Құжат мәтініне өту

"Балқаш ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы туралы

Ереже · № 28-144 · қабылданған 24.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.11.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-51409/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
"Балқаш ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы туралы Күшін жойған Ереже ·№ 28-144 ·24.02.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

"Балқаш ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы туралы

ҚАЗ"Балқаш ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы туралы

Күшін жойған Ереже ·№ 28-144 · қабылданған 24.02.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"Балқаш ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы туралы
Атауы (қаз.)
"Балқаш ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28-144
Қабылданған күні
24.02.2010
Көрсетілген редакция
18.11.2011 · қолданыстағы 51409_192063.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
18.11.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DF000068
ЭКБ идентификаторы
51409
Редакция идентификаторы
51409_192063
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:56

0 "Балқаш ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1)-тармағының 12-2) тармақшаларына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Балқаш аудандық мәслихатының

2010 жылғы 24 ақпандағы
N 28-144 шешіміне
қосымша
"Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру
ЕРЕЖЕСІ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6- бабының 1) тармағының 12-2) тармақшаларына сәйкес әзірленді.

2

2. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру марапатталатындардың ауданның экономикалық, әлеуметтік және рухани дамудағы айрықша еңбектері үшін, қоғамда алатын орнын танытатын мәні зор ынталандырудың бірі болып танылады. Азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға, олардың ауданның экономикалық және әлеуметтік дамытудағы күш-жігерін көтермелеуге, өскелең ұрпақты Отан сүйгіштік пен халқының жанашыры болуға шақырады.

3

3. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағы мәдениет, білім, денсаулық, құрылыс салаларындағы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамудағы міндеттерді шешуге айрықша үлес қосқан және ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысқан айрықша еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі үшін, өндіріс саласында, бизнес, шығармашылық, спорт, мемлекеттік қызметтегі, қоршаған ортаны қорғаудағы жоғарғы жетістіктерін, қайырымдылық пен мейірмандық қызметтер жасауда қосқан үлестерін ескеріп беріледі. Ол адам Балқаш ауданы мен өңірінің аумағында өмір сүріп, еңбек етуге тиісті.

4

4. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағы аудан халқына, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жасаған қамқорлығы, сіңірген еңбегі үшін немесе жекелеген адамдардың өмірде қол жеткізген жетістіктеріне (шығармашылықта, ғылымда, кәсіпкерлікте) орай құрмет білдіру мақсатында басқа аудандар мен қалаларда тұратын азаматтарға берілуі мүмкін.

2 2. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс тәртібі

1 1. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" Қазақстан Республикасының даталы күндері, Ұлттық, мемлекеттік мерекелеріне орай беріледі.

2 2. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру еңбек ұжымдары саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктер ұсынған, сондай-ақ, жергілікті қоғамдық жиналыстардың шешімдері негізінде аудан әкімінің ұсынысымен аудандық мәслихат сессиясында қаралып, шешім қабылданады.

Ауданның Құрметті азаматы атағы берілуіне аудан әкімі бастамашы бола алады. Қолдаухатқа жиналыс, мәслихат хаттамаларының, кандидаттың айрықша сіңірген еңбегін растайтын құжаттарының көшірмелері, өмірбаяндық мәліметтері тігіледі. Атақ беру туралы өз кандидатурасын ұсынған жеке тұлғалардан түскен қолдаухаттар қарастырылмайды.

3 3. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" куәлігі мен төсбелгісін жасауды аудан әкімі аппараты жүзеге асырады.

4 4. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" куәлігі мен төсбелгіні аудан әкімі мен мәслихат хатшысы салтанатты жағдайда тапсырады.