О переименовании переулка Спортивного и присвоении ему имени Н. Калмыкова Қолданыста
Басқа 0
Спортивный тұйық көшесінің атын өзгерту және оған Н. Калмыковтың атын беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, қалалық ономастикалық комиссиясының шешімінің негізінде, Спортивный тұйық көшесі тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, соғыс ардагері, батыр-фронтовик, Балқаш қаласының Құрметті азаматы, үш Даңқ ордендерінің иегері Николай Павлович Калмыковтың еңбегін бағалай отырып қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТТІ және қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Спортивный тұйық көшесінің аты өзгертілсін және оған Н. Калмыковтың аты берілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.М. Түкбаеваға және қалалық мәслихаттың бюджет, заңдылық және азамат құқығы, экономика, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы жүктелсін (Е.К. Баймағанбетов).
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.