О государственной статистике Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік статистика туралы
Осы Заң мемлекеттік статистикалық қызмет процесінде, сондай-ақ әкімшілік деректердің сапасын айқындау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
Тармақша 1-1
1-1) арнайы құрылған комиссия – ұлттық санаққа дайындыққа және оны жүргізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаулық мәселелерді шешу үшін құрылған комиссия;
Тармақша 1-2
1-2) ауыл шаруашылығы санағы – ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы деректерді жинау, өңдеу, ресми статистикалық ақпаратты талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау;
Тармақша 2
2) әкімшілік дереккөздер - статистикалық қызметті қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде есепке алу деректерін немесе өзге де деректерді жинауды және (немесе) өңдеуді және (немесе) қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдар, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық объектілердің иегерлері;
Тармақша 3
3) әкімшілік деректер – бастапқы статистикалық және балама деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер
жинайтын және (немесе) өңдейтін және (немесе) қалыптастыратын жеке немесе заңды тұлға жөніндегі жеке-дара сандық (сандар көмегімен өлшенетін) және (немесе) сапалық (белгілі бір қағидат және (немесе) белгі бойынша құрылған) деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері;
Әкімшілік цифрлық деректер әкімшілік деректер бола алады;
Тармақша 3-1
3-1) әкімшілік деректерді ұсыну графигі – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді беретін әкімшілік дереккөздер туралы, әкімшілік деректерді ұсыну кезеңділігі мен мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
Тармақша 3-2
3-2) бағаларды тіркеу – тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың, әкімшілік және балама деректердің негізіндегі бағалар мониторингі;
Тармақша 3-3
3-3) балама деректер – бастапқы статистикалық немесе әкімшілік деректер болып табылмайтын деректер;
Тармақша 3-4
3-4) бастапқы статистикалық деректер – статистикалық нысандарда алынған немесе тіркелген деректер;
Тармақша 4
4) ведомстволық статистикалық байқау - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органды қоспағанда, статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес статистикалық жұмыс жүргізуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін статистикалық байқау;
Тармақша 4-1
Тармақша 4-2
4-2) деректерді бақылаушы – әкімшілік деректердің сапасын бағалау үшін әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде тартылатын, мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің
цифрлық технологиялар саласындағы маманы;
Тармақша 4-3
4-3) деректердің сапасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес деректердің пайдалануға жарамдылық дәрежесін көрсететін сипаттама;
Тармақша 5
5) жалпымемлекеттік статистикалық байқау - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жүргізетін статистикалық байқау;
Тармақша 5-1
5-1) интервьюер – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттер мен үй шаруашылықтарына сауал салуды жүзеге асыратын адам;
Тармақша 6
6) мемлекеттік статистика - ресми статистикалық ақпаратты түзу;
Тармақша 7
7) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган {бұдан әрі - уәкілетті орган) - өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, әкімшілік деректердің сапасын айқындайтын мемлекеттік орган;
Тармақша 7-1
Тармақша 8
8) пайдаланушы - ресми статистикалық ақпаратты алуға өтініш жасайтын және (немесе) оны пайдаланатын тұлға;
Тармақша 9
9) ресми статистикалық ақпарат - статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес және ұлттық санақ жүргізу кезінде мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық ақпарат;
Тармақша 10
10) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигі - пайдаланушыларды статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық көрсеткіштер туралы мәліметтермен қамтамасыз ететін құжат;
Тармақша 11
11) респондент - статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері;
Тармақша 12
12) респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигі - респонденттердің тобы, статистикалық байқаулардың атаулары, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кезеңділігі мен мерзімдері және бастапқы статистикалық деректердің жиналуына жауапты мемлекеттік орган туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
Тармақша 13
13) статистикалық ақпарат - бастапқы статистикалық деректерді және (немесе) әкімшілік және (немесе) балама деректерді өңдеу процесінде алынып, біріктірілген деректер;
Тармақша 14
14) статистикалық әдіснама - статистикалық қызметте пайдаланылатын, белгіленген тәртіппен бекітілген ғылыми негізделген амалдардың, тәсілдер мен әдістердің жиынтығы;
Тармақша 15
15) статистикалық байқау - статистикалық байқау объектісі бойынша бастапқы статистикалық деректерді ғылыми-ұйымдастырып жинау;
Тармақша 16
16) статистикалық байқау объектісі - өздері туралы сандық және (немесе) сапалық сипаттамалар жиналуға тиіс әлеуметтік-экономикалық объект және (немесе) құбылыс не олардың жиынтығы;
Тармақша 17
17) статистикалық жұмыстар жоспары – ұлттық санақтарды қоспағанда, бастапқы статистикалық деректерді жинау, әкімшілік және балама деректерді ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мерзімдерін айқындайтын жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу жоспары;
Тармақша 18
18) статистикалық қызмет - осы қызметті жоспарлауды, статистикалық әдіснаманы әзірлеуді, статистикалық байқау жүргізуді, бастапқы статистикалық, әкімшілік және балама деректерді өңдеуді, талдауды, қорғау мен сақтауды, статистикалық ақпаратты қалыптастыру мен таратуды қамтитын процесс;
Тармақша 19
19) статистикалық нысан - статистикалық құжаттың бастапқы статистикалық деректерді белгіленген тәртіппен алуға немесе тіркеуге арналған қағаз немесе электрондық жеткізгіштегі формуляры {бланк, есептілік нысаны, сұрақтама, сауалнама, санақ парағы және басқа да формулярлар);
Тармақша 20
Тармақша 21
21) статистикалық тіркелім - статистикалық байқау объектісі бірліктерінің сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларымен қоса жүйеге түсірілген тізбесі;
Тармақша 21-1
21-1) талдамалық ақпарат – бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік және (немесе) балама деректерді талдау барысында, оның ішінде бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік және (немесе) балама деректерді өңдеу мен талдаудың инновациялық әдістері негізінде алынған ақпарат;
Тармақша 21-2
21-2) телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі – телефонмен респонденттерге сауал салу арқылы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізуге мүмкіндік беретін
цифрлық жүйе;
Тармақша 21-3
21-3) ұлттық анықтамалық ақпарат – сыныптауыштардың, каталогтардың, анықтамалықтардың, номенклатуралардың және басқа да техникалық-экономикалық ақпараттың жиынтығы;
Тармақша 22
22) ұлттық санақ – халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын қамтитын, статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган жүргізетін арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау;
Тармақша 23
23) үй шаруашылығы - бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан құралған экономикалық субъект;
Тармақша 23-1
23-1) халық санағы – белгілі бір уақыт кезіндегі жағдай бойынша респонденттерді сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинау, өңдеу, ресми статистикалық ақпаратты талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау;
Тармақша 24
24) шаруашылық бойынша есепке алу - үй шаруашылықтары мен шаруа және (немесе) фермер қожалықтары бойынша әкімшілік деректерді қалыптастыру процесі.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және статистикалық ақпаратты түзу мен тарату процесіне байланысты қатынастарға қолданылады.
Тармақ 2
2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргізу саласындағы қатынастар "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңмен реттеледі.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 4. 4-бап. Мемлекеттік статистика органдары
4-бап. Мемлекеттік статистика органдары
Мемлекеттік статистика органдарына:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізетін және (немесе) ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жатады.
