Об утверждении Правил раскрытия информации Национальной комиссией Республики Казахстан по ценным бумагам Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының ақпарат ашу қағидаларын бектіу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 25.09.2004 № 273 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 маусымдағы N 1084 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 1999-2000 жылдарға арналған бағалы қағаздар рыногын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспарының 2.I.I тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының ақпарат ашу қағидалары бекiтiлсiн (қоса берiлдi).
Тармақ 2
2. Жоғарыда аталған Қағидалардың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енгізiлетiндiгi белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқарамасы, Лицензиялау және қадағалау басқармасы және Заң басқармасы жоғарыда аталған Қағидаларды (олар күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң назарына жеткiзу жөнiнде барлық ықтимал шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы жоғарыда аталған Қағидаларды (олар күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға жоғарыда аталған Қағидаларды өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегі мiндеттi жүктей отырып) және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның назарына жеткiзсiн.
Басқа 5. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының ақпарат ашу
ҚАҒИДАЛАРЬI
Қазақстан Республикасы
Бағалы қағаздар жөніндегі
ұлттық комиссиясы директораты
1999 жылғы 13 желтоқсандағы
N 514 қаулысымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының ақпарат ашу
ҚАҒИДАЛАРЬI
Осы Қағидалар "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикаскасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңының және "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегі заңының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң негiзiнде әзiрлендi және инвесторлардың және мүдделi тұлғалардың алдында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясында (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) бар ақпаратты ашу тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 1
1. Ұлттық комиссияда бар, көпшiлiкке рұқсат етiлген (оған рұқсат етiлу үшiн артықшылықтар талап етiлмейтiн) мынадай ақпарат ашылуға жатады:
Тармақша 1
1) Ұлттық комиссияның нормативтiк құқықтық актiлерi;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 2-тармағында белгiленген нормаларды ескере отырып, осы Қағидалардың I-қосымшасында айқындалған көлемде эмитенттер және бағалы қағаздар эмиссиясы туралы мәлiметтер;
Тармақша 3
3) қолданылып жүрген заңға сәйкес лицензиялауға жататын бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi (Ұлттық комиссия берген рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылатын) жүзеге асыратын ұйымдар туралы, осы Қағидалардың 1-қосымшасында айқындалған көлемдегi мәлiметтер.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың 1-тармағының 2) тармақшасында белгiленген норма ашық акционерлiк қоғамдардың, сондай-ақ жабық акционерлiк қоғамдар:
Тармақша 1
1) банктердiң;
Тармақша 2
2) банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың;
Тармақша 3
3) сақтандыру ұйымдарының;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының;
Тармақша 5
5) бағалы қағаздармен сауда-саттықтар ұйымдастырушылардың;
Тармақша 6
6) инвестициялық қорлардың;
Тармақша 7
7) жинақтаушы зейнетақы қорларының;
Тармақша 8
8) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компаниялардың;
Тармақша 9
9) "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның эмиссиялық қызметi туралы ақпаратты ашуға қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларға сәйкес ашылуға жататын ақпарат мынадай тәсiлдер:
Тармақша 1
1) Ұлттық комиссияның осы ақпаратты Интернет желiсiндегi сайттарға (беттерге) орналастыруы арқылы;
Тармақша 2
2) "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына немесе оның қосымшасына жариялау арқылы;
Тармақша 3
3) осы ақпаратты оны жариялау (тарату) мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына (бұдан әрi "БАҚ" деп аталады) ұсыну арқылы;
Тармақша 4
4) осы ақпаратты инвесторлардың және басқа мүдделi тұлғалардың жазбаша сұрауларына жауап ретiнде ұсыну аркылы инвесторлардың және мүдделi тұлғалардың назарына жеткiзiледi.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүйелi түрде Ұлттық комиссия ақпарат ұсынылатын БАҚ-дың тiзбесi Ұлттық комиссия Төрағасының бұйрығымен айқындалады.
Тармақ 5
5. Егер, инвестор немесе мүдделi тұлға бұрын жарияланған ақпаратты сұраған жағдайда Ұлттық комиссияның жауабында ақпаратты ашуға сұралған емес, ол жарияланған БАҚ-қа сiлтеме және оны iздеуге қажеттi өзге де мәлiметтер болуы мүмкін.
