Көктөбе ауылдық округіне қарасты елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Көктөбе ауылдық округіне қарасты елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге атау беру туралы
Көктөбе ауылдық округінің 2009 жылы 19 қарашада өткен тұрғындар жиналысы шешімнің хаттамасына байланысты, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағы және «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 1 тармағының 13 тармақшасы, 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Көктөбе ауылдық округіне қарасты Ақ қайың ауылының атауы жоқ көшесіне еліміздің ұлттық тарихы мен мәдениетіне еңбегі сіңген азаматтың аты төмендегідей берілсін:
Тармақша 1
1) «Әжібай батыр» көшесі
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Тастанбаева Гульшат Руспековнаға жүктелсін.