Бап 5. 5-бап. Мемлекеттік статистиканың принциптері
5-бап. Мемлекеттік статистиканың принциптері
Мемлекеттік статистиканың негізгі принциптері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік статистиканың жалпы жұрт қабылдаған халықаралық стандарттармен, сыныптамалармен және әдістермен үйлесімді және салыстырмалы болуы;
Тармақша 2
2) статистикалық қызметті жүзеге асыру кезіндегі кәсіптік тәуелсіздік және дербестік;
Тармақша 3
3) пайдаланушылардың ресми статистикалық ақпаратқа теңдей қол жеткізуін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығы және олардың тек қана статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылуы;
Тармақша 5
5) сапасын, уақтылығын, шығындарды және респонденттерге жүктемені ескере отырып, ақпарат дереккөздерінің барлық түрлерін пайдалану;
Тармақша 6
6) ресми статистикалық ақпараттың дәйектілігі, ғылыми негізділігі, уақтылы берілуі мен жалпыға бірдей қолжетімділігі;
Тармақша 7
7) статистикалық ақпараттың, бастапқы статистикалық, әкімшілік және балама деректердің сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Бап 6. 6-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат
6-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаты мемлекеттік статистиканы жасауға, жұмыс істетуге, дамытуға және жетілдіруге бағытталған.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат мемлекеттік статистиканың принциптеріне негізделеді.
Тармақ 3
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға өздерінің осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған құзыреті шегінде қатысады.
Тармақ 4
4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өздерінің қызметінде ресми статистикалық ақпаратты дереккөзге сілтеме жасай отырып пайдаланады, қандай да бір әлеуметтік-экономикалық объект немесе құбылыс бойынша ресми статистикалық ақпаратты алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана ол бойынша өзге ақпаратты жинайды және пайдаланады.
Бап 7. 7-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мақсат және міндеттер
7-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мақсат және міндеттер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік статистиканың мақсаты пайдаланушыларды ресми статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік статистика саласындағы мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:
Тармақша 1
1) статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру.
Тармақша 4
4) әкімшілік деректердің сапасын айқындау.
Бап 8. 8-бап. Ұсынылатын деректердің құпиялылық және қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету
8-бап. Ұсынылатын деректердің құпиялылық және қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. бастапқы статистикалық деректер құпия болып табылады және осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік статистика органдары тек қана статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік статистика органдары бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің респондентке қатысты бастапқы статистикалық деректерді пайдалануына, оның ішінде өздері бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырған кезде пайдалануына жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді қалыптастыру жөніндегі қызметіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де тұлғалардың араласуына жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган қалыптастыратын дерекқордағы мынадай мәліметтер:
Тармақша 1
1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы;
Тармақша 2
2) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша экономикалық қызмет түрі;
Тармақша 3
Тармақша 3-1
3-1) экономика секторларының сыныптауышы бойынша коды;
Тармақша 3-2
3-2) меншік нысандары мен түрлерінің сыныптауышы бойынша коды;
Тармақша 4
4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 5
5) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы бойынша коды;
Тармақша 6
6) заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ дара кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлер саны жөніндегі мөлшерлік сыныптауышы бойынша коды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жалпыға қолжетімді ақпаратқа жататын респонденттер туралы ақпарат құпия болып табылмайды.
Тармақ 5
5. Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде және осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, респондентті тікелей немесе жанама анықтауға немесе ол туралы бастапқы статистикалық деректерді айқындауға мүмкіндік беретін статистикалық ақпарат және дерекқор құпия болып табылады және ол респонденттің келісімі болғанда ғана таратылуы мүмкін.
Сыртқы сауда қызметі және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары және сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін тергеп-тексеру мақсаттары үшін ұсынылады.
Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеуді қолдану мақсаттары үшін ұсынылады.
Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген, ұсынылған мәліметтерді сыртқы сауда қызметі және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары және сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің, шет мемлекеттердің, шет мемлекеттер одағының құзыретті органдарына беруі мүмкін.
