастырады.
Жастар практикасын ұйымдастыру кезеңінде келесі негізгі өлшемдер ескеріледі:
1 1) жұмыссыз жастардың саны және оның Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгендердің жалпы санынан үлесі;
2 2) жастар арасындағы ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер санының өсуі;
3 3) жұмыссыз жастардың еңбек өтілінің, алған мамандығы бойынша еш дағдысының болмауы салдарынан жұмысқа орналасу мүмкіндігінің аз болуы.
5
5. Уәкілетті орган Жастар практикасын ұйымдастыру үшін Жұмыс берушілерге ұсыныс беріп, хабарлама жібереді. Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде іс тәжірибеге қабылданатын жұмыссыздардың шамалы санын немесе қатысудан бас тартқандығы туралы жауап береді. Жауап бермеу Жастар практикасына қатысудан бас тарту болып есептелінеді.