Об утверждении нормативов (ставки) платы, за загрязнение природной среды Күшін жойған
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы алу нормативтерін (ставкалар) бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық әкімінің 06.12.2000 № 173 шешімімен.
"Коршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29 бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы "Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы алу нормативтерін бекіту туралы" № 1213 қаулысын және Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің 1999 жылғы 26 қазандағы № 290-П бұйрығын орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін ақы алу нормативі (ставкасы) қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық салық комитеті (Е. Имантаев), облыстық қоршаған ортаны корғау басқармасы (А. Иманбеков), облыстық коршаған ортаны қорғау қоры (К. Елешев), Актөбе қаласы мен аудан әкімдері қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін ақының уақытылы өтелуіне бақылау орнатсын.
Тармақ 3
3. «Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы алу нормативі туралы» облыс Әкімінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 6 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Басқа 4
Облыс әкімінің 1999 жылғы
19 қарашадағы шешімімен
бекітілген
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін ақылардың нормативтері
Тармақ 1
1. Белгіленген шектеу негізінде пайдаланатын төлемдердің нормативтері шартты 1 тонна үшін/теңге.
тұрақты ошақ көздерінен атмосфералық ауаны ластаушы заттарды шығару -277,44
зиянды заттардың табиғи ортаға (жинақтау орындары мен мекен — жай аймақтарына) тасталуы -7000,00
зиянды заттардың су көздеріне тасталуы -7306,00
Тармақ 2
2. Қоршаған ортаға қалдықтар тасталғандығы үшін төленетін ақы нормативтері:
Тармақша 1
1) Өндіріс және пайданудан қалған қалдықтар:
қағаз бұйымдары /тенге/ т -1207,29
пайдаланылған тоқыма бұйымдар /тенге/ т -2702,12
тозған дөнгелектер, тоқыма және теміркордты қаптағы -448,50
камералар -667,03
резина бұйымдарының қалдықтары; тенге/тн
вулканизацияланбаған -1724,76
вулканизацияланған -574,89
ағаш бұйымдары қалдықтары, тенге/тн -80,34
әйнек сынықтары, тенге/тн -229,97
ұсақ бу қазандықтарының күл шлакты қалдықтары, тенге/тн -14,85
майлар, жануарлар майларынаң қалдықтары
майлар үлесі бар майлы косындылар құрамында: -3449,51
50% жоғары -5174,27
25%-тен 50%деін -2874,62
катализатордағысы -1149,86
люминисцентті және басқада құрамында сынап бар, қолданылған жарық шамдары -17,31
Тармақша 2
2) Көп тонналы қалдықтарды орналастырғаны үшін төленетін төлем нормативтері:
елді мекендер мен мекелер аймағындағы қалдықтарды орналастыру жерлеріне қатты
тұрмыстық, қалдықтарды орналастыру тенге/т -149,60
елді мекендер мен мекемелер аймағындағы қалдықдарды орналастыру жерлерінде өндірістік қалдықтарды орналастыру:
қауіптылығы 1 класты -4787,20
қауіптьглыгы 2 класты -2393,60
қауіптылығы 3 класты -598,40
қауіптылығы 4 класты -299,20
қауптылығы 5 класты -149,60
жабдықталмаған жерлерде ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарын (биоқалдықтар) орналастыру, тенге/тн -46,03
кеніш қаддықтары, тенге/тн -0,47
Дөң кен байыту комбинатының қалдықтары, тенге/тн -95,31
натрий монохроматы қатты қалдығы, тенге/тн -0,36
күкіртті натрий қатты калдығы, тенге/тн -0,07
қолданылған ваннадий катализаторы, тенге/тн - 31,39
борлы гипс тенге/тн -10,39
бетон қалдықтары, тенге /тн -107,79
фосфорлы руда жуылғандағы құмды қалдықтар, тенге/тн -121,56
темір балқыту өндірісінің күл қалдықтары -3,45
Тармақ 3
3. Радиоактивті ошақ көздері, 1 данасы/тенге -38482,08
Тармақ 4
4. Мекеме және қалдықтарды орналастыру аймақтарында қолдануға жарамсыз улы химиялық заттарды, минералдық тыңайтқыштарды және химреагенттерді орналастырғаны үшін төлем нормативтері - айналымдағы
көтерме бағасы бойынша
Тармақ 5
5. Ұлықсатсыз жойып және кескені үшін:
5 және одан да көп жастағы қылқанды жапырақты ағаштар үшін, 1 данасы/тенге - 16253,82
5 және одан да көп жастағы жапырақты ағаштар үшін, 1 данасы/тенге -11083,31
мәдени бұта ағаштары, 1 бұта/тенге -343,06
жабайы түрде өсетін бұта ағаштары үшін, (тобылғы, тал т. б.) 1 бұта/тенге (мәдени бұталардың төлемінің 50% мөлшеріңде) -171,53
Тармақ 6
6. Орман алқаптары жерлерін тұрмыстық және құрылыстық қалдықтармен ластағаны үшін, 1 тоннасы/тенге -182,64
Тармақ 7
7. Уақытша пайдалануға немесе ауыл шаруашылығы өндірісінен басқа
да кажетке пайдалануға берілген жерлерді уақытылы, белгіленген тәртіппен
қайтармағаны үшін.
Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 30 қырқүйектегі N 978 қаулысымен бекітілген жаңа жерлерді игеруге жұмсалатын құнның 5% құрайтын төлем келемінде:
бір жыл бойы заңсыз пайдаланғаны үшін екі еселенген мөлшерде;
екі жыл және оданда ұзақ уақыт пайдаланғаны үшін бес еселенген мөлшерде төлем төленеді.
Тармақ 8
8. Көлік түрлерінің (автокөліктер, жол-құрлысы, теміржол және басқада техникалар) атмосфералық ауаны құрамында зиянды заттары бар газбен ластағаны үшін төленетін төлем, тонна/тенге - 390,00