Об организации бесплатного питания для воспитанников государственных дошкольных организаций образования Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік мектепке дейінгі білім ұйымдарының тәрбиеленушілері үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңының 12-бабына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, 8-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 2-бабы 1-тармағына, "Лисаков қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджетi туралы" Лисаков қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 271 шешiмiне сәйкес, Лисаков қаласы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2010-2012 жылдарға арналған қаланың мемлекеттік мектепке дейінгі білім ұйымдарында тәрбиеленушілердің мынадай санаттарын тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын: кедейшілік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыларының балалары; жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедек балалар; көп балалы отбасылардың балалары.
Тармақ 2
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi мемлекеттік мектепке дейiнгi білім ұйымдарында ата-аналарына немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғаларға мемлекеттік мектепке дейінгі білім ұйымдарында орны бар бір жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды тегiн тамақтандыруға баланың мәртебесін растайтын құжаттар негiзiнде жолдама берсін: кедейшілік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыларының балаларына - "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің анықтамасы; жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - "Лисаков қаласы әкімдігінің бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің қорғаншылық және қамқоршылық органының анықтамасы; даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға–психология–медицина - педагогикалық консультациясының қорытындысы; мүгедек балаларға – медицина-әлеуметтік–сараптама комиссиясының анықтамасы; көп балалы отбасылардың балаларына – балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі.
Тармақ 3
3. "Лисаков қаласы әкімдігінің бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесі берілген жолдамаларды есепке алсын.
Тармақ 4
4. "Лисаков қаласы әкімдігінің бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мектепке дейінгі білім ұйымдарының бюджетін қалыптастыру кезінде балалардың тегін тамақтандырылуына қаражат көздесін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған іс-әрекетке қолданылады. КЕЛІСІЛДІ "Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі" ММ бастығы ______________ Е. Бурдыка "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы ______________ Г. Бермухамбетова