Коммунар ауылдық округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Коммунар ауылдық округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Коммунар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Коммунар ауылдық округінің елді мекендеріне көшелер атауы берілсін.
Майшұқыр ауылында:
№ 1 көшесіне – Сары-Арқа атауы
№ 2 көшесіне - Ынтымақ атауы
№ 3 көшесіне - Достық атауы
№ 4 көшесіне - Ащыкөл атауы
№ 5 көшесіне - Абай атауы
№ 6 көшесіне - Бейбітшілік атауы
№ 7 көшесіне - Майшұқыр атауы
Құмкөл ауылында:
№ 1 көшесіне – Болашақ атауы
№ 2 көшесіне - Тұщыкөл атауы
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қорғалжын аудандық мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Г.Қ.Сыздықова