Об утверждении Правил осуществления операторами связи сбора и хранения служебной информации об абонентах Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 246 қаулысымен бекітілген Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының ұлттық кауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы, «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы, «Қарсы барлау қызметі туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасаған жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2
2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат – байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналар: абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер туралы ақпарат; ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпарат; биллингтік мәліметтер (абоненттің алған қызметтері туралы мәліметтер); техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының орналасқан жері; деректер беру желісіндегі мекенжайы; деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайы; интернет-ресурстың сәйкестендіргіштері; деректер беру желісінің хаттамалары қамтылған абоненттер туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) абоненттік нөмір – басқа абоненттік жабдықпен қосылу сол арқылы орнатылатын шартты жасасқан кезде абоненттің пайдалануына бөлінетін және желіде абонентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір;
Тармақша 4
4) байланыс желісі – байланыс құралдары мен желілерден тұратын және телекоммуникацияларға немесе почта байланысына арналған технологиялық жүйе;
Тармақша 5
5) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың талаптары почта байланысын қоспағанда, байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын байланыс операторларына (бұдан әрі – Оператор) қолданылады.
Тармақ 4
Тарау 2. 2-тарау. Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 5
5. Оператор екі жыл бойы абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды қамтамасыз етеді, ол өткен соң ақпарат жойылады. Оператор абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтау жөніндегі міндетін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Тармақ 6
6. Оператор осы Қағидаларға сәйкес телекоммуникация құралдарынан абонентке көрсетілген қызметтер туралы қызметтік ақпаратты тұрақты жинауды жүзеге асырады және оның Оператор жүйесінде (бұдан әрі – Жүйе) сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 6-1
6-1. Абоненттер туралы қызметтік ақпаратты сақтау Қазақстан Республикасының аумағында ғана жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының шетелдегі абоненттеріне байланыс қызметтерін көрсету жағдайларын қоспағанда, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты беруге тыйым салынады.
Тармақ 7
7. Жүйенің пайдаланылатын құралдарын жаңғырту (ауыстыру) кезінде оның сипаттамаларын жақсарту мақсатында (көрсетілетін байланыс қызметтері түрінің саны, абоненттер саны ұлғайғанда, сақталатын ақпараттың көлемі өскенде, Жүйенің функционалдағы кеңейтілгенде), сақталған ақпараттың жоғалуына немесе өзгеруіне жол берілмейді.
Тармақ 8
8. Оператор қызметтік ақпаратты қолда бар ақпараттық жүйелерден, дерекқор мен техникалық байланыс құралдарынан алады.
Тармақ 9
9. Функционалды түрде Жүйе жинау, сақтау, басқару және қорғау құралдарының функцияларын орындайтын логикалық модульдерден тұрады. Жүйе модульдерінің өзара әрекеті хаттамасын Оператор байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органмен келіседі.
Тармақ 10
10. Абонент туралы қызметтік ақпарат ақпаратты сақтау жабдығындағы Жүйеде жиналады. Жүйе мыналарды:
Тармақша 1
1) абоненттер туралы ақпарат пен абонентке көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты сақтауды; заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестіндіру нөмірі, шоттарды жеткізу үшін мекенжай; жеке тұлғалар үшін – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтаның мекенжайлары, почталық мекенжайы; байланыс телефондарының нөмірлері; абоненттік жабдықтарды орнату мекенжайы; шартты жасасу және қолданылуын тоқтату күні; абонентке қолжетімді байланыс қызметтерінің тізбесі; абоненттік нөмір; биллингтік мәліметтер – абоненттің жеке шоты бойынша ақпарат, шотты толтыру туралы ақпарат, деректерді беру желісіндегі абоненттердің мекенжайлары; деректерді беру желісіндегі абоненттердің мекенжайлары және деректерді беру желісіндегі интернет-ресурстарға кірудің мекенжайы, интернет желісіне қол жеткізудің әрбір көрсетілген қызметі бойынша деректерді беру желісінің хаттамалары, оның ішінде: уақыт белдеулері есебімен желіде абонентті тіркеу күні мен уақыты; осы сессия үшін бөлінген динамикалық немесе статикалық ІР-мекенжайы; желіге шығу нүктесі; желіге шығу жүзеге асырылған абоненттік нөмір және ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру коды; осы сессия ішінде берілген және қабылданған ақпарат көлемі; қызметтердің әрқайсысы көрсетілген уақыт кезеңі; пайдаланушы қолданған байланыс түрі, жіберілген немесе алынған электрондық хабарламаның мекенжайлары, почталық хабарламаның электрондық почта мекенжайлары, интернет-ресурсты сәйкестендіруші, уақыт белдеулері есебімен интернет-ресурста деректер өзгеруінің басы мен аяқталу күні және уақыты, сондай-ақ өзгеріс болған ІР-мекенжайы;
Тармақша 2
2) сақтаудың бірыңғай форматын;
Тармақша 3
3) уақытқа деректерді байланыстыруды;
Тармақша 4
4) деректердің өзгермеуін;
Тармақша 5
5) сақталатын деректердің толықтығы мен анықтығын;
Тармақша 6
6) телекоммуникациялар желілерінде жедел-іздестіру іс-шаралары құралдарымен біріктіру мүмкіндігін;
Тармақша 7
7) байланыс қызметтерін пайдаланушылар және оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы сұраулардың алуан түрлерін қабылдауды қамтамасыз ететін автоматтандырылған қол жеткізуді, берілген параметрлер бойынша ақпарат пен жүйелік есептер беруді;
Тармақша 8
8) авторизацияның бағдарламалық және техникалық құралдары арқылы Жүйенің деректеріне рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді.