Положение об административных комиссиях Комитета по ценовой и антимонопольной политике Агентства по статегическому планированию и реформам Республики Казахстан и его территориальных органов Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің әкімшілік комиссиясы құрылуы туралы Қазақстан Республикасының "Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Өкіметінің 1997 жылдың 18 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің сауалдары" N 1779 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдарындағы әкімшілік комиссияларының Ережесі бекітілсін (қоса беріліп отыр). 2. Монополияға қарсы заңдарды, тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңдарын және баға тәртібін бұзу туралы істерді қарау жөнінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің Әкімшілік комиссиясы құрылсын. 3. Әкімшілік комиссия келесі құрамында бекітілсін: Құрманғалиев С.Ш. - Комиссия төрағасы, Комитет Төрағасының орынбасары; Нұрабаева А.К. - Комиссия төрағасының орынбасары, Қадағалау басқармасының бастығы; Цой О.В. - Комиссия хатшысы, Қадағалау басқармасының бас маманы; КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ: Есімова Г.С. - Бәсекелестікті дамыту басқармасы бастығының орынбасары; Жанаев А.К. - Тұтынушылардың құқығын қорғау және тұрғын-үй реформалары басқармасы бастығының орынбасары; Григорьева С.П. - Табиғи монополияларды реттеу басқармасы бастығының орынбасары.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi мен оның аумақтық органдарындағы Әкiмшiлiк комиссиялары туралы ЕРЕЖЕ
Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетiнiң 1998 жылдың 3 ақпанында N 14 бұйрығымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi мен оның аумақтық органдарындағы Әкiмшiлiк комиссиялары туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Бұл Ереже қолданылымдағы заңдарға сәйкес Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi мен оның аумақтық органдарының (бұдан әрi "Комитет") бағынысындағы Әкiмшiлiк комиссияларының (бұдан әрi - "Комиссиялар") жұмысы мен баға жөнiндегi және монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың заңды құқықтарының (бұдан әрi "монополияға қарсы заңдардың) бұзылуы туралы iстердi қараудың тәртiбiн белгiлейдi және айқындалған заң бұзушылықтар. Жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бойынша iс қарап, тиiстi шешiмдер қабылдаудың тәртiбi мен мерзiмiн реттейдi. Комиссиялардың басты мiндетi-жоғарыда көрсетiлген санаттағы iстердiң дер кезiнде толық және әрi объективтi қаралуын қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. Комиссиялар өз қызметiнде Қазақстан Республикасының "Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Заңын, "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi туралы" Ереженi, Қазақ КСР-ның Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Кодексiн, басқа да заңдық және нормативтiк актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссиялар Комиссия төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары, Комиссия мүшелерi және Комиссияның жауапты хатшысы құрамында құрылып, iс-қимыл жасайды.
Тармақ 3.1
3.1. Комиссия төрағасы: Комиссия жұмысын басқарады, Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жауап бередi; Комиссиялардың мәжiлiстерiнде төрағалық етедi; қаралатын iстер бойынша Комиссия хаттамалары мен қаулыларына қол қояды.
Тармақ 3.2
3.2. Комиссия мүшелерi: Комиссияның жұмысына қатысады және Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жауап бередi; қаралатын iстер бойынша Комиссия қаулыларына қол қояды.
Тармақ 3.3
3.3. Комиссияның жауапты хатшысы: Комиссияның жұмысына қатысады және Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жауап бередi; Комиссияның мәжiлiстерiнде қарау үшiн материалдар әзiрлейдi; Комиссияның мәжiлiсiн өткiзудiң ұйымдық мәселелерiн шешедi; Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасын жүргiзедi; Комиссияның хаттамаларына, анықтамаларына және қаулыларына қол қояды; iстi қарауға қатысушы адамдарға мәжiлiс өткiзiлетiн орын және оның уақытын хабарлайды; Комиссияның iс қағаздарын жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Комиссия 5 адамнан кем болмайтындай болып құрылады.
Тармақ 4.1
4.1. Лауазым бойынша Комиссия төрағасы ретiнде құқықтық сұрақтарды басқаратын Комитет төрағасының орынбасары, ал ол болмаған жағдайда - Комиссия төрағасының орынбасары болады.
Тармақ 4.2
4.2. Өз жұмысының түрi бойынша Комитет қызметiнiң басты бағыттарының бiрiмен айналысушы Комитет қызметкерлерi Комиссияның мүшелерi бола алады.
Тармақ 4.3
4.3. Комиссияның жауапты хатшысы Комитеттiң заң бiлiмi бар қызметкерi болуы керек.
Тармақ 4.4
4.4. Комиссияның жеке құрамын Комитет төрағасы бекiтедi.
Тармақ 5
5. Аумақтық комитеттердiң комиссиялары осы Ережеде белгiленген тәртiппен 5 адамнан құрылады.
Тармақ 6
6. Комитеттiң уәкiлдi қызметкерiнiң Қазақ КСР-ның Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Кодексiнiң талаптарына сәйкес жасаған әкiмшiлiк құқық бұзу туралы хаттамасы монополияға қарсы заңдардың бұзылуы жөнiндегi iстердi қарау үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 7
7. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде Комиссияның жауапты хатшысы: Белгiлi бiр iстi қарау Комиссияның құзырына жата ма; iстiң хаттамасы мен өзге материалдары дұрыс әзiрленген бе; алдын ала реттеу үшiн шаралар қолданған ба; қажеттi қосымша материалдар сұратылған ба; жауапқа тартылушы, зәбiрленушi адамның немесе олардың заңды өкiлдерiнiң өтiнiштерi қанағаттандырылуға немесе қабылдамай тастауға жата ма; iстi қарауға қатысушы адамдардың тiзiмiн, қаралу уақыты мен оның орнын белгiлеу мәселелерiн айқындайды.
Тармақ 8
8. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы iстер туралы жауапқа тартылушы адамның қатысуымен қаралады. Жауапқа тартылушы адамның қатысуынсыз iстi мына жағдайларда: iстiң қаралу уақыты мен орны туралы оған уақытында хабарланғаны жайында дерек болса және оның Комиссияның мәжiлiсiне келмеу себептерi туралы мағлұмат болмаса не Комиссия келмеу себептерiн дәлелсiз деп таныса, қарауға болады.
Тармақ 9
9. Комиссия iстердi қажетiне қарай өткiзiлетiн мәжiлiстерде қарайды, бiрақ бұл әкiмшiлiк құқық бұзу туралы хаттама және iстiң басқа материалдары қолға тиген соң 15 күн мерзiмiнен кешiктiрiлмеуi тиiс.
Тармақ 10
10. Белгiлi бiр жағдайлар анықтағанша iстiң шын мәнiсiнде қаралуы мүмкiн болмаған жағдайда Комиссия iстiң қаралуын тоқтата тұруы мүмкiн. Iстiң қаралуын тоқтата тұру туралы қаулы (үлгiсi қоса берiлiп отыр) шығарылып, оған Комиссияның мәжiлiсiне қатысушы барлық мүшелерi қол қояды.
Тармақ 11
11. Iстi қарау оны қарайтын Комиссияның құрамын жариялаудан басталады, сонан соң мәжiлiсте төрағалық етушi қандай iс қаралуға жататынын,әкiмшiлiк жауапкершiлiкке кiм тартылатынын хабарландырады, iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi. Бұдан кейiн iстi қарау төмендегi тәртiппен басталады: әкiмшiлiк құқық бұзу туралы хаттама жарияланады; iске қатысушы адамдардың өтiнiштерi мәлiмденедi және жарияланады; жауапкершiлiкке тартылушы адамның түсiнiктемелерi тыңдалады; куәлердiң жауаптары тыңдалады; дәлелдер зерделiнедi; iске прокурор қатысса, оның тұжырымы тыңдалады; iс бойынша қаулы шығарылады.
Тармақ 12
12. Комиссия баға жөнiндегi және монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың заңды құқықтарының әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс қаралған кезде: баға жөнiндегi және монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың құқықтарының әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы орын алды ма; жауапкершiлiкке тартылушы адам осындай құқық бұзылу iсiнде кiнәлi ме және ол әкiмшiлiк тұрғыдан жауапкершiлiкке жата ма; белгiлi бiр әкiмшiлiк құқық бұзу үшiн жауапкершiлiктi жеңiлдететiн немесе ауырлататын жағдайлар бар ма; белгiлi бiр әкiмшiлiк құқық бұзу мүлiктiк зиян келтiрдi ме деген мәселелердi айқындауға мiндеттi. Сол сияқты, Комиссия iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар басқа да жағдайларды айқындауға мiндеттi.
Тармақ 13
13. Кез келген нақты деректер, солардың негiзiнде Комитет талаптарын немесе қарсылықтарын дәлелдейтiн жағдаяттардың бар-жоғын анықтайды, сондай-ақ iстiң дұрыс қаралуы үшiн маңызы бар басқа да фактiлер баға жөнiндегi және монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың заңды құқықтарының әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс қарау бойынша айғақтама болып табылады. Айғақтамалар жазбаша түрде де, сол сияқты, көру-тыңдау және өзге материалдарды, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын, тараптар өкiлдерiнiң түсiнiктемелерiн, сондай-ақ, сарапшылар мен құзырлы органдардың тұжырымдарын қоса алғанда, заттай түрде де болуы мүмкiн. Актiлер, хаттар, түсiнiктемелер, мағлұматтар және iстiң дұрыс қаралуы үшiн маңызды жағдаяттары бар басқа да материалдар жазбаша айғақтамалар болып табылады. Iс үшiн маңызы бар айғақтамалар ғана қарауға қабылданады.
Тармақ 14
14. Арнайы бiлiмдi талап ететiн iстi қарау кезiнде туындайтын мәселелерге түсiнiк беру үшiн Комиссия сараптама тағайындайды. Сарапшының тұжырымы Комиссияға жазбаша түрде тапсырылады, тараптарға көшiрмелер берiлуi мүмкiн.
Тармақ 15
15. Комиссия монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс қараған кезде хаттама (үлгiсi қоса берiлiп отыр) жүргiзiлiп, онда: мәжiлiстiң уақыты мен орны; iс қараушы органның атауы мен құрамы; қаралатын iстiң мазмұны; iстi қарауға қатысушы адамдар туралы мағлұматтар, олардың өтiнiштерi; iстi қарау кезiнде зерттелген құжаттар мен заттай айғақтамалар; қабылданған қаулыны жариялау туралы мағлұматтар және оған шағым берудiң тәртiбi мен мерзiмiнiң түсiнiктемелерi көрсетiледi. Хаттамаға мәжiлiсте төрағалық етушi мен Комиссияның хатшысы қол қояды.
Тармақ 16
16. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iстi қарап, Комиссия iс бойынша қаулы (үлгiсi қоса берiлiп отыр) шығарады. Қаулыда: қаулы шығарған Комиссияның атауы; iстiң қаралған күнi, айы, жылы; iс қаралушы адам туралы мағлұматтар; iс қарау барысында анықталған жағдаяттардың мазмұндамасы; белгiлi бiр әкiмшiлiк құқық бұзу үшiн жауапкершiлiктi көздейтiн нормативтiк актiнiң нұсқамасы; iс бойынша қабылданған шешiм; қаулыға шағым берудiң тәртiбi мен мерзiмi көрсетiлуi тиiс. Қаулы iстi қарауға қатысушы Комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданылады. Iстi қарауға қатысқан Комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қояды.
Тармақ 17
17. Баға жөнiндегi және монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың заңды құқықтарының әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iстi қарап, Комиссия төмендегi әкiмшiлiк жазаны қолдана алады: қолданымдағы заңдарға сәйкес айыппұл салу құқығы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгінiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетiне берiлген жағдайда айыппұл салынады; Қазақ КСР-ының әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Кодексiнiң 240, 241 баптарында көзделген жағдайларда iстiң қаралуын тоқтату туралы қаулы шығарылады.
Тармақ 18
18. Қаулы iстi қарау аяқталысымен дереу шығарылады. Қаулының көшiрмесi өзi туралы қаулы шығарылған адамның қолына үш күн iшiнде табыс етiледi не оған жiберiледi. Қаулының көшiрмесiн тиiстi адам қол қойып өзi алады немесе ол Комитет хатшылығы арқылы тiркелу жолымен жөнелтiледi.
Тармақ 19
19. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс бойынша сот арқылы шағым беру мен қарсылық бiлдiру Қазақ КСР-ның әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Кодексiне сәйкес жүзеге асырылады. Монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы iстер бойынша аумақтық Комитеттердiң Комиссияларының қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi Комитетi Комиссиясына, ал бұл Комиссияның шешiмдерiне - Комитет Төрағасына шағым беруге болады.
Тармақ 20
20. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс бойынша Комиссияның қаулысын мемлекеттiк, қоғамдық органдар, шаруашылық жүргiзетiн субъектiлер, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi. 21. Қаулы ол шығарылған сәттен бастап орындауға жатады. Қаулыға шағым берiлген немесе қарсылық бiлдiрiлген жағдайда шағым немесе қарсылық қанағаттандырылмай қалған соң қаулы орындалуға жатады. 22. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс бойынша Комиссия қаулысының орындалуы әкiмшiлiк жазалар (үлгiсi қоса берiлiп отыр) белгiлеу туралы қаулыны орындау үшiн Қазақ КСР-ының Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Кодексiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. 23. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс бойынша қаулының орындалуына осы қаулыны шығарған Комиссия бақылау жасайды. 24. Комиссияларды материалдық қамтамасыз ету iсiн Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады. 25. Комиссиялар өз жұмысында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi мен оның аумақтық органдарының бланктерiн, мөртаңбалары мен мөрлерiн пайдаланады. ҮЛГI ________________________ ________________________ ________________________ Бiрiншi басшысына N 2____ Шақыру қағазы 199___ жылғы "___"_______________ "__________" сағатта Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетiнiң монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы iстердi қарайтын Әкiмшiлiк комиссиясының мәжiлiсiне шақырыласыз /құқық бұзушы ретiнде/. Мiндеттi түрде келу керек. Мекен-жай: Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесi, 65/69-үй, N____ кабинет, телефон: Комиссия хатшысы --------------------------------------------------------------- N____ Шақыру қағаздың түбiршегi 199___ жылғы "____"_____________"___" сағатта табыс етiлдi. Алдым: ________________________________________________________ (тегi, аты-жөнi, лауазымы, қолы) _______________________________________________шақыру қағазын алудан бас тартуына байланысты шақыру қағазы 199___жылғы "___"____________ почта арқылы арнайы хатпен, хабар беру жолымен жөнелтiлдi. (керексiзi сызылып тасталсын) Почта түбiртегiнiң N ______________ 199___жылғы "___"__________________ N ___ ХАТТАМА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢДАРДЫҢ БҰЗЫЛУЫ ТУРАЛЫ 199___жылғы_"____"______________ Алматы қаласы Мен,_____________________________________________________ (хаттама жасаған Комитет қызметкерiнiң тегi, ______________________________________________________________ аты-жөнi) Қазақ КСР-ның Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Кодексiнiң 248, 248-1, 261 баптарына сәйкес _____________________________________________________________ (заң бұзушының тегi, аты-жөнi) _____________________________________________________________ (заң бұзушылықтың мазмұны, оның жасалған орны мен уақыты) _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ туралы осы хаттаманы жасадым. ______________________________________________iс-әрекеттерiнде (заң бұзушының тегi, аты-жөнi) _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ (заңдарға, қаулыларға сiлтеме) бабында көзделгендей құқық бұзушылық нышандары бар. _____________________________________________________________ (заң бұзушы туралы мағлұматтар) жасаған монополияға қарсы заңдардың бұзылуын_________________ _____________________________________________________________ Қоса берiлiп отырған материалдар: _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ айғақтайды. Хаттама жасалады_____________ Баға және монополияға қарсы қолы саясат жөнiндегi комитет қызметкерiнiң тегi, аты-жөнi Құқық бұзушы_______________ Құқық бұзушының тегi, қолы аты-жөнi Куәлер ___________________ Куәлердiң тегi, аты-жөнi ___________________ ___________________ Зәбiр шегушiлер: Зәбiр шегушiлердiң тегi, _____________________ аты-жөнi _____________________ Хаттама екi дана болып жасалды, бiр данасы құқық бұзушыға табыс етiлдi. Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетiнiң Әкiмшiлiк комиссиясы қаулысының көшiрмесiн алу туралы ҚОЛХАТ N____ iс бойынша 199___ жылғы "_____"__________________ қаулының көшiрмесiн алдым. ________________________________________________________ (тегi, аты-жөнi, қолы) 199___ жылғы "_____"___________________ Қаулының көшiрмесi ________________________________________________________ (алушы адам) 199___ жылғы "____"_____________ почта арқылы жiберiлдi, түбiртек N _______ Үлгі Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы N ____ iс Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс бойынша ҚАУЛЫ 199___жылғы_"____"______________ Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетiнiң Әкiмшiлiк комиссиясы Қазақ КСР-ның Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Кодексiнiң 269-279 баптарының негiзiнде ашық мәжiлiсте монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы N ___ iстi қарап, былай деп белгiледi: _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ (жауапқа тартылушы адамның тегi, аты-жөнi) Тұрғылықты орны _____________________________________________ Жұмыс орны мен лауазымы _____________________________________ 199___жылғы "___" __________ ______________________________ (iстi қарау барысында анықталған _____________________________________________________________ жағдаяттардың мазмұндамасы) _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ сөйтiп ол Қазақ КСР-ның Әкiмшiлiк құқық бұзу Кодексiнiң 193-3 бабын бұзды _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ Жоғарыда баяндалғанның негiзiнде, Қазақ КСР-ның Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Кодексiнiң 21,24,32,193-3 баптарын басшылыққа алып, Комиссия Қаулы етедi: _____________________________________________________________ (құқық бұзушының тегi, аты-жөнi) _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ түрiнде әкiмшiлiк жаза белгiленсiн. Бұл қаулыға ол шығарылған күннен бастап 10 күн iшiнде _____________________________________________________________ (органның атауы) шағым беруге болады. Комиссия Төрағасы _______________________ Комиссия төрағасының орынбасары _______________________ Комиссия хатшысы _______________________ Комиссия мүшелерi _______________________ _______________________ _______________________ _______________________ Үлгі Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы N ____ iс Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясаты комитетiнiң Әкiмшiлiк комиссиясы мәжiлiсiнiң ХАТТАМАСЫ 199___жылғы_"____"______________ Алматы қаласы Комиссия:_______________________________________________ бар Комиссия мүшелерiнiң құрамында: _____________________________________________________________ (қаралатын iстiң мазмұны) _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ фактiсi бойынша iс қарады. Iстi қарауға қатысушылар: жауапқа тартылушы адам__________________________________ (тегi, аты-жөнi) Сарапшылар______________________________________________ (тегi, аты-жөнi) _____________________________________________________________ басқа адамдар (зәбiр шегушi, заңды өкiл, қорғаушы) аудармашы, прокурор___________________________________________ _____________________________________________________________ Iстi қарауға қатысушы адамдардың өтiнiшi: _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ Өтiнiштердi қараудың нәтижелерi:________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ Iстi қарауға қатысушы адамдардың түсiнiктемелерi, жауаптары, тұжырымдары мен сөйлеген сөздерi: _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ Iстi қарау барысында зерттелген құжаттар мен заттай айғақтамалар_________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ Iстi қарау барысында зерттелген құжаттар мен заттай айғақтамалар ________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ Iстi қарау аяқталысымен Комиссия қаулы қабылдап, ол жарияланады. Сол сияқты қаулыға шағым берудiң тәртiбi мен мерзiмi түсiндiрiлдi. Мәжiлiс Төрағасы: Мәжiлiс хатшысы: ҮЛГI Монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы ауызша арыз беру ХАТТАМАСЫ Күнi__________ Уақыты________ Орны____________ Мен, __________________________________________________ (қызметкердiң тегi, аты-жөнi, лауазымы) ____________________________________________________________ _____________________________Заңының___________бабына сәйкес азамат _____________________________________________________ (тегi, аты-жөнi) ___________________ __________________________________ (туған жылы) (туған жерi) ____________________________________________________________ (тұратын мекенi) ____________________________________________________________ (төл-құжат мәлiметтерi) ____________________________________________________________ (жұмыс, оқу орны) Арыз мазмұны___________________________________________ ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ Осымен қатар азамат ________________________ескертiлдi. ҮЛГI ______________________ ______________________ ______________________ Қазақ ҚСР-ның Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Кодексiнiң 302 бабына сәйкес _______________________________________________ (тегi, аты-жөнi) айыппұл салу туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетiнiң "___" _________ 199 __ ж. N________ Қаулысын лажсыз орындату үшiн бағытталып отыр. Айыппұл толық өтелген соң Қаулының орындалғаны туралы белгi соғып Комиссияға қайтару қажет. Комиссия Төрағасы