О лицензировании медицинской и фармацевтической деятельности Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Медициналық және фармацевтік қызметтерді лицензиялау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық әкімінің 09.08.2004 № 8 шешімі. "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 19 мамырындағы Заңын, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 17 сәуіріндегі № 2200 Заң куші, бар Жарлығын орындауда және меншік нысанына қарамастан медициналық және дәріханалық ұйымдардың медициналық және фармацевтік қызметтерін және жеке медициналық және фармацевтік тәжірибелермен шұғылданатын тұлғаларды лицензиялау жөніндегі жұмыстарды тәртіпке келтіру мақсатына облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы медициналық және фармацевтік кызметтерді лицензиялау - жөніндегі қоса беріліп отырған комиссиялардың құрамдары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Алдашев Ж. Е.) медициналық және фармацевтік қызметтерді лицензиялау жөніндегі жұмыстарды заңдылықтар талаптарына сәйкес жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 4
Облыс Әкімінің 1999 жылдың 3 желтоқсандағы № 202 шешімімен бекітілген. Медициналық қызметтерді лицензиялау жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ 📌 Ескерту. Комиссия құрамына өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы әкімінің 21.07.2000 № 105 шешімімен. Алдашев Жұмамұрат Ердәулетұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, төраға Нармұхамедов Жәнібек Қараұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, төраға орынбасары Қилымбетов Құдайберген Ысқақұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының экономика және денсаулық сақтау саласын реформалау бөлімінің бастығы, хатшы Мүшелері: Ақатаев Нағашыбай Ақатайұлы - облыстық денсаулық сақтау баскармасының бас оташысы Задорожный Юрий Николаевич - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы Әміреев Аманжол Қазиханұлы - облыстық денсаулық сақтау баскармасының штаттан тыс рентгенолог-радиологы Ким Вера Борисовна - облыстық денсаулық сақтау-басқармасының штаттан тыс тері аурулары дәрігері Лапшина Галина Петровна - облыстық денсаулық сактау басқармасының штаттан тыс дәрігер-физиотерапевті Пак Людмила Лукинична - облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс дәрігер-психиатры Персань Анатолий Степанович - қалалық балалар стоматологиялық емханасының бас дәрігері Төлеуов Жүсіпқали Дәріғұлұлы - облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігерінің орынбасары Сафронова Тамара Андреевна - облыстық денсаулық сактау баскармасының бас терапевті Тұяқбаев Аманжол Мүсенұлы - облыстык, денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры
Басқа 5
Облыс Әкімінің 1999 жылдың 3 желтоқсандағы N 202 шешімімен бекітілген Фармацевтік қызметтерді лицензиялау жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ 📌 Ескерту. Комиссия құрамына өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы әкімінің 21.07.2000 № 105 шешімімен. Алдашев Жұмамұрат Ердәулетұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, төраға Нармұхамедов Жәнібек Қараұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, төраға орынбасары Ниетқалиева Қадиша Қазбекқызы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бөлімінің маманы, хатшы Мүшелері: Құбатаев Ринат Әминұлы - «Муниципалдық дәріхана» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі Смағұлов Қобыланды Еңсепұлы - Ақтөбе облысы бойынша ішкі істер басқармасы әкімшілік полиция қызметінің лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің аға инспекторы Төлеуов Жүсіпқали Дәріғұлұлы - облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігерінің орынбасары Оразғалиев Кенжебек Шеркешбайұлы - "Дәрі-дәрмек'' Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбедегі филиалының директоры