О проведении санитарной очистки, благоустройства и озеленения городов и сел области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың қалалары мен селоларында санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жүргізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды-Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
Облыстың елді мекендерін экологиялық сауықтыру, санитарлық жағдайын жақсарту және жүқпалы ауруларды болдырмау мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. 1999 жылғы сәуірдің 20-нан мамырдың 20-сы және қыркүйектің 10-нан қазанның 10-на дейін облыс аумағында облыстың қалалары мен селоларын санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жөнінде шаралар кешені жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Облыстың қалалары мен селоларын санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жөніндегі облыстық комиссияның
құрамы (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Қалалар, аудандар, селолық округтер, поселкелер және селолар әкімдері:
- осы сияқты комиссияларды жергілікті жерлерде қүрсын; - кәсіпорындарға бекітіліп берілген аумақтарды, елді мекендерді санитарлық тазартуды және көркейтуді уақытында және сапалы жүргізуді қамтамасыз етсін;
-елді мекендердің үлгілі санитарлық жағдайын осы жұмысқа еңбек үжымдарын қатыстыра отырып тұрақты ұстап тұрсын;
-бірыңғай санитарлық және экологиялық күндердің апта сайын өткізілуін қамтамасыз етсін;
- қайта тұрмыстық қалдықтарды төгетін орындарды санитарлық талаптарға сәйкес келтірсін (төгуді, баратын жолдарды жөндеуді), елді мекендердің жанындағы дұрыс ұымдастырылмаған қоқыс токкен жерлерді жойсын;
- қолданылып жүрген зандарға сәйкес санитарлық- гигиеналық нормалар мен ережелерді бүзу фактілері анықталғанда әкімшілік ықпал ету шараларын қолдансын.
- жас екпе ағаштарын отырғызуды қалалар мен аудандардың сәулет қызметтерінің келісімдері бойынша қала құрылысы құжаттарына сәйкес жүзеге асырсын;
- жас екпе ағаштарын тиісті күтуді қамтамасыз етсін суаруды және т.б.);
- айдың әрбір он күні бойынша шаралардың орындалу барысын қарасын;
- айдың 2,12,22 жүлдызына дейін белгіленген үлгіде (қосымша) облыстық инфрақүрылым және қүрылыс департаментіне есеп беріп отырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы (В.И.Подцубный) қалалар мен аудандарды келісім-
шарт негізінде берілген тапсырыстарга сәйкес отырғызатын материалдармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Ж.Ә.Қожмүхаметов) санитарлық тазарту және көркейту айлығын жүргізудің барысын бүқаралық ақпарат қүралдарында үнемі жариялап отырсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В.Мейстерге жүктелсін.
Басқа 7. Қ Ұ Р А М Ы
Қостанай облысы
әкімінің 1999 жылғы 6 сәуірдегі
95 шешіміне 1 қосымша
Облыстың қалалары мен селоларын санитарлық тазарту, көркейту көгалдандыру жөніндегі облыстық комиссияның
Қ Ұ Р А М Ы
В.В.Мейстер - облыс әкімінің бірінші орынбасары,
төраға
В.Ф.Кочин - Қостанай облыстық инфрақүрылым
және қүрылыс департаментінің директоры, төраганың орынбасары
Комиссия мүшелері:
Е.М.Ғалымжанов - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастыгы
А.Д.Кәрімов - облыстық қоршаган ортаны қорғау басқармасының бастығы
Ж.А.Қожмүхамбетов — мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
Ю.А.Моор - облыстық ішкі істер басқармасы бастыгының орынбасары
В.И.Поддубный - облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасының бастығы
Г.Г.Шек - Қостанай облыстық білім департаментінің
директоры
Басқа 8. Е С Е П
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 6 сәуірдегі
95 шешіміне 2 қосымша
Облыстың қалалары, аудандары мен селоларында санитарлық тазарту жүргізу, көркейту және көгалдандыру шараларының орындалу барысы туралы
Е С Е П
Реттік саны
Шаралардың атауы
10 күн ара лығындағы мәлімет
Өспелі жиынтық мәліметтері
1
Ағаштар мен бұталар отырғызылды
2
Дұрыс үйымдастырылмаған қоқыс төгетін орындар жойылды
3
Қоқыс орындары санитарлық нормалармен сәйкестендірілді
4
Жөндеуден өткен, жауып тасталған су құбырлары, канализациялық құдықтар және жылу камераларының люктерінің саны