Атырау қаласындағы жаңадан құрылған көшелерге атау беру және Томарлы селосындағы кейбір көшелердің атын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау қаласындағы жаңадан құрылған көшелерге атау беру және Томарлы селосындағы кейбір көшелердің атын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабы 4 тармағын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ және Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төменде көрсетілген Атырау қаласы көшелері:
Тармақша 1
1) Атырау мөлтек ауданындағы № 5 көше – Нұрлыбек Шманов;
Тармақша 2
2) Атырау мөлтек ауданындағы № 9 көше – Куби Құспанов;
Тармақша 3
3) Атырау мөлтек уданындағы № 26 көше – Сабыр Қағазов;
Тармақша 4
4) Атырау мөлтек ауданындағы № 59 көше – Мұқан Сүйесінов;
Тармақша 5
5) Атырау мөлтек ауданындағы № 60 көше – Ағайынды Шәудіровтер;
Тармақша 6
6) Атырау мөлтек ауданындағы № 61 көше – Сабырғали Зорбаев есімдерімен аталсын.
Тармақ 2
2. Атырау қаласына қарасты Томарлы селосындағы:
Тармақша 1
1) Комсомольский көшесі – Болат Ермұқанов;
Тармақша 2
2) Гидрогелогия көшесі – Аманжол Оралов көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.