О признании утратившими силу некоторых решений Кабинета Министров Казахской ССР и Кабинета Министров Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 265 қаулысына қосымша Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақ КСР-ның таратылатын (қайта ұйымдастырылатын) министрліктері мен ведомстволарының, орындардағы олардың органдарының құжаттары мен мұрағаттарын реттеу және мемлекеттік сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 22 мамырдағы № 323 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Қазақ КСР-індегі қазақ тілін және басқа да ұлттық тілдерді дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 6 желтоқсандағы № 767 қаулысы.
Тармақ 3
3. «Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесін жаңғыртудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 сәуірдегі № 289 қаулысы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан» Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 4 мамырдағы № 357 қаулысы.