Құжат мәтініне өту

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Өзге акт · № 27-2 · қабылданған 03.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.06.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-51457/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 27-2 ·03.03.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

ҚАЗАз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 27-2 · қабылданған 03.03.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27-2
Қабылданған күні
03.03.2010
Көрсетілген редакция
15.06.2012 · қолданыстағы AI51457_2.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
15.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10LF000142
ЭКБ идентификаторы
51457
Редакция идентификаторы
AI51457_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:51

0 Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.

2

2. "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй коммуналдық қызметінің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-2 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 10-6-128 санымен тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2009 жылғы 17 қазандағы N 82 санында жаряланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ҚАҒИДАСЫ

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
XХVII-сессиясының төрағасы                      А. ТАУЫПБАЕВ
Аудандық мәслихат хатшысы                       К. СҮЛЕЙМЕНОВ
2010 жылғы 3 наурыздағы N 27-2
Жалағаш аудандық мәслихатының
шешімімен бекітілген
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ҚАҒИДАСЫ

1 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1

1. Осы Қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілейді.

2

2. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде "тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстар төлеміне, коммуналдық қызметтер мен баланс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеуге арналған жол беруге болатын шекті шығындар үлесі отбасының жиынтық табысының 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

3 3. Тұрғын үй көмегі "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Уәкілетті орган) арқылы тағайындалып төленеді.

4 4. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

5 5. Тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.

6

6. Отбасында 1, 2-топтағы мүгедектерді күтуді қажет етеді деп танылғандар, мүгедек балаларды күтумен немесе 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындар және стационарлық емделуде жатқан азаматтарды қоспағанда, жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін (өзін-өзі жұмыспен қамтымаған), күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген тұлғалары бар отбасылар және жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі /пәтерлері, үйлері/ бар немесе тұрғын үй жайды жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегімен қамтылмайды.
Уәкілетті органмен ұсынылған лайықты жұмыстан бас тартқан, қоғамдық жұмысқа қатысуды немесе оқуды (кәсіби даярлау, қайта даярлау) өз бетінше дәлелсіз себептермен тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын  үй көмегін алу құқығын жоғалтады.

2 2. БЮДЖЕТТЕН ӨТЕЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІНІҢ ТҮРЛЕРІ

7 7. Электрмен жабдықтау қызметі.

8 8. Сумен жабдықтау қызметі.

9 9. Газбен жабдықтау қызметі.

10 10. Жылумен жабдықтау қызметі.

11 11. Кәрізбен жабдықтау қызметі.

12 12. Қоқыс әкету мен лифт қызметі.

13 13. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну ақысы.

14 14. Жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысы.

3 3. ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ

15 15. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

16 16. Отбасының жиынтық табысына тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғамен бірге тұратын отбасы мүшелерінің барлық табыстары есепке алынады:

1 1) еңбек ақы түріндегі табыстар;

2 2) кәсіпкерлік қызмет табыстары;

3 3) азаматтардың өз еркімен көрсеткен өзге де табыстары;

4 4) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:

Қазақстан Республикасы заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері;
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге төленетін шәкіртақы;

5 5) балаларға және асырауындағы жанға алынған алименттер;

6 6) біржолғы денсаулық зақымын өтеуге алынған сомалар;

7 7) ақшалай және заттай ұтыстар;

8 8) жеке қосалқы шаруашылықтан және ауылшаруашылық өнімдерін өндіруден түскен табыстар /оның ішінде, бақша, саяжай, жеке малдан/;

9 9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

17 17. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім өтініш берілген күннен бастап 15 күн ішінде қабылданады.

Тиісті шешім шығарғаннан кейін Уәкілетті орган бұл туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлайды.

4 4. ПАЙДАЛАНУ НОРМАЛАРЫ.

18 18. Ауданда аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге арналған тұрғын үй көмегін есептеу бюджет қаражатының мүмкіншілігіне қарай төмендегі пайдалану нормалары:

1 1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

3 адамға дейін отбасы мүшелеріне – 100 кВт;
3 адамнан жоғары отбасы мүшелеріне – 150 кВт.

2 2) Газ пайдалану нормалары 1 айға:

3 адамға дейін отбасы мүшелеріне – 27 л;
3 адамнан жоғары отбасы мүшелеріне – 50 л.

3 3) Ауыз су пайдалану нормасы 1 айға:

1 адамға қызмет көрсетушінің ұсынған нормалары мен тарифтері бойынша.

4 4) Отын пайдалану нормасы:

Отын пайдалану әр отбасыларға (азаматтарға) от жағу маусымына: қазан, қараша айларына 0,5 тонна, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларына 1 тонна, наурыз, сәуір айларына 0,5 тоннадан.
От жағу мерзімі 15 қазан -15 сәуір аралығы болып белгіленсін.