Тармақ 6
6. Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, сәйкестендірілмеген түрінде ұсынуға және пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 6-1
6-1. Осы баптың 4-тармағына сәйкес құпия болып табылмайтын мәліметтерді ұсынуға жол беріледі.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік құпияларды қамтитын статистикалық ақпаратты беру тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
Бап 9. 9-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастық
9-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Тармақ 1
Тарау 2. 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 10. 10-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті
10-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік статистика саласындағы құзыреті
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік статистика саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік статистика саласында:
Тармақша 1
1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
Тармақша 2
2) ұлттық санақ жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Бап 12. 12-бап. Уәкілетті органның құзыреті
12-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2-1
2-1) ұлттық санақ жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
Тармақша 2-2
2-2) ұлттық санақтар жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) ғылыми әдістер мен көзқарастар, оның ішінде статистикалық әдістер негізінде жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы бекітеді;
Тармақша 6
6) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды, оның ішінде бағаларды тіркеуді ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 6-1
Тармақша 6-2
Тармақша 7
Тармақша 8
Тармақша 8-1
8-1) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуді бекітеді;
Тармақша 8-2
Тармақша 9
Тармақша 9-1
Тармақша 10
Тармақша 11
Тармақша 12
Тармақша 13
Тармақша 14
Тармақша 15
Тармақша 15-1
15-1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алады;
Тармақша 15-2
15-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардан уәкілетті орган қалыптастыратын ресми статистикалық ақпаратты жүргізу үшін қажетті бастапқы статистикалық және әкімшілік деректерді өтеусіз негізде алады;
Тармақша 15-3
15-3) сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру мақсатында иесіздендірілген түрде жиналатын бастапқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;
Тармақша 15-4
15-4) әкімшілік дереккөздерге жатпайтын балама деректердің меншік иелерімен немесе иеленушілерімен балама деректерді ұсыну туралы келісімдер жасасады;
Тармақша 16
16) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен үй шаруашылықтарынан өздерінің кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алады;
Тармақша 17
17) статистикалық ақпаратты түзу кезінде бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпарат талап етеді;
Тармақша 18
18) респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалаулары анықталған кезде респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап етеді;
Тармақша 18-1
18-1) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарайды;
Тармақша 19
19) әкімшілік деректерді, балама деректерді ресми статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін пайдаланады;
Тармақша 19-1
19-1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салықтық әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді мемлекеттік кіріс органдарына ұсынады;
Тармақша 19-2
19-2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан мемлекеттік тапсырыстар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру кезінде қалыптастырылған деректерді, оның ішінде статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде Жерді қашықтан зондтау деректерін өтеусіз негізде алады және пайдаланады;
Тармақша 20
Тармақша 21
21) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқор жинақтауды, жүргізуді және оны жаңартуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 22
Тармақша 23
23) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық қызметінің мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жүргізу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде бекітілген талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізеді, сондай-ақ талдау жүргізу үшін қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұратады;
Тармақша 23-1
23-1) ұлттық анықтамалық ақпараттың құрылымын, мазмұнын және олардың өзгерістерін келіседі;
Тармақша 23-2
23-2) ұлттық тіркелімдерді қалыптастыруды және өзгертуді келіседі;
Тармақша 24
24) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 24-1
Тармақша 25
Тармақша 26
26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 12-1. 12-1-бап. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика
саласындағы мемлекеттік бақылау
12-1-бап. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика
саласындағы мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау осы бапқа сәйкес қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау:
Тармақша 1
1) әкімшілік деректердің анық еместігін;
Тармақша 2
2) әкімшілік деректердің ұсынылмағанын;
Тармақша 3
3) әкімшілік деректерді жинауға арналған, келісілмеген нысандарды;
Тармақша 4
4) көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемелерін;
Тармақша 5
5) деректер сапасының деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуін;
Тармақша 6
6) ұлттық анықтамалық ақпараттың келісілмеген элементтерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды:
Тармақша 1
1) орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бойынша – уәкілетті органның ведомствосы;
Тармақша 2
2) жергілікті мемлекеттік органдар, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бойынша – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қашықтан бақылау уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері ресми дереккөздерден алған әкімшілік деректерді мониторингтеу, талдау, сапасын бағалау және салыстыру арқылы әкімшілік дереккөзге бармай тұрақты негізде жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Әкімшілік дереккөздің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған кезде қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ресімделеді және бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі, онда мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) қашықтан бақылау жүргізуге уәкілеттік берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы;
Тармақша 4
4) деректерді бақылаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қашықтан бақылау жүргізуге тартылған мамандары, консультанттары, сарапшылары туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) әкімшілік дереккөздің атауы, оның тұрған жері;
Тармақша 6
6) тексерілетін кезең;
Тармақша 7
7) анықталған бұзушылықтар және орындау мерзімі көрсетіле отырып, оларды жою туралы талаптар;
Тармақша 8
8) қашықтан бақылау жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.
Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ол электрондық құжат айналымы бойынша немесе ресми дереккөздерден (әкімшілік дереккөздің интернет-ресурсы) алынған электрондық мекенжай бойынша не алынғанын тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген жағдайларда тиісінше жеткізілді деп есептеледі.
Тармақ 6
6. Әкімшілік дереккөз қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны оны алған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды міндетті түрде ұсына отырып орындайды.
Тармақ 7
7. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды белгіленген мерзімде орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік іс жүргізу қозғалады.
Осы баптың 2-тармағының 3),4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау, сондай-ақ осы бапқа сәйкес жүргізілген алдыңғы тексерулердің теріс нәтижелері әкімшілік дереккөзді мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізуге негіз болып табылады.
Тармақ 8
8. Мерзімдік тексеру уәкілетті орган ведомствосының бірінші басшысы тексеру жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 маусымына дейін бекітетін және тексеру жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымына дейін оның интернет-ресурсында орналастырылатын мерзімдік тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарлары негізінде әкімшілік дереккөзге бару арқылы жүргізіледі.
Мерзімдік тексеруді жүргізудің жартыжылдық жоспарларында мыналар қамтылады:
Тармақша 1
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) әкімшілік дереккөздің атауы;
Тармақша 4
4) әкімшілік дереккөздің тұрған жері;
Тармақша 5
5) тексерудің нысанасы;
Тармақша 6
6) тексеру жүргізу мерзімдері;
Тармақша 7
7) жартыжылдық жоспарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу әкімшілік дереккөз таратылған, қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, сондай-ақ радиациялық авариялар және олармен байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің өзгертілген жартыжылдық жоспарлары өзгерістер туралы белгі қойыла отырып, уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 9
9. Жоспардан тыс тексеру:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзудың нақты фактілері бойынша прокурордың талаптары, құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзудың нақты фактілері бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың хабарлары немесе өтініштері;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзудың нақты фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар;
Тармақша 4
4) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмалары негізінде әкімшілік дереккөзге бару арқылы жүргізіледі.
Анонимдік жолданымдар болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
Тармақ 10
10. Уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері әкімшілік дереккөзді мерзімдік тексеру жүргізудің басталатыны туралы ол басталғанға дейін кемінде үш тәулік бұрын, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, электрондық құжат айналымы немесе ресми дереккөздерден (әкімшілік дереккөздің интернет-ресурсы) алынған электрондық мекенжай бойынша не алынғанын тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабардар етуге міндетті.
Тармақ 11
11. Уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің әкімшілік дереккөзге тексеруге келген лауазымды адамдары тексеруді тағайындау туралы актіні, қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.
Тармақ 12
12. Әкімшілік дереккөзге тексерудің тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру мерзімінің басталуы деп есептеледі, онда мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің күні мен нөмірі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 4
4) деректерді бақылаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары, сарапшылары туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) әкімшілік дереккөздің атауы, оның тұрған жері;
Тармақша 6
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
Тармақша 7
7) тексерудің түрі;
Тармақша 8
8) тексеру жүргізу мерзімі;
Тармақша 9
9) тексеру жүргізу негіздері;
Тармақша 10
10) тексерілетін кезең;
Тармақша 11
11) осы бапта көзделген әкімшілік дереккөздің құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 12
12) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы;
Тармақша 13
13) әкімшілік дереккөз басшысының немесе басшының міндетін атқарушы адамның актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
Тексерулерді тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және ұзарту туралы актілерге уәкілетті орган ведомствосының басшылығы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бірінші басшысы қол қояды және танысу үшін әкімшілік дереккөздің басшысына немесе басшының міндетін атқарушы адамға табыс етіледі.
