Әбілқайыр Оспановқа көше атын беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әбілқайыр Оспановқа көше атын беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып 2009 жылғы 22 желтоқсандағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Шолаққорған ауылының жаңа атауы жоқ көшесіне ауданға еңбегі сіңген азамат Әбілқайыр Оспановтың аты берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау іс басқарушы Т.Шайдазимовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.