Құжат мәтініне өту

Жастарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары туралы

Қаулы · № 187 · қабылданған 11.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 07.05.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-51506/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Жастарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 187 ·11.03.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Жастарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары туралы

ҚАЗЖастарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 187 · қабылданған 11.03.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жастарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары туралы
Атауы (қаз.)
Жастарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
187
Қабылданған күні
11.03.2010
Көрсетілген редакция
07.05.2012 · қолданыстағы AI51506_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
07.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VR000092
ЭКБ идентификаторы
51506
Редакция идентификаторы
AI51506_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:48

0 Жастарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5,  8 баптарына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Техникалық және кәсіби, жоғары білім оқу орындарының түлектері (бұдан әрі - Қатысушылар) есебінен жұмыссыз жастарды жастар іс-тәжірибесі түрінде жұмысқа орналастыруға ықпал ету жөнінде қосымша шаралар қабылдансын.

2 2. Жастарды жұмысқа орналастыру төмендегідей белгілері бойынша жүзеге асырылсын:

1 1) «Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Бөлім) Қатысушыларды жұмыссыз ретінде тіркеу;

2 2) қатысушыларды іріктеу кезінде олар үшін лайықты жұмыстардың болмауы;

3 3) жасы 29–ға дейін болуы;

4 4) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.

3 3. Жастар еңбегі меншік түріне байланыссыз ұйымдарда (бұдан әрі-Жұмыс беруші) Жұмыс беруші мен Бөлім арасындағы келісім шарт негізінде ұйымдастырылып, өткізіледі.

4 4. Еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек Заңнамаларына сәйкес, Жұмыс беруші мен Қатысушы арасындағы жасалған келісім шарт арқылы анықталады.

5 5. Қатысушылардың еңбек ақысын төлеу жергілікті бюджеттен жұмыспен қамту бағдарламасына қарастырылған қаржы есебінен төмендегідей мөлшерде жүзеге асырылады:

1 1) техникалық және кәсіби білім оқу орындарының түлектері үшін толық айға 1,2 ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде;

2 2) жоғарғы білім оқу орындарының түлектері үшін толық айға 1,5 ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде.

6 6. Еңбекке ақы төлеуді Бөлім Қатысушылардың жеке есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

7 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Шоқаевқа жүктелсін.

8 8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 ақпанынан  туындаған еңбек қатынастарына таратылады.