Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуге алуды ұйымдастыру туралы Қолданыста
Басқа 0
Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуге алуды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылында 17 жасқа толатын 1993 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген Мұнайлы ауданының аумағында тұрғылықты немесе уақытша тұрып жатқан азаматтарды тіркеуді өткізсін.
Тармақ 2
2. Ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, және меншік нысандарына қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тіркелуге жататын азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне шақыру жөнінде құлақтандыруын және шақыру бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) тіркелуге дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты, қажетті уақытқа, азаматтарды міндеттерін орындау үшін, жұмыс (оқу) орындарындағы жалақыларын (стипендияларын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босату;
Тармақша 3
3) тіркелуге жататын азаматтарды Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғаны туралы хабардар етуді және олардың медициналық куәландырудан және тексеруден өтуі үшін шақыру пунктіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж.Әбіловке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.