Об утверждении Правил установления и отмены понижающих коэффициентов к тарифам на перевозки грузов железнодорожным транспортом, подлежащим государственному регулированию Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттiк реттеуге жататын темiржол көлiгiмен жүк тасымалдауға арналған тарифтерге кемiту көэффициенттерiн белгiлеу және алып тастау ережесін бекiту туралы Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы"  Заңы  13-бабының 4-тармақшасы, 15-бабының 3-тармақшасын басшылыққа ала отырып, табиғи монополистер көрсететiн қызметтерге арналған тарифтерден шегерiм жасаудың тәртiбi мен шарттарын белгiлеу мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк реттеуге жататын темiржол көлiгiмен жүк тасымалдауға арналған тарифтерге кемiту коэффициенттерiн белгiлеу және алып тастау Ережесi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 2
2. Заң басқармасы (Машинистова Е.Г.) осы бұйрықтың белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Жалпы бөлiмi (Бөкеншин Қ.Н.) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн аумақтық органдарға жеткiзсiн.
Тармақ 4. Мемлекеттiк реттеуге жататын темiржол көлiгiмен жүк тасымалдау тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн белгiлеу және алып тастау Ережелері
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары С.Ш. Құрманғалиевке жүктелсiн. Агенттiк төрағасы Мемлекеттiк реттеуге жататын темiржол көлiгiмен жүк тасымалдау тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн белгiлеу және алып тастау Ережелері
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер " Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы ", " Табиғи монополиялар туралы " және "Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк реттеуге жататын көлiк кәсiпорындары арқылы жүк тасымалдаудың тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн енгiзу мен алып тастаудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеу мақсатында әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Осы Ережелер мемлекеттiк реттеуге жататын көлiк кәсiпорындары арқылы жүк тасымалдаудың тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн белгiлеудiң және алып тастаудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартпен өзгедей ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Тармақ 4
4. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар қолданылады: мемлекеттiк реттеуге жататын жүк тасымалдау тарифтерi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаларды (тарифтердi) мемлекеттiк реттеудi iске асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың бекiтуiне жататын көлiк кәсiпорындары арқылы жүк тасымалдау тарифтерi; мүдделi мемлекеттiк органдар - өз құзыретiнiң күшiмен темiржол көлiгi арқылы қандай да бiр саланың жүктерiн тасымалдаудың Қолданылып жүрген тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн белгiлеуге немесе алып тастауға мүдделi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiн, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнен басқа, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары; өтеу кестесi - клиент пен көлiк кәсiпорны басшысының қолымен расталған клиенттiң көлiк кәсiпорнының алдындағы дебиторлық берешегiн өтеу кестесi. Осы Ережелерде қолданылып отырған өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қолданылады.
Тармақ 2. 2. Төмендету коэффициенттерiн белгiлеу мен алып тастау мақсаттылығының өлшемдерi
2. Төмендету коэффициенттерiн белгiлеу мен алып тастау мақсаттылығының өлшемдерi
Тармақ 5
5. Төмендету коэффициенттерi мемлекет үшiн осы шараның экономикалық тиiмдiлiгi есебiнiң, көлiк кәсiпорнымен клиент үшiн экономикалық мақсаттылығының негiзiнде экономиканың қандай да бiр саласының өнiмдерiн тасымалдау тарифтерiне белгiленедi.
Тармақ 6
6. Қандай да бiр саланың өнiмдерiн тасымалдау тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн (бұдан әрi - төмендету коэффициенттерi) белгiлеу мақсаттылығының негiзгi өлшемдерi:
Тармақша 1
1) бюджетке түсетiн салық төлемдерiн сақтау;
Тармақша 2
2) жаңа жүк тасқынын тарту - тасымалдау көлемiн арттыру;
Тармақша 3
3) жұмыс iстемейтiн немесе әлсiз жұмыс iстейтiн учаскелердi пайдалану мүмкiндiгi;
Тармақша 4
4) өнеркәсiптiк өндiрiстiң қосымша өнiмiнiң экологиялық қауiптiлiгi болып табылады.
