Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 03.05.2005 № 1567 Жарлығымен. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 16 маусымдағы N 3542 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 25, 223-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, этикасы мен моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші жүзеге асыратын кәсіби қызметіне өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмсайды, қоғамға әділ әрі қалтқысыз қызмет етеді деп есептейді. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері сақтауға міндетті жалпы жұрт қабылдаған этика нормалары мен мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерінен туындайтын негізгі мінез-құлық ережелерін белгілейді. Әрбір мемлекеттік қызметші осы Ережелердің сақталуы үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті. 📌 Ескерту. 4-ші абзацпен толықтырылды - ҚР Президентінің 07.05.2002 N 866 Жарлығымен.
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын бұлжытпай жүргізуге;
Тармақша 2
2) Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын бұзуға орайлас әрекеттерге жол бермеуге;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызмет принциптері мен жоғары адамгершілік құндылықтарын ұстануға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік қызметшінің антын сақтауға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
Тармақша 6
6) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан этика нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және тыйым салуға тиіс. 📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 07.05.2002 N 866 Жарлығымен.
Тармақ 2
2. Мемлекеттің өкілі ретіндегі мемлекеттік қызметшінің парызы мен міндеттері:
Тармақша 1
1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтау;
Тармақша 2
2) мемлекет мүдделерін қорғау;
Тармақша 3
3) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) өзінің қызметтік міндеттерін әділ әрі қалтқысыз атқару;
Тармақша 5
5) заңмен белгіленген өзі қабылдаған шектеулерді сақтау;
Тармақша 6
6) қызметтік міндеттерін атқару үстінде өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды жария етпеу;
Тармақша 7
7) мемлекеттік қызметшінің жеке өзіне қатысты мәселелерде шешімдер қабылдауға жауапты адамдардың қызметіне араласпау;
Тармақша 8
8) республиканың беделін түсіретін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуі мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін міндеттемелерді алмау, іс-әрекетке, сөз сөйлеу мен пікір айтуға жол бермеу;
Тармақша 9
9) сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті ұқыпты және үнемді пайдалану, қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) кәсіби және мәдени деңгейін ұдайы арттырып отыру;
Тармақша 11
11) сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл қою болып табылады. 📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 07.05.2002 N 866 Жарлығымен.
Тармақ 3
3. Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттік қызметшілер:
Тармақша 1
1) басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
Тармақша 2
2) олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдікпен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша заңда белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік биліктің беделін, азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге;
Тармақша 4
4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Конституцияда кепілдік берілген құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының өзге тілдеріне, оның әр алуан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
Тармақша 6
6) қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге;
Тармақша 7
7) сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, сынға төзімділікпен қарауға, оң сын-ескертпелерді өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
Тармақша 8
8) негізсіз айыптауларға жол бермеуге;
Тармақша 9
9) сыпайы және әдепті болуға, бағынысты қызметкерлердің жеке басының қадір-қасиеттерін сыйлауға, оларға әділ және сыпайы қарауға міндетті. 📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 07.05.2002 N 866 Жарлығымен.
Тармақ 4
4. Бағыныстылары бар мемлекеттік қызметшілер:
Тармақша 1
1) өзіне бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауға;
Тармақша 2
2) бағынысты қызметкерлерді құқыққа қайшы іс-қылықтар немесе жалпы жұрт қабылдаған этика нормаларымен үйлеспейтін іс-қылықтар жасауға мәжбүр етпеуге.
Тармақша 3
3) бағынысты қызметкерлердің осы Ережелермен таныстырылуы мен олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. 📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 07.05.2002 N 866 Жарлығымен.
Тармақ 5
5. Осы Ережелерде көзделген талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін. 📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 07.05.2002 N 866 Жарлығымен.
Тармақ 6
6. Барлық деңгейдегі әкімдер, осы Ережелерде көзделген қызмет этикасы нормаларын сақтаумен қоса:
Тармақша 1
1) қарапайымдылық танытуға және өзінің жеке өмірінде теріс қоғамдық пікір туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуге;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдарда кадрларды жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
Тармақша 3
3) кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу фактілеріне және жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін сүйемелдеу жағдайларына жол бермеуге міндетті. 📌 Ескерту. 6-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 07.05.2002 N 866 Жарлығымен.