Тармақ 13
13. Тексеру мерзімінің өту барысы табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың қолданылуы, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуының, уланулардың, сондай-ақ радиациялық авариялардың және оларға байланысты шектеулердің туындауының немесе олардың туындау қатерінің мерзіміне, сондай-ақ тексерулер жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік іс жүргізулер мен рәсімдер жүзеге асырылған жағдайларда тоқтатыла тұрады.
Тексеру мерзімінің өту барысы табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың қолданылуы, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуының, уланулардың, сондай-ақ радиациялық авариялардың және оларға байланысты шектеулердің туындауы немесе олардың туындау қатері тоқтатылған, сондай-ақ тексерулер жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік іс жүргізулер мен рәсімдер тоқтатылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайта басталады.
Тексеру мерзімінің өту барысы әкімшілік дереккөз таратылған жағдайларда тоқтатылады.
Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла отырып, отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексерулер жүргізу мерзімі тек бір рет ұзартылуы мүмкін.
Тексерулерді жүргізу мерзімдерін ұзарту әкімшілік дереккөзді хабардар ете отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарламаны әкімшілік дереккөзге табыс етілгені туралы хабарламамен ұзартуға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
Тармақ 14
14. Тексерулердің нәтижелері бойынша уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы тексеру нәтижелері туралы қорытынды жасайды, онда мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (болған жағдайда мерзімді ұзарту туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі;
Тармақша 4
4) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер олар жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) және лауазымдары;
Тармақша 5
5) деректерді бақылаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының тексеру жүргізуге тартылған мамандары, консультанттары, сарапшылары туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) әкімшілік дереккөздің атауы, оның тұрған жері;
Тармақша 7
7) тексерудің түрі;
Тармақша 8
8) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
Тармақша 9
9) тексерудің нысанасы;
Тармақша 10
10) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
Тармақша 11
11) талаптарды орындау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
Тармақша 12
12) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбалары;
Тармақша 13
13) әкімшілік дереккөз басшысының немесе басшының міндетін атқарушы адамның, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындының бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы танысу үшін қағаз жеткізгіште қол қойғызып, әкімшілік дереккөз басшысына немесе басшының міндетін атқарушы адамға табыс етіледі, үшінші данасы уәкілетті органның ведомствосында немесе оның аумақтық бөлімшесінде қалады.
Тармақ 15
15. Әкімшілік дереккөзге тексеру нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
Тармақ 16
16. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды әкімшілік дереккөз қорытынды жасаған уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды міндетті түрде ұсына отырып, тексеру аяқталған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жояды.
Тексеру жүргізу кезінде бұзушылықтар болмаған жағдайда тексеру нәтижелері туралы қорытындыда тиісті жазба жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда әкімшілік дереккөз оларды жазбаша түрде жазады және тексеру аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қорытынды жасаған уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне электрондық құжат айналымы арқылы жібереді.
Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі әкімшілік дереккөздің қорытындыға ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды және уәжді жауап береді.
Тармақ 18
18. Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда, сондай-ақ тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар әкімшілік дереккөздің орындауы үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 19
19. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік іс жүргізу қозғалады.
Тармақ 20
20. Уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) рұқсаттамалық және объектішілік режимнің белгіленген талаптарын сақтай отырып, әкімшілік дереккөздің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
Тармақша 2
2) тексеру нәтижелеріне қоса тіркеу үшін әкімшілік деректерді, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға және қажет болған кезде оларды қашықтан бақылау жүргізуде пайдалануға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділікті алуға;
Тармақша 4
4) деректерді бақылаушыларды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының өзге де мамандарын, консультанттарын, сарапшыларын тартуға;
Тармақша 5
5) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) осы бапта көзделген әкімшілік дереккөздің міндеттемелерін орындаудан бас тарту фактілерін бейнетүсірілімге тіркеп-белгілеуге құқығы бар.
Тармақ 21
21. Уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
Тармақша 2
2) осы бапта белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте қашықтан бақылау мен тексерулер жүргізуге;
Тармақша 3
3) тексерулер жүргізу кезеңінде әкімшілік дереккөздің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамауға;
Тармақша 4
4) тексерулер жүргізу кезінде әкімшілік дереккөз басшысының немесе басшысы міндетін атқарушы адамның қатысуына кедергі жасамауға, тексерулер нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
Тармақша 5
5) әкімшілік дереккөзге тексерудің нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;
Тармақша 6
6) әкімшілік дереккөзге тексеру нәтижелері туралы қорытындыны немесе қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны табыс етуге;
Тармақша 7
7) қашықтан бақылау және тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға міндетті.
Тармақ 22
22. Әкімшілік дереккөздер өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау жүргізілген кезде:
Тармақша 1
1) егер әкімшілік деректер, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтер жүргізілетін қашықтан бақылау және тексерулер нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
Тармақша 2
2) қашықтан бақылау және тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы негізделген өтінішпен бес жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне жүгінуге;
Тармақша 3
3) қашықтан бақылау және тексеру нәтижелеріне, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
Тармақша 4
4) тексерулердің жүзеге асырылу процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексерулер шеңберінде жүргізіп жатқан жекелеген әрекеттерін аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен оның қызметіне кедергі жасамай тіркеп-белгілеуге құқылы.
Тармақ 23
23. Әкімшілік дереккөздер өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау жүргізілген кезде:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының әкімшілік дереккөздің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік бақылау нәтижелеріне қоса тіркеу үшін әкімшілік деректерді, сондай-ақ қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарына ұсынуға;
Тармақша 3
3) қорғау не Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділікті беруге;
Тармақша 4
4) тексеруді тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері туралы қорытындыға белгі жасауға;
Тармақша 5
5) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тексерулер жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
Тармақша 6
6) тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарламада көрсетілген тағайындалған тексеру мерзімдерінде әкімшілік дереккөз тұрған жерде болуға міндетті.
Бап 12-2. 12-2-бап. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика
саласындағы мемлекеттік бақылау
12-2-бап. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика
саласындағы мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Тиісті мемлекеттік статистика органдары осы Заңға сәйкес респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге бармай жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Респонденттерге бармай мемлекеттік бақылау респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде ұсынбауын, сондай-ақ олардың анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынуын анықтау түрінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Респондентке бармай мемлекеттік бақылау:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес респонденттер ұсынатын статистикалық нысандарды;
Тармақша 2
2) бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін ресми статистикалық ақпаратты түзу кезінде өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша алынған ақпаратты талдау арқылы статистикалық нысанда белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Респонденттердің анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынғаны анықталған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары статистикалық нысанды қайта ұсыну не ұсынылған бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растайтын қосымша ақпаратты бір жұмыс күні ішінде беру арқылы бастапқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттілігі туралы бұрын ұсынылған статистикалық нысандарда көрсетілген байланыс деректері (ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжай) бойынша респондентке хабарлайды.
Респонденттердің анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынғанын көрсететін жеткілікті негіз болған кезде мемлекеттік статистика органдары Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғайды.
Тармақ 5
5. Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде ұсынбағаны анықталған кезде мемлекеттік статистика органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғайды және респондент бұрын ұсынылған статистикалық нысандарда көрсеткен байланыс деректері бойынша немесе ресми дереккөздерден алынған байланыс деректеріне (ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжай) хабар жіберу жолымен респонденттен бастапқы статистикалық деректер бар тиісті статистикалық нысандарды ұсынуды талап етеді.
Бап 13. 13-бап. Мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті
13-бап. Мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті
Осы Заңның 4-бабының 2) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік статистика органдары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен статистикалық әдіснаманы әзірлейді, қалыптастырады және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 2-1
2-1) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 3
3) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес ведомстволық
статистикалық байқауларды жүргізеