Об утверждении Соглашения о Совете по межрегиональному и приграничному сотрудничеству государств-участников Содружества Независимых Государств Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесі туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54 Заңының 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2008 жылғы 10 қазанда Бішкек қаласында қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесі туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.