Кіру
Құжат мәтініне өту

Ауданда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Қаулы · № 27 · қабылданған 22.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.07.2023 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-51115/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Ауданда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 27 ·22.02.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Ауданда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

ҚАЗАуданда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 27 · қабылданған 22.02.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ауданда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Атауы (қаз.)
Ауданда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27
Қабылданған күні
22.02.2010
Көрсетілген редакция
12.07.2023 · қолданыстағы 51115_643197.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
12.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10TD000155
ЭКБ идентификаторы
51115
Редакция идентификаторы
51115_643197
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:58

0 Ауданда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, аудандық әкімияттың 2008 жылығы 25 ақпандағы № 26 "Исатай ауданының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысына және Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 16 "Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 26 мамырдағы № 137 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Н. Құрманғалиева), аудан көлеміндегі жұмыс беруші кәсіпорындар мен шаруашылық субьектілері басшыларына (келісім бойынша) және селолық округ әкімдеріне:

1) халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына және "Жол картасы" жобасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын құру жұмысын жүргізуді қамтамасыз ету;

2) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған қаражаттың қаржыландыруын қамтамасыз ету ұсынылсын.

2. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын мекемелердің тізбесі бекітілсін.

3. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылатын тұлғаларға аударылатын орташа айлық мөлшері 20000 (жиырма мың) теңге болып белгіленсін.

4. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 86 "Ауданда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" және 2009 жылғы 27 шілдедегі № 126 "Ауданда халықтың аз қамтылған және басқа да нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулыларының күші жойылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.

6. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
"Аманбаев Алмас" шаруа қожалығының
директоры
А. Аманбаев
18.02.2010 ж.
Аудандық пошта байланыс торабының
бастығы
С. Қадірәлі
18.02.2010 ж.
Жеке кәсіпкер
Н. Атауова
18.02.2010 ж.
"Қабдолқызы Зоя" шаруа қожалығының
басшысы
Т. Ахтаев
18.02.2010 ж.
Жеке кәсіпкер
Закарина У.
18,02,2010 ж.
"Забурын" су тазарту қондырғысының
басшысы
Қ. Құсайынов
18.02.2010 ж.
"Болат Д" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
директоры
Н.Қайреденов
18.02.2010 ж.
"Аққыстау су арнасы" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің
директоры
А.Аманбаева
18.02.2010 ж.

9 Аудан әкімдігінің 2010 жылғы

"22" ақпандағы № "27"
қаулысына қосымша
Аудан бойынша әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын кәсіпорын, мекемелер тізбесі

Кәсіпорын, мекемелер атауы
Адам саны (бірлік)
Жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру негізінде
"Жол картасы" жобасы негізінде
1
Жеке кәсңпкер "Закарина У"
(келісім бойынша)
70
2
"Забурын" су тазарту қондырғысы
(келісім бойынша)
5
7
3
Қабдолқызы Зоя шаруа қожалығы
(келісім бойынша)
5
10
4
"Аққыстау су арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
(келісім бойынша)
10
5
"Болат Д" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
(келісім бойынша)
10
6
"Аманбаев Алмас" шаруа қожалығы
(келісім бойынша)
10
7
Аудандық пошта байланыс торабы
(келісім бойынша)
10
8
Жеке кәсіпкер "Атауова Н"
(келісім бойынша)
3
Барлығы
80
60