О нормах потребности Республики Казахстан в наркотических средствах и психотропных веществах Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттарға қажеттiлiгiнiң нормалары туралы
"Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Есiрткiге бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы
ұсынған, қоса берiлiп отырған республиканың 2000 жылға есiрткi,
психотроптық заттарға қажеттiлiгінiң нормаларын Қазақстан Республикасының
2000 жылға арналған халықаралық квоталарын бекiту үшiн БҰҰ-ның Есiрткiге
бақылау жасау жөнiндегі Халықаралық комитетiнiң Штаб-пәтерiне (Вена,
Австрия) жолдасын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.