Тармақ 7
7. Белгiленген төмендету коэффициенттерiн қолдану клиенттiң дебиторлық берешегi болмаған жағдайда немесе оны өтеу кестесiне сәйкес өтеген, өткен кезеңдермен салыстырғанда тасымалдау көлемiн арттырған (сақтаған) жағдайда iске асырылады. Сонымен бiрге осы тармақтың бiрiншi абзацында белгiленген шарттарды орындау, клиенттiң нақты орындалған тасымалдау көлемiне, уақыттың тиiстi кезеңi үшiн төмендету коэффициенттерiн қолданбай-ақ, қайта есептеу түрiндегi мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн жауапкершiлiгi көзделетiн көлiк кәсiпорны мен клиент арасында шарттар жасасу жолымен iске асырылады.
Тармақ 8
8. Төмендету коэффициенттерi белгiлi бiр кезеңге белгiленедi. Ескерту: 8-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 249-1-ОД  бұйрығымен .
Тармақ 9
9. Төмендету коэффициенттерiн алып тастау мақсаттылығының өлшемдерi мемлекет және (немесе) көлiк кәсiпорны үшiн төмендету коэффициенттерiн одан әрi қолданудың экономикалық тиiмсiздiгi немесе осы Ережелердiң 6-тармағында аталған негiзгi өлшемдерге сәйкессiздiгi болып табылады.
Тармақ 3. 3. Төмендету коэффициенттерiн белгiлеу тәртiбi
3. Төмендету коэффициенттерiн белгiлеу тәртiбi
Тармақ 10
10. Төмендету коэффициенттерiн белгiлеуге мүдделi клиент мұндай белгiлеудiң қажеттiгi туралы өтiнiмдi көлiк кәсiпорнына, мүдделi мемлекеттiк органдарға, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне және Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiне (бұдан әрi - Агенттiк) ұсынуға тиiс. Сонымен бiрге аталған ұйымдар мен мемлекеттiк органдар заңдармен қорғалатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.
Тармақ 11
11. Клиенттiң өтiнiмiне осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес қажеттi материалдар қоса берiлуге тиiс. Өтiнiмге қоса берiлген материалдар мынадай талаптарға жауап беруге тиiс:
Тармақша 1
1) әрбiр бетке - клиент, ал қаржы құжаттарына клиенттiң бас бухгалтерi қол қояды;
Тармақша 2
2) өткен кезең iшiндегi нақты деректер ұсынылуға тиiс.
Тармақ 12
12. Осы Ережелерге сәйкес талап етiлген қажеттi материалдарды ұсынбау немесе толық көлемде ұсынбау өтiнiмдi қараудан бас тарту үшiн негiз болып табылады. Агенттiк, көлiк кәсiпорны, мүдделi мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi 5 күннiң iшiнде өтiнiмдi қарауға қабылдағаны не өтiнiмдi қараудан бас тартқаны туралы клиенттi жазбаша түрде хабардар етуге тиiс. Сонымен бiрге клиент растайтын құжаттарды ұсына отырып, барлық аталған ұйымдар мен мемлекеттiк органдарды екi күн мерзiм iшiнде осы фактi туралы хабарландыруға мiндеттi. Клиент өтiнiмдi қарауға қабылдағаны туралы растайтын құжаттарды белгiленген мерзiмде ұсынбаған жағдайда, көлiк кәсiпорны, мүдделi мемлекеттiк органдар, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi өтiнiмдi Агенттiкте қарауды 5 күннен аспайтын мерзiмге тоқтата тұрады. Мұндай тәртiп бұзушылықтар жойылған жағдайда, өтiнiмдi қарау мерзiмi осы Ережелердiң 14-тармағында көзделген мерзiмдердi ескере отырып, жаңартылады. Аталған тәртiп бұзушылықтар өтiнiмдi қарау тоқтатылған сәттен бастап, 5 күннiң iшiнде жойылмаса, Агенттiктiң өтiнiмдi қабыл алмауына негiз болып табылады.