Басқа 27. Эмитенттер және бағалы қағаздардың эмиссиялары туралы ашылатын ақпараттың
ҚҰРАМЫ
Ұлттық комиссияның төрағасы
Қазақстан Республикасы
Бағалы қағаздар жөніндегі
ұлттық комиссиясы директораты
1999 жылғы 13 желтоқсандағы
N 514 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясының ақпарат ашу
ҚАҒИДАЛАРЫНА
1-қосымша
Эмитенттер және бағалы қағаздардың эмиссиялары туралы ашылатын ақпараттың
ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Эмитенттің атауы (оны мемлекеттік тіркеу қайта (тіркеу туралы) куәліке сәйкес).
Тармақ 2
2. Эмитенттің орналасқан жері(оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке немесе статистикалық карточкаға сәйкес).
Тармақ 3
3. Эмитентті заңды тұлға ретінде тіркеген (соңғы қайта тіркеген) мемлекеттік органның атауы; эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелген (соңғы қайта тіркеген) күні және нөмірі.
Тармақ 4
4. Акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыс істейтін эмитенттерге қатысты: мүшелерінің эмитенттің төлеген жарғылық капиталындағы үлесін көрсете отырып эмитенттің басқару органының (директорлар кеңесінің) құрамы (Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясында (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) бар соңғы мәліметтерге сәйкес).
Тармақ 5
5. Мүшелерінің эмитенттің төленген жарғылық капиталындағы үлесін көрсете отырып эмитенттің алқалы атқарушы органының құрамы (Ұлттық комиссияда бар соңғы мәліметтерге сәйкес).
Тармақ 6
6. Лауазымын және аты-жөнін(тегін, өз атын және құжатта жазылса әкесінің атын), содай-ақ эмитенттің төленген жарғылық капиталындағы үлесін көрсете отырып эмитенттің бірінші басшысы(алқалы атқарушы органның басшысы немесе атқарушы органның функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) туралы мәліметтер(Ұлттық комиссияда бар соңғы мәліметтерге сәйкес).
Тармақ 7
7. Эмитенттің байланыс телефондары мен факстерінің нөмірлері (Ұлттық комиссияда бар соңғы мәліметтерге сәйкес).
Тармақ 8
8. Эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін тіркеуші жүргізген кезде: тіркеушінің атауы және орналасқан жері(оны мемлекеттік тіркеу(қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес), тіркеушінің байланыс телефондары мен факстерінің нөмірлері(Ұлттық комиссияда бар соңғы мәліметтерге сәйкес), осы лицензияның жай-күйі туралы мәліметтерді көрсете отырып бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның нөмірі мен берілген күні;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін эмитент өзі дербес жүргізген кезде: эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі функцияны жүзеге асыратын эмитент қызметкерінің аты-жөні; осы біліктілік куәлігінің жәй-күйі туралы мәліметтерді көрсете отырып осы қызметкерге берiлген Ұлттық комиссияның екiншi санатты бiлiктiлiк куәлiгiнiң (бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердi атқару және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығын беретiн) нөмiрi және берiлген күнi.
Тармақ 9
9. Эмитенттiң бағалы қағаздар эмиссиясының мемлекеттiк тiркелген күндер (эмитенттің мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын бағалы қағаздар эмиссияларына ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерi берiлген күндер); эмитенттiң бағалы қағаздар эмиссияларына берiлген ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерi; эмитенттiң эмиссиялар проспектiлерiнiң (шығарылым шарттарының) және бағалы қағаздар эмиссияларының Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiндегi тiркеу нөмiрлерi; эмитенттiң бағалы қағаздар эмиссияларының жойылу күндерi.
Тармақ 10
10. Эмитенттiң бағалы қағаздарының шығару нысандары және орналастырылу тәсiлдерi.
Тармақ 11
11. Эмитенттiң бағалы қағаздар эмиссиясының құрылымы.
Тармақ 12
12. Эмитенттiң Ұлттық комиссияға бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептердi берген күндерi; осындай есептердi Ұлттық комиссияның бекiткен күндерi.
Тармақ 13
13. Эмитенттiң бағалы қағаздар эмиссияларын тоқтата тұру және оларды болмаған деп тану туралы фактiлер туралы мәлiметтер.
Тармақ 14
14. Эмитенттiң бағалы қағаздар эмиссияларының проспектiлерiнiң толық немесе ішiнара көшiрмелерi немесе осындай құжаттардың үзiндiлерi.
Тармақ 15
15. Бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептердiң толық немесе iшiнара көшiрмелерi немесе осындай құжаттардың үзiндiлерi.
