Құжат мәтініне өту

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қаулы · № 8 · қабылданған 27.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 06.12.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-51171/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 8 ·27.01.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

ҚАЗҰлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 8 · қабылданған 27.01.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8
Қабылданған күні
27.01.2010
Көрсетілген редакция
06.12.2011 · қолданыстағы 51171_215752.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
06.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DM000110
ЭКБ идентификаторы
51171
Редакция идентификаторы
51171_215752
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:12

0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14 тармақшасына және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабын басшылыққа ала отырып және Кербұлақ ауданы мәслихатының 2009 жылдың N 15-107 "Кербұлақ ауданының 2009 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімінің негізінде аудандағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету жөнінде қосымша шаралар енгізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1 1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын-үй коммуналдық қызметтері бойынша жеңілдіктер аудан бюджетінің есебінен 2010 жылға қабылдансын.

2 2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын-үй коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдіктер қосымшада көрсетілген нормалар шегінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3 3. Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Айгүл Тұрдахунқызы Диханбаева) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын-үй коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктердің төленуін қамтамасыз етсін.

4

4. Кербұлақ аудандық әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 12 ақпанында N 2-13-87 болып тіркелген (аудандық "Кербұлақ жұлдызы" басылымында 2009 жылдың 10 сәуіріндегі N 15 санында жарияланған) Кербұлақ аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" N 11 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Болысбай Тоғысбайұлы Момбаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Кербұлақ ауданының әкімдігінің

2010 жылғы 27 қаңтардағы
N 8 "Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектерін
әлеуметтік қорғау жөніндегі
қосымша шаралар
туралы" қаулысына
қосымша
Суық су – 1 адамға х 52,01 теңге х 12 ай =624 теңге х 17 адам =10608;
Газ – 1 адамға х 1400 теңге х 12 ай = 16800 теңге х 17 адам =285600;
Электро жарық 45 кВт 1 адамға х 12,32 тиын х 12 ай =6648 теңге х 17 адам =113016;
Көмір жылына 1 рет 1 тонна 17 адам х 6800 теңге =115600 теңге.