Об основных правилах розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующими материалы эротического характера Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Эротикалық сипатта материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сатудың Негізі ережелері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 1034 шешімімен. «Бұқаралық ақпарат құралдарды туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-1 Заңының 14 бабы 2 тармағына сәйкес:
Тармақ 1
1. Эротикалық сипатта материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімдерін сатудың Негізді ережелері бекітілсін (қоса берілуде).
Тармақ 2
2. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы 2 тармағына сәйкес қалалар мен аудандардың әкімдері эротикалық сипатта материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сатуға арналған орындар айқындасын.
Тармақ 3
3. Тиісті шешімдер қабылдау үшін Шығыс Қазақстан облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы басқа да бақылаушы органдармен бірлесіп эротикалық сипатта материалдар жариялайтын аймақтық басылымдардың, сондай-ақ шетелдерден әкелінетін баслымдардың мониторингін жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Т.Ж. Абайділдинге жүктелсін.
Басқа 5. Эротикалық сипатта материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сатудың
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2000 жылғы «12» қаңтар № 1-795 өкіміне қосымша Эротикалық сипатта материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сатудың НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы ережелер «Бұқаралық ақпарат қүралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-1 Заңының 14 бабы 2 тарамағының негізінде әзірленді.
Тармақ 1
1. Эротикалық сипатта материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада жергілікті атқару органдарының арнайы шешімімен белгіленіп, арнайы бөлінген станционарлық орынжайларда ғана сатуға жол беріледі.
Тармақ 2
2. Мәдениет ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің берген БАҚ-ты есепке қою туралы куәліктің түпнұсқасымен бірге эротиқалық сипатта материалдар жариялаудың тақырыптық бағыты шешім шығаруға негіз болады. Шешімде мыналар көрсетілуі тиіс: мерзімді баспасоз басылымының атауы, сату үшін белгіленген мерзімдері мен орындары.
Тармақ 3
3. Көрсетілген баспасөз өнімін:
Тармақша 1
1) 18 жасқа толмаған адамдарға;
Тармақша 2
2) балалар және оқу мекемелерінде, олардың маңайындағы радиусы 300 метрге дейінгі аумақтарда;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекемелерде, сәулеттік және тарихи ескерткіштерге таяу жерде, мәдениет мекемелерінде;
Тармақша 4
4) қогамдық көлікте, көпшілік жүрт жиналатын жерлерде қолдан сатуға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Эротикалық сипатта материалдар жариялайтын БАҚ мерзімді баспасөзін бөлшек саудада сату ережелерін бұзу Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады.
Тармақ 5
5. Осы ережелердің сақталуына бақылау жасауды соған уәкілдік берілген органдар заңдар белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Тексеру нәтижелері бойынша бақылаушы органдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шаралар қолданады.
Тармақ 7
7. Осы ережелер таяу және алыс шетелдерден әкелінетін осындай мерзімдік баспасөз басылымдарына да қатысты.
Тармақ 8
8. Шетелдерден әкелінетін баспасөз өнімдерін сатумен шұғылданатын жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруге кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануға құқық беретін құжат негіз болады. Шығыс Қазақстан облысының Әкімі аппаратының басшысы Т. Ибраев