О предоставлении товариществу с ограниченной ответственностью «Казахтуркмунай» права временного пользования земельными участками для доразведки углеводородного сырья на нефтяном месторождении «Каратобе-Южное» в Байганинском районе Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байғанин ауданында орналасқан «Қаратөбе-Южное» кен орнынан көмірсутегі шикізатын ары қарай іздестіру «Қазақтүрікмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін уақытша пайдалануға рұқсат беру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. «Жер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 Заң күші бар Жарлығының 51 бабына сәйкес және «Жаңажол мұнайгазбарлау» экспедициясы» акционерлік қоғамымен скважиналарға жасалынған 1999 жылғы 23 шілдедегі алым – берім актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы МГ № 307 /мұнай/ берілген лицензиясы негізінде облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Байғанин ауданының Жарқамыс селолық округінде орналасқан «Қаратөбе-Южное» мұнай кен орнынан көмірсутегі шикізатын ары қарай іздестіру үшін «Қазақтүрікмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін 32,71 га жайылымдық жер учаскесінен уақытша 2 жылдық мерзімге пайдалануға рұқсат етілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақтүрікмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
Тармақша 1
1) жер пайдалану мерзімі аяқталған соң, жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, жерді пайдаланушыларға қайтарсын;
Тармақша 2
2) белгіленген тәртіппен ауылшаруашылығы өндірісінің залалдары үшін шығындарын өтесін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Байғанин ауданының әкіміне (Кемешев Б.) жүктелсін.