О мерах по соблюдению действующего законодательства в части порядка ввоза и использования пестицидов в Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысына пестицидтерді әкелу және пайдаланудың тәртібі бөлігіндегі қолданылып жүрген заңдарды сақтау жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 19.11.2004 № 50 шешімімен.
Өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарын әкелу, қолдану және сақтауды тәртіпке келтіру мақсатында және «Адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған орта үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуші стандарттың немесе басқа нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігіне міндетті сертификаттауға жатқызылған өнімдердің (жұмыс, қызметтердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 шілдедегі 1112 Қаулысының негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қостанай облысына өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарын әкелу, өткізу және пайдаланудың тәртібі бекітілсін (қосылып беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарын әкелу, өткізу және пайдалану тәртібін сақтауға бақылау жасау өсімдіктерді қорғау жөніндегі Қостанай облыстық комитетіне (С.С. Хасенов) жүктелсін.
Басқа 3
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 10 мамырдағы
128 шешіміне
қосымша
Қостанай облысына өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарын әкелу, өткізу және пайдаланудың қолданылып жүрген заңдарға сәйкес анықталған ТӘРТІБI
Қостанай облысына өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарын әкелу, өткізу және пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 7 сәуірдегі "Тауарлық биржалар туралы" 2170 Жарлығына ,"Стандарттау және сертификаттау туралы" Заңға, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 18 маусымдағы "Қазақстан Республикасына контрабандалық тауарларды әкелу және Қазақстан Республикасынан әкетуді болдырмауға мемлекеттік бақылауды күшейту туралы" 115-ө өкіміне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 шілдедегі 1112 Қаулысына сәйкес енгізіледі.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Тәртіп Қостанай облысына пестицидтерді (өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарын) әкелу, өткізу және пайдалану жөніндегі бірегей талаптарды шектейді, Қостанай облысына арналған эколоғиялық талаптарға сәйкес келетін пайдалану, сақтау және алып жүру кезінде мемлекеттік стандарттарға және техника қауіпсіздігі ережелерінің міндетті талаптарына сай пестицидтерді сақтау, өткізу және пайдаланудың қауіпсіз шарттарын жасауға ықпал етеді.
Тармақ 1.2
1.2. Осы тәртіп Қостанай облысы аумағына пестицидтерді әкелуді жүзеге асырушы, оларды жеке және көтерме сауда желісі бойынша өткізуші, сондай-ақ пестицидтерді арнаулы көліктің кез-келген түрімен тасымалдауды жүзеге асырушы барлық занды және жеке тұлғалар үшін міндетті.
Тармақ 1.3
1.3. Стандарттар белгілеген экологиялық талаптарга сәйкес келмейтін, міндетті сертификаттық сынақтардан өтпеген пестицидтерді әкелуге, өткізуге және пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 1.4
1.4. Пестицидтерді әкелуді, өткізуді және пайдалануды жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар осы қызметті шектейтін, қолданылып жүрген заңдар белгілеген нормаларды сақтауға, сондай-ақ экологиялық жағдайды қолдау жөніндегі талаптарды, пестицидтерді пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауға міндетті.
Тарау 2. 2. Әкелу, өткізу және пайдалану ережелері
2. Әкелу, өткізу және пайдалану ережелері
Тармақ 2.1
2.1. Пестицидтерге орай жасалған барлық мәмілелер тауар биржасында тіркелген сатып алу-сату келісім-шарттарымен рәсімделуте тиіс.
Тармақ 2.2
2.2. Пестицидтерді әкелу кеден арқылы пестицидтерді тасымалдаудың талаптарына сай келетін көліктермен жүзеге асырылады.
