Об утверждении формы обязательства о представлении органам государственной статистики достоверной государственной статистической отчетности о валовом сборе полученного урожая и ежемесячных его расходах Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімнің жалпы түсімі және оның ай сайынғы жұмсалуы туралы дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беру туралы міндеттеме нысанын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімнің жалпы түсімі және оның ай сайынғы жұмсалуы туралы дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беру туралы міндеттеме нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты белгіленген заңнамалық тәртіппен тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімнің жалпы түсімі және оның ай сайынғы жұмсалуы туралы дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беру туралы міндеттеме
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 22 ақпандағы
№ 107 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімнің жалпы түсімі және оның ай сайынғы жұмсалуы туралы дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беру туралы міндеттеме
20__ «__» ___________
_____________________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің - бюджеттік субсидия алушының
_____________________________________________________________________________
атауы, орналасқан жері,бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке
_____________________________________________________________________________
сәйкестендіру нөмірі))
мемлекеттік статистика органдарына 20__ жылы алынған өнімнің жалпы түсімі және оның
ай сайынғы жұмсалуы туралы дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беруге міндеттенемін.
Осы міндеттемені орындау келесі жылы атаулы субсидиялау бағдарламасына қатысуға
қажетті шарт болып табылады.
Бастық ____________ ________________________
қолы Т.А.Ә.
М.О.