Тармақ 16
16. Эмитент және оның бағалы қағаздарының эмиссиялары туралы өзге де ықтимал мәлiметтер.
Басқа 46. Қолданылып жүрген заңға сәйкес лицензиялауға жататын бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi (Ұлттық комиссия берген рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылатын) жүзеге асыратын ұйымдар туралы ашылатын ақпараттың
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы
Бағалы қағаздар жөніндегі
ұлттық комиссиясы директораты
1999 жылғы 13 желтоқсандағы
N 514 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясының ақпарат ашу
ҚАҒИДАЛАРЫНА
2-қосымша
Қолданылып жүрген заңға сәйкес лицензиялауға жататын бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi (Ұлттық комиссия берген рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылатын) жүзеге асыратын ұйымдар туралы ашылатын ақпараттың
ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Ұйымның атауы (оны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес).
Тармақ 2
2. Ұйымның тiркелiп орналасқан жерi (оны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке немесе статистикалық карточкаға сәйкес).
Тармақ 3
3. Ұйымның нақты орналасқан жерi (Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясында (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) бар соңғы мәлiметтерге сәйкес).
Тармақ 4
4. Ұйымның байланыс телефондары мен факстерiнiң нөмiрлерi (Ұлттық комиссиясында бар соңғы мәлiметтерге сәйкес).
Тармақ 5
5. Лауазымын және аты-жөнiн (тегiн, өз атын және құжатта жазылса әкесiнiң атын), көрсете отырып ұйымның бiрiншi басшысы (алқалы атқарушы органның басшысы немесе атқарушы органның функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) туралы мәлiметтер (Ұлттық комиссияда бар соңғы мәлiметтерге сәйкес).
Тармақ 6
6. Осы лицензияның (рұқсаттың) жай-күйi туралы мәлiметтердi көрсете отырып бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензияның нөмiрi және берiлген күнi.
Тармақ 7
7. Бағалы қағаздар рыногының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарынан (қор биржаларын қоспағанда) және оқу орталықтарынан басқа өзге ұйымдар үшiн: ұйымның жарғылық және жеке капиталдарының мөлшерлерi туралы мәлiметтер (Ұлттық комиссияда бар соңғы мәлiметтерге сәйкес).
Тармақ 8
8. Оқу орталықтары үшiн: оқытушылардың тізімі (Ұлттық комиссияда бар соңғы мәлiметтерге сәйкес).
Тармақ 9
9. Кастониан-банктер және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялары үшін:
Тармақша 1
1) басқару органының (директорлар кеңесiнiң) құрамы (Ұлттық комиссияда бар соңғы мәлiметтерге сәйкес);
Тармақша 2
2) алқалы атқарушы органның құрамы (Ұлттық комиссияда бар соңғы мәлiметтерге сәйкес);
Тармақша 3
3) қызмет көрсетiлетiн зейнетақы қорларының атаулары.
Тармақ 10
10. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компаниялар үшiн:
Тармақша 1
1) компанияның акционерлерi туралы мәлiметтер (компанияның төленген жарғылық капиталындағы үлесiн көрсете отырып компанияның акционерлерінің атаулары және орналасқан жерлерi туралы Ұлттық комиссияда бар соңғы мәлiметтерге сәйкес);
Тармақша 2
2) жинақтаушы зейнетақы қорларына қызмет көрсететiн кастодиан-банктердiң атаулары;
Тармақша 3
3) жекелеген зейнетақы қорлары бойынша жеке-жеке, компанияның инвестициялық басқаруға қабылдаған зейнетақы активтерiнiң мөлшерi (өткен немесе ағымдағы айдың барынша күнi жағдайына Ұлттық комиссияның көкейкестi етiлген және салыстырып тексерiлген соңғы мәлiметтерiне сәйкес);
Тармақша 4
4)жекелеген зейнетақы қорлары бойынша жеке-жеке, компанияның инвестициялық басқаруға қабылдаған зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi (өткен немесе ағымдағы айдың бiрiншi күнi жағдайына Ұлттық комиссияның көкейкестi етiлген және салыстырып тексерiлген соңғы мәлiметтерiне сәйкес);
Тармақша 5
5) зейнетақы активтерiн компания инвестициялық басқаруға қабылдаған жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерiнiң құрылымы (өткен немесе ағымдағы айдың бiрiншi күнi жағдайына Ұлттық комиссияның көкейкестi етiлген және салыстырып тексерiлген соңғы мәлiметтерiне сәйкес).