Тармақ 2.3
2.3. Қостанай облысы аумағына пестицидтерді әкелуге Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты болғанда ғана рұқсат етіледі. Олай болмаған жағдайда сертификаттық сынақ өткізгенше уақытша сақтау қоймаларында сақталады. Пестицидтерді сақтау және сертификаттау өткізу шаруашылық субъектілер есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 2.4
2.4. Шаруашылық жүргізуші субъектілер пестицидтерді өткізуге Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты және пестицидтердің әр тобына сертификаттық сынақ өтілгенінің хаттамасы болған жайдайда ғана құқылы болады.
Тармақ 2.5
2.5. «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» ЖАҚ жәрдем қаржы алатын және облыста қолданылатын пестицидтер "Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" Қостанай мемлекеттік кәсіпорнында қосымша сертификатталуға міндетті.
Тармақ 2.6
2.6. Пестицидтердің сапасын тексеру мақсатында сынама іріктеуді сәйкесті бақылау қызметінің қызметкерлері жүргізеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілер пестицидтерге кедергісіз ілеспе құжаттар және сынамалар беруге міндетті.
Тармақ 2.7
2.7. Тіркелген лабороторияда сертификаттау және сертификаттық сынақтар өткізу шығындары шаруашылық жүргізуші субъектілерге жүктеледі.
Тармақ 2.8
2.8. Пестицидтерді босатуға, сақтауға және өткізуге жауап беретін кісілер техника қауіпсіздігінің қолданылып жүрген ережелері бойынша оқудан өтуге және жұмысқа жіберуге рұқсат ететін сәйкесті куәлік алуға міндетті.
Тарау 3. 3. Пестицидтерді сақтау және тасымалдау ережелері
3. Пестицидтерді сақтау және тасымалдау ережелері
Тармақ 3.1
3.1. Пестицидтерді сақтау үлгілі жобалар бойынша арнаулы салынған немесе сол үшін ыңғайластырылған, санитарлық-гигиеналық және техника қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сай әрі сақтау құжаты бар қоймаларда ғана жүзеге асырылуға тиіс.
Тармақ 3.2
3.2. Пестицидтерді минералдық тыңайтқыштармен, азық-түлікпен, жеммен және түрлі шаруашылық заттарымен бірге сақтауға әрі тасымалдауға тыйым салынады.
Тармақ 3.3
3.3. Пестицидтерді әкелу және сақтау тиісті нормативтік-техникалық құжаттары және міндетті белгісі бар ыдыста жүзеге асырылуға тиіс.
Тармақ 3.4
3.4. Пестицидтерді тасымалдау арнаулы көлікпен жүзеге асырылуға тиіс.
Тарау 4. 4. Жауапкершілік
4. Жауапкершілік
Тармақ 4.1
4.1. Әкелінетін, өткізілетін және пайдаланылатын пестицидтер экологиялық талаптарға, ГОСТ нормаларына, техника қауіпсіздігіне, сәйкестік сертификатына сәйкес емес деп танылған жағдайда сәйкесті комиссияның "Өндірістік улы қалдықтарды ұқсату, залалсыздандыру және көшу туралы" ССРО Министрлер Кеңесінің 1984 жылғы 3 мамырдағы 394 Қаулысында қарастырылған тәртібінің шешімі бойынша көмілуге тиіс.
Тармақ 4.2
4.2. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген химиялық заттар тізімінде тіркелмеген пестицидтерге талдау жасағанда және оларды тапқанда уәкілетті кісілерге кедергі келтірген жағдайда олардың тиісті шешім қабылдағанға дейін пестицидтерді өткізу және пайдалануды тоқтата тұруға құқы бар.
Тармақ 4.3
4.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілер осы тәртіпті бұзған, бақылау жасаушы органдардың талаптарын орындамаған жағдайда бақылаушы органдар мәселені қарайды немесе заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тарту туралы тиісті органдарға өтініш түсіреді.
Тармақ 4.4
4.4. Осы тәртіптің шарттарының бұзылуын уәкілетті кісілер, сондай-ақ нақылы құжаттық мәліметтер негізінде анықталуы мүмкін.