О переименовании сельских округов и сел в Хромтауском районе Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Хромтау ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының аттарын өзгерту туралы
📌 Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селоларының», «селосы» сөздері «ауылдық», «ауылдарының», «ауылы» сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің
11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015
№ 359 шешімімен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабы 4 тармағына сәйкес, облыстық Мәслихат және облыс Әкiмi шешiм етедi:
Тармақ 1
1. Хромтау ауданы мәслихаты мен әкiмiнiң және облыстық ономастикалық комиссиясының ұсыныстары қабылдансын және Хромтау ауданындағы:
- Кредиков ауылдық округi Аққұдық ауылдық округi
- Новороссей ауылдық округi Ақжар ауылдық округi
- Новотроицк ауылдық округi Тассай ауылдық округi
- Кредотовка ауылы Жарбұтақ ауылы
- Новороссийское ауылы Ақжар ауылы
- Троицкое ауылы Тассай ауылы болып аттары өзгертiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.