Тармақ 13
13. Қажет болған жағдайда, Агенттiк, көлiк кәсiпорны, мүдделi мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
Тармақ 14
14. Көлiк кәсiпорны, мүдделi мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi өтiнiм берушiден негiздеушi материалдарды алған күннен бастан 15 күннiң iшiнде төмендету коэффициентiн белгiлеудiң экономикалық мақсаттылығы не мақсатсыздығы туралы қорытындыны Агенттiкке және клиентке ұсынады. Мүдделi мемлекеттiк орган ұсынған қорытындыға 2-қосымшаға сәйкес материалдар қоса берiледi. Уәкiлеттi лауазымды тұлғалар қорытындыға қоса берiлген материалдардың әрбiр бетiне қол қояды. Аталған ұйымдар мен мемлекеттiк органдар қорытындыларды белгiленген мерзiмде ұсынбаған жағдайда, өтiнiмдi Агенттiкте қарау мерзiмi тиiстi қорытындылар алғанға дейiн тоқтатыла тұрады, бiрақ бұл мерзiм 5 күннен аспауға тиiс. Өтiнiмдi қарау тоқтатылған сәттен бастап, 5 күннiң iшiнде аталған ұйымдар мен мемлекеттiк органдар қорытындыларды ұсынбаған жағдайда, Агенттiк сол себеп бойынша өтiнiмдi қабыл алмауға не дербес шешiм қабылдауға құқылы.
Тармақ 15
15. Агенттiк клиент ұсынған негiздеушi материалдарға және көлiк кәсiпорнының, мүдделi мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң қорытындыларына клиенттен материалдарды алған күннен бастап, 30 күннiң iшiнде сараптама жүргiзедi.
Тармақ 16
16. Жүргiзiлген сараптамалардың нәтижелерi бойынша Агенттiк төмендету коэффициенттерiн белгiлеу не мұндай белгiлеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Төмендету коэффициенттерiн белгiлеу туралы шешiм Агенттiк төрағасының бұйрығы түрiнде қабылданады. Төмендету коэффициенттерiн белгiлеу туралы бұйрық мүдделi мемлекеттiк органға, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне, көлiк кәсiпорнына жiберiледi. Төмендету коэффициенттерiн белгiлеуден бас тартқан жағдайда, Агенттiк тиiстi дәлелдеу қорытындысын шығарады, ол клиентке, көлiк кәсiпорнына, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне және мүдделi мемлекеттiк органдарға жiберiледi.
Тармақ 17
17. Егер көлiк кәсiпорны, мүдделi мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi төмендету коэффициенттерiн белгiлеуге келiспегендерi туралы қорытындылар шығарған жағдайда, түпкiлiктi шешiмдi Агенттiк қабылдайды.
Тармақ 18
18. Төмендету коэффициенттерiн белгiлеу туралы ақпаратты көлiк кәсiпорны Агенттiк бұйрығының қолданысқа енгiзiлуiне 10 күн қалғанға дейiн, одан кешiктiрмей клиенттердiң назарына жеткiзуге тиiс.
Тармақ 19
19. Көлiк кәсiпорны Агенттiкке, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне тоқсан сайын уақыттың тиiстi кезеңi iшiнде төмендету коэффициенттерiн қолдана отырып, жүк тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтер туралы ақпарат берiп отырады.
Тармақ 4
4. Төмендету коэффициенттерiнiң қолданылу күшiн алып тастау және ұзарту тәртiбi   <*> Ескерту: 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 249-1-ОД  бұйрығымен .
Тармақ 20
20. Төмендету коэффициенттерiнiң қолданылуы белгiленген мерзiм аяқталғанда тоқтатылады, сонымен бiрге Агенттiк төрағасының төмендету коэффициентiн алып тастау туралы бұйрық шығаруы талап етiлмейдi.
Тармақ 21
21. Агенттiк белгiленген төмендету коэффициенттерiнiң қолданылуын осы Ережелердiң 9-тармағына сәйкес белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн өздiгiнен алып тастауға не, өнеркәсiп өндiрiсi жанама өнiмiнiң экологиялық қауiптi жағдайында, олардың қолданылу күшiн ұзартуға құқылы, бiрақ бiр тоқсаннан аспауға тиiс. Осы шешiм қабылданған жағдайда, Агенттiк қорытынды үшiн көлiк компаниясына, мүдделi мемлекеттiк органдарға, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне өтiнiш жасауға құқылы. <*> Ескерту: 21-тармақ толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 249-1-ОД  бұйрығымен.
Тармақ 22
22. Клиент, көлiк кәсiпорны, мүдделi мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi төмендету коэффициенттерiн алып тастау туралы, сонымен бiрге мұндай алып тастаудың қажеттiгiн негiздейтiн материалдарды ұсына отырып, ұсыныспен Агенттiкке өтiнiш жасауға құқылы.
Тармақ 23. Өз саласының жүктерiн тасымалдау тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн белгiлеуге мүдделi клиент ұсынып отырған материалдар
23. Агенттiк 30 күннiң iшiнде қарауға ұсынылған негiздеушi материалдарды қарайды және оған сараптама жүргiзедi және осы Ережелердiң 9-тармағында көзделген жағдайларда, Агенттiк көлiк кәсiпорнын, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiн және мүдделi мемлекеттiк органдарды жазбаша хабарландыра отырып, белгiленген төмендету коэффициенттерiн алып тастау туралы бұйрық түрiнде шешiм қабылдайды. Белгiленген төмендету коэффициенттерiн алып тастау немесе қолданылу күшiн ұзарту туралы ақпаратты көлiк кәсiпорны Агенттiк бұйрығының қолданысқа енгiзiлуiне 10 күн қалғанға дейiн, одан кешiктiрмей клиенттердiң назарына жеткiзуге тиiс. Төмендету коэффициенттерiнiң қолданылуын алып тастау туралы ұсыныс қабыл алынбаған жағдайда, дәлелдеу қорытындысы шығарылады, ол осындай ұсыныспен өтiнiш жасаған тұлғаларға жiберiледi. Ескерту: 23-тармақ толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 249-1-ОД  бұйрығымен . Мемлекеттiк реттеуге жататын темiржол көлiгiмен жүк тасымалдау тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн белгiлеу және алып тастау ережелерiне N 1 қосымша Өз саласының жүктерiн тасымалдау тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн белгiлеуге мүдделi клиент ұсынып отырған материалдар
Тармақша 1
1) Өтiнiм (еркiн түрде);
Тармақша 2
2) Клиенттiң толық атауы (жеке немесе заңды тұлға), қызметiнiң түрi;
Тармақша 3
3) төмендету коэффициенттерiн белгiлеу нәтижесiнде бюджет алдындағы салық мiндеттемелерiн арттыру (сақтау) есебi енгiзiлген тарифтерге төмендету коэффициенттерiн белгiлеу қажеттiгiнiң анықтама-негiздемесi;
Тармақша 4
4) баланс көлемiндегi қаржы-шаруашылық қызметiнiң талдамасы және өткен жылғы түсiндiрме жазбалар (тоқсан, жарты жыл);
Тармақша 5
5) дәл атауы көрсетiлген жүктердiң номенклатурасы (дайын өнiм, өндiрiске арналған шикiзат);
Тармақша 6
6) шығын баптары бойынша бөлiнген дайын (шығарылатын) өнiмнiң өзiндiк құны;
Тармақша 7
7) шикiзат, дайын өнiм тасымалдауға жұмсалған көлiк шығыстарының құрамы, олардың жалпы шығыстағы үлес салмағы, оның iшiнде жеке темiржол тарифi;
Тармақша 8
8) дайын (шығарылатын) өнiмдi өндiру мен өткiзу және сатып алынатын шикiзат бағаларының серпiндiлiгi;
Тармақша 9
9) дайын (шығарылатын) өнiмдi сату бағасына әсер ететiн шикiзатты сатып алуға арналған шығындар, оның iшiнде жеке темiржол тарифi;
Тармақша 10
10) көлiк кәсiпорнының алдындағы берешектiң жай-күйi (үстiмiздегi айдың бiрi күнгi өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi және клиент пен көлiк кәсiпорны бiрiншi басшысының қолдарымен расталған көлiк кәсiпорнының алдындағы клиенттiң дебиторлық берешегiн өтеу кестесi);
Тармақша 11
11) өткен жылғы айлар бойынша бөлiнген дайын (шығарылатын) өнiм мен шикiзатты тасымалдау көлемiнiң серпiндiлiгi;
Тармақша 12
12) үстiмiздегi жылғы дайын (шығарылатын) өнiмдi және ай сайынғы шикiзатты тасымалдау көлемi;
Тармақша 13
13) бағыттарын ескере отырып, арақашықтығын көрсете отырып, айлар бойынша бөлiнген жылға арналған дайын (шығарылатын) өнiмдер мен шикiзатты тасымалдаудың жоспарланған көлемi;
Тармақша 14
14) шикiзат пен дайын өнiм тасымалданатын жылжымалы құрамның түрi және керек-жарағы;
Тармақша 15
15) шикiзатты берiп тұрушы - кәсiпорынның толық атауы;
Тармақша 16. Мүдделi мемлекеттiк органдардың Агенттiкке ұсынып отырған материалдары
16) өнiмдi сатып алушы (алушы) - алушының толық атауы. Мемлекеттiк реттеуге жататын темiржол көлiгiмен жүк тасымалдау тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн белгiлеу және алып тастау ережелерiне N 2 қосымша Мүдделi мемлекеттiк органдардың Агенттiкке ұсынып отырған материалдары
Тармақша 1
1) төмендету коэффициенттерiн белгiлеу нәтижесiнде бюджет алдындағы салық мiндеттемелерiн арттыру (сақтау) есебi енгiзiлген, саланың белгiлi бiр жүк түрлерiн өнiмдерiн тасымалдау тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн белгiлеу қажеттiгiнiң анықтама негiздемесi;
Тармақша 2
2) iрi субъектiлердiң - жүктiң осы түрiн тасымалдаудың жалпы көлемiндегi үлесi 10%-тен артық жүктiң осы түрiн тасымалдауды iске асыратын жүк жөнелтушiлердiң, жүк алушылардың тiзбесi;
Тармақша 3
3) iрi субъектiлердiң шығын баптары бойынша бөлiнген дайын (шығарылатын) өнiмдерiнiң өзiндiк құны;
Тармақша 4
4) шикiзат, дайын өнiм тасымалдауға жұмсалған көлiк шығыстарының құрамы, олардың жалпы шығыстағы үлес салмағы, оның iшiнде iрi субъектiлер бойынша жеке темiржол тарифi;
Тармақша 5
5) дайын (шығарылатын) өнiмдi өндiру мен өткiзу және сатып алынатын шикiзат бағаларының серпiндiлiгi;
Тармақша 6
6) iрi субъектiлердiң дайын (шығарылатын) өнiмдi сату бағасына әсер ететiн шикiзатты сатып алуға арналған шығындары, оның iшiнде жеке темiржол тарифi;
Тармақша 7
7) iрi субъектiлердiң өткен жылғы айлар бойынша бөлiнген дайын (шығарылатын) өнiм мен шикiзатты тасымалдау көлемiнiң серпiндiлiгi;
Тармақша 8
8) iрi субъектiлердiң үстiмiздегi жылғы дайын (шығарылатын) өнiмдi және ай сайынғы шикiзатты тасымалдау көлемi;
Тармақша 9
9) бағыттарын ескере отырып, арақашықтығын көрсете отырып, айлар бойынша бөлiнген жылға арналған дайын (шығарылатын) өнiмдер мен шикiзатты iрi субъектiлердiң тасымалдауының жоспарланған көлемi;
Тармақша 10
10) iрi субъектiлердiң шикiзат пен дайын өнiм тасымалдайтын жылжымалы құрамның түрi және керек-жарағы;
Тармақша 11
11) iрi субъектiлерге шикiзатты берiп тұрушы - кәсiпорынның толық атауы;
Тармақша 12
12) iрi субъектiлердiң өнiм сатып алушылары (алушылары) - кәсiпорындардың-алушылардың толық атауы.