Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудің есеп айырысу мөлшерін бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудің есеп айырысу мөлшерін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудің есеп айырысу мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 798
- Қабылданған күні
- 17.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2011 · қолданыстағы AI51303_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10LE000124
- ЭКБ идентификаторы
- 51303
- Редакция идентификаторы
- AI51303_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:01
0 Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудің есеп айырысу мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудің есеп айырысу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевқа жүктелсін.
3 3. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы "Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудің 2010 жылға арналған есеп айырысу мөлшерлемесін бекіту туралы" N 740 қаулысы жойылсын.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5 Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
"17" ақпан N 798 қаулысымен
бекітілген қосымша
Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудің есеп айырысу мөлшері мен коэффициенттер
1 1. Бір жылға, 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі - 1,5 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК)
2 2. Аудандық коммуналдық меншіктегі тұрғын үй емес қордың объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға берудегі жалдау ақысын есептеу кезінде төмендегі коэффициенттер қолданылады:
р/с
Қолданылатын коэффициенттер түрі
Коэффициент-тер мөлшері
1.
Құрылыстың тұрпатын ескеретін коэффициент
кеңселік
1,0
өндірістік
0.8
Қоймалық, буқазандық
0,6
Басқалары үшін:
0.9
2.
Тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент.
Бөлек тұрған:
1,0
Кірістірме-жапсарлас бөлігі:
0,9
Цокольдік(жартылай өжіре) бөлігі:
0,8
Өжіре бөлігі
0.7
3.
Жайдың жайлылық денгейін ескеретін коэффициент (КЖ):
Барлық инженерлік-техникалық коммуникациямен жабдықталған жай үшін коммуникацияның қандай бір түрі жоқ болған жағдайда әрбір түрі үшін 0,1 азаяды.
1,0
4.
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент:
Аудан орталығы үшін
Аудан орталығының шет аймағы үшін:
Аудан орталығы емес қыстақтар, ауылдар үшін:
5.
Жалға алушының қызмет түрін ескертетін коэффициент
Банктердің "Казпошта" АҚ есеп айрысу-кассалары үшін:
2,0
Брокерлік және кедендік қызметтер, айырбастау пунктері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық және адвокаттық кеңселер үшін:
3,0
Қоғамдық тамақтандыру, сауда, қонақ үйі қызметтерін ұйымдастыру үшін:
2,5
Мына салаларда қызмет ұйымдастыру үшін:
жоғары білім беру
1,1
орта білім беру
0,9
мектепке дейін білім беру
0,8
Орта және арнаулы орта білім беру орындарында, мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында тамақтандыру қызметін ұйымдастыру үшін:
0,9
6.
Жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент
мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін:
1,3
сауда-сатып алу(делдалдық) қызметтерді санамағанда өндірістік және халыққа қызмет көрсету саласын ұйымдастырған шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін:
1,2
Жеке кәсіпкерлер үшін:
1,1
Акцияларының (қатысу үлестері) елу және одан астам пайызы немесе бақылау пакеті мемлекетке тиесілі және бюджеттік бағдарламаларды орындаудан 90 пайыздан кем емес табыс түсіретін акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін:
0,8
Мемлекеттік кәсіпорындар үшін:
0,7
Республикалық мемлекеттік мекемелер, қайырымдылық, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар үшін
0,5
3 3. Жабдықтар, машиналар және басқа да техникалар түріндегі негізгі қорлар үшін жалға алу төлемі негізгі қорларының құнын жылдық индекстеуін ескере отырып қалдық құнының 10% мөлшері болып белгіленсін.
4 4. Инфляция коэффициенті тұтыну бағасы индексіне сәйкес жылда өзгереді.
Ескертпе:
1 1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын үй емес қордың объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жылдық жалдау ақысын есептеу төмендегідей жүзеге асырылады:
Жа=Еа х А х Ктұр х К түр х Кж х Ка х Кқ х Кұк
Бұл жерде:
Жа - жалға алынған алаңның жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі;
Еа - 1 шаршы метрге жылдық жалдау акысының есеп айырысу мөлшерлемесі, теңгемен;
А - жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Ктұр - жайдың тұрпатын ескеретін коэффициент;
Ктүр - тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кж - жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент;
Ка - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Кқ - жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Кұқ - жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
2 2. Жабдықтар және автокөлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жалдау ақысы мына формула бойынша есептеледі:
Жа=Қк х Nаm /100 х Кт
Бұл жерде:
Жа - жабдықтар және көлік құралдарына жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Ққ - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
Есептелген тозуы 100 пайыз болған жабдықтар және көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде, олардың қалдық құны алғашқы құнынан (қалпына келтірілген) 10 пайыз мөлшерде алынады;
Nam - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кт - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдарының тозу құны алпыс пайыздан асқан кезде - 0,8 мөлшерде, сауда - сатып алу (делдалдық) қызметтерді санамағанда, өндірістік қызмет және халыққа қызмет көрсету саласын ұйымдастырған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне берген кезде - 0,5).