О присвоении наименования безымянной улице в селе Богетсай Богетсайского сельского округа Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бөгетсай ауылдық округінің Бөгетсай ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Бөгетсай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бөгетсай ауылындағы атауы жоқ көшеге Тахау Байсадақов атауы берілсін. 📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 25.12.2020 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.