О создании конкурсной комиссии по организации и проведению конкурсов по допуску предприятий к диагностированию технического состояния транспортных средств перед техническим осмотром Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға кәсіпорындарға рұқсат ету жөнінде конкурстарды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде конкурстық комиссия құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 17 ақпандағы № 392 қаулысымен. "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi № 29 Заңына  сәйкес және "Қазақстан Республикасында көлік құралдарына мемлекеттiк техникалық байқауды өткiзудi жетiлдiру жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 тамыздағы № 1206 қаулысын  орындау тұрғысында және жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, бәсекелестiктi қорғау және техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау жөнінде нарықтық қызмет көрсетудi реттеу мақсатында ШЕШIМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының Әкiмi жанында техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға кәсiпорындарға рұқсат ету жөнінде конкурстарды ұйымдастыру мен өткiзу жөнінде конкурстық комиссия құрылсын (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға кәсiпорындарға рұқсат ету жөнінде конкурс ұйымдастыру жөніндегi Ереже бекiтiлсiн (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. "Жолаушылар көлігiнде жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегi шаралар туралы" облыс Әкiмiнiң 1996 жылғы 28 тамыздағы № 1-157 өкiмi күшiн жойды деп саналсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсiн.
Басқа 5. "Техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға кәсiпорындарға рұқсат ету жөнінде конкурстарды ұйымдастыру мен өткiзу жөніндегi конкурстық комиссияның
Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 2000 жылғы 20 қаңтардағы шешiмiне № 1 қосымша 📌 Ескерту. № 1 қосымшаға өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2001.02.21 № 994 шешімімен . "Техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға кәсiпорындарға рұқсат ету жөнінде конкурстарды ұйымдастыру мен өткiзу жөніндегi конкурстық комиссияның Құрамы 1. Адильбаев Ж.Т. - ШҚО IIБ жол басқармасының бастығы, комиссия төрағасы 2. Главацкий Н.И. - облыс Әкiмi аппаратының консультанты, комиссия хатшысы Комиссия мүшелерi: 3. Тюрина Н.А. - ШҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегi департаменттiң бас маманы 4. Бейсембаев Д.К. - ШҚО бойынша көліктi бақылау комитетi басқармасының бастығы 5. Мешимбаев Е.С. - "Сараптау мен сертификациялаудың ұлттық орталығы" ААҚ ШҚ филиалының директоры 6. Аханаев О.К. - ШҚО салық комитетiнiң бастығы 7. Уфимцев Г.С. - облыстық көлік департаментiнiң бастығы Шығыс Қазақстан облысы Әкiмi аппаратының басшысы Т. Ибраев
Басқа 6. "Техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға кәсiпорындарға рұқсат ету жөнінде конкурстарды ұйымдастыру мен өткiзу жөніндегi
Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 2000 жылғы 20 қаңтардағы шешiмiне № 2 қосымша "Техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға кәсiпорындарға рұқсат ету жөнінде конкурстарды ұйымдастыру мен өткiзу жөніндегi ЕРЕЖЕ (ҚР IIМ 1999 жылғы 22 ақпандағы № 587 бұйрығына сәйкес әзiрленген)
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Конкурсты ұйымдастыру мақсаты техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау кезiнде қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету, әдiлеттi бәсекелестiк жағдайын жасау және қызмет көрсету нарығын реттеу болып табылады.
Тармақ 1.2
1.2. Осы Ереже автомотокөлік құралдарын қамту мен жөндеуге сәйкестiлiк сертификаты бар, меншiктiк нысандарына қарамастан мүдделi заңды және жеке тұлғаларға таратылады.
Тармақ 1.3
1.3. Конкурсты ұйымдастырушы ШҚО IIБ жол полициясының басқармасы болып табылады, ол қолданылып жүрген заңдылыққа және осы Ережеге сәйкес конкурстардың шарттарын, тәртiбiн және мерзiмдерiн белгiлейдi.
Тармақ 1.4
1.4. Конкурс жылына бiр рет, техникалық байқау алдында өткiзiледi. Конкурстық процесс ол жарияланғаннан бастап жеңiмпаздарды анықтау аяқталғанға дейiн 30 күннен 60 күнге дейiн уақыт алады.
Тармақ 1.5
1.5. Конкурс жеңiмпаздары ШҚО IIБ жол полициясы басқармасынан техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға рұқсат ету туралы куәлiк алады.
Тармақ 2. 2. Конкурсты ұйымдастыру
2. Конкурсты ұйымдастыру
Тармақ 2.1
2.1. ШҚО IIБ жол полициясының басқармасы бұқаралық ақпарат құралдары (газеттер, радио, теледидар) арқылы конкурсты өткiзуге дейiн кемiнде 30 күн бұрын оны өткiзудiң негiзгi шарттарын, тәртiбiн және мерзiмдерiн хабарлайды.
Тармақ 2.2
2.2. Конкурсқа меншiктiк нысандарына қарамастан қандайда болсын заңды және жеке тұлға қатыса алады. Әрбір еншілес кәсіпорынға немесе бас фирмалардың филиалына жеке конкурстық ұсыныстар беріледі. 📌 Ескерту. 2.2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2001.02.21 № 994 шешімімен .
Тармақ 2.3
2.3. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер конкурстық комиссияға жазбаша тапсырыс беруi және конкурстық ұсыныстардың үлгiсiн алуы қажет.
Тармақ 2.4
2.4. Конкурстық комиссия талапкерлерден мерзiмiнде берiлген барлық тапсырыстарды қабылдауға мiндеттi. Конкурстық ұсыныстарды тапсырудың соңғы мерзiмi мен конкурсты өткiзу күнi аралығына бес күн белгiленген. Одан кеш берiлген тапсырыстар конкурсқа қабылданбайды.
Тармақ 2.5
2.5. Конкурстық құжаттардың пакетiне мыналар енедi: - конкурсқа қатысуға тапсырыс; - конкурстық ұсыныстардың толтырылған үлгiсi; - салықтар бойынша берешектер, салықтар және бюджетке басқада төлемдер жинау туралы салық органдарының анықтамасы; - автомотокөлік құралдарын техникалық қамту және жөндеу жөнінде қызмет көрсету сәйкестiлiгi туралы Мемстандарт органдары сертификатының көшiрмесi; - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi.
Тармақ 2.6
2.6. Дайындалған конкурстық құжаттар арнайы журналда тiркелуi тиiс. Конкурстық ұсыныстарды тапсырғаннан кейiн талапкерлердiң қандайда болсын түзетулер енгiзуге құқысы жоқ.
Тармақ 2.7
2.7. Талапкер конкурстық ұсыныстардың толтырылған үлгiсiн жетi дана мөлшерiнде тапсырады.
Тармақ 2.8
2.8. Конкурстық ұсыныстардың конкурсты өткiзу аяқталғанға дейiн және техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға рұқсат ету жөнінде куәлiк бергенге дейiн заңды күшiнде болады.
Тармақ 2.9
2.9. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң саны тақ, бiрақ кемiнде бес адам болуы қажет. Конкурстық комиссияның мiндетi конкурстық ұсыныстарды тексеру және бағалау, жеңiмпаздарды анықтау болып табылады. Конкурсты ұйымдастырушы талапкерлердiң жұмыстың өткен кезiнде конкурстық ұсыныстарды орындағандықтары туралы комиссия мүшелерiне хабарлайды, жеңiмпаздарды анықтаған кезде комиссия мұны ескередi. Конкурстық ұсыныстардың белгiленген тәртiпке сай келмегендiгi жағдайында Ереженің 2.12 тармағына сәйкес конкурстық комиссияның одан бас тартуға құқысы бар.
Тармақ 2.10
2.10. Конкурстық ұсыныстарды қарауды, бағалауды, техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды өткiзу үшiн жақсы жағдайы бар ұйымдарды белгiлеудi конкурстық комиссия ашық жүзеге асырады.
Тармақ 2.11
2.11. Конкурсты өткiзудiң белгiленген мерзiмiне дейiн жол полициясының өкiлеттi қызметкерлерi басқада мүдделi бақылаушы органдардың өкiлдерiмен бiрге техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау жөнінде тапсырыс берген ұйымдарды зерттеудi жүргiзулерi қажет.
Тармақ 2.12
2.12. Талапкер конкурстық ұсыныстардың барлық тармақтары бойынша толық және жеткiлiктi ақпарат беруi қажет. Күмәндi ақпарат берген жағдайда талапкер конкурстан шығарылуы мүмкiн.
Тармақ 2.13
2.13. Облысқа бағынышты әрбiр қала немесе аудан бойынша конкурс жеке өткізiледi.
Тармақ 2.14
2.14. Облысқа бағынышты әрбiр аудан, қала үшiн диагностиканың қажеттi мөлшердегi желiлерiн (постыларын) жол полициясы көлік құралдарының саны және техникалық қадағалаудың мемлекеттiк автоинспекторларының штаттық лауазымдарының саны туралы мәлiметтердi ескерiп белгiлейдi. Конкурстың басталуы алдында конкурстық комиссияның төрағасы аудан, қала бойынша диагностиканың қажеттi мөлшердегi желiлерiн (постыларын) және талапкерлер берген тапсырыстың саны туралы хабарлайды.
Тармақ 2.15
2.15. Конкурстық ұсыныстарды комиссия мүшелерi әрбiр ұйым бойынша жеке қарайды. Комиссия мүшелерi конкурстық ұсыныстардың әрбiр тармағы бойынша бес балдық шкаламен үлгiге сәйкес жеке баға қояды.
Тармақ 2.16
2.16. Конкурстық ұсыныстарды қарағаннан және бағалағаннан кейiн комиссия мүшелерi куәландырған бағалау бланкалары комиссия хатшысына тапсырылады, ол талапкерлердiң қорытынды балдарын жинақтайды.
Тармақ 2.17
2.17. Жалпы жинақталған балдардың нәтижелерi бойынша комиссия хатшысы конкурс нәтижелерiн және конкурста ұтқан ұйымдардың мәлiметтерiн жариялайды.
Тармақ 2.18
2.18. Жалпы жинақталған балды 50 пайыздан кем алған қатысушылар конкурстан автоматты шығып қалады.
Тармақ 2.19
2.19. Егер бағалаудың нәтижелерi бойынша екi және одан көп қатысушы балдардың бiрдей санын алса, онда жеңiмпаз комиссия мүшелерiнiң жабық дауыс беруiмен белгiленедi.
Тармақ 2.20
2.20. Комиссия отырысының нәтижесi хаттамамен ресiмделедi, оған комиссия мүшелерi қол қояды және оны төраға бекiтедi.
Тармақ 2.21
2.21. Конкурстық комиссияның шешiмi ақырғы болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
Тармақ 2.22
2.22. Конкурстың нәтижелерi бойынша ШҚО IIБ жол полициясының басқармасы техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын тексерудi өткiзуге рұқсат беру туралы куәлiк бередi. Шығыс Қазақстан облысы Әкiмi аппаратының басшысы Т. Ибраев