Жымпиты ауылдық округінің Бірінші май ауылына көше атауын беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жымпиты ауылдық округінің Бірінші май ауылына көше атауын беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Бірінші май ауылының тұрғындарымен өткізілген жиынның хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Сырым ауданы, Жымпиты ауылдық округіне қарасты Бірінші май ауылындағы көшеге "Үмбетияр көшесі" атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.