Ақши ауылы мен Күрті елді мекеніндегі көшелерге жаңа атаулар беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақши ауылы мен Күрті елді мекеніндегі көшелерге жаңа атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Заңының 14-бабының 4-тармағына және Іле ауданы әкімі жанындағы аудандық ономастика комиссиясының 2007 жылдың 3 сәуірдегі N 3 шешімі және 2008 жылғы 10 сәуірдегі N 3 шешімі негізінде округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақши ауылы бойынша жаңа көшелерге: Райымбек батыр - 564 м; Қарасай батыр - 540 м; Бәйдібек батыр - 564 м; Жетісу - 624 м; Бәйтерек - 604 м; Жастар - 584 м; Наурыз - 702 м; Достық - 688 м; Бірлік - 704 м; Береке - 762 м; Бейбітшілік - 762 м; Жеңіс - 484 м, атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Күрті елді мекені бойынша жаңа көшелерге: Астана - 420 м; Алматы - 420 м; Тәуелсіздік - 420 м, атаулары берілсін.
Тармақ 3
3. Күрті ауылдық округ әкімінің қабылдаған шешіміне сәйкес көше атауларының дұрыс жазылуы мен көше атауы жазылған (тақтайша түсінің көгілдір болуы және ішіндегі жазудың ақ түспен жазылуы) тақтайшаларының белгіленген талапқа сай (20-50) жасалуы және көше белгісін көрнекті жерге орналастыру шараларын ұйымдастыру округ әкімінің орынбасары Қ. Рахимовқа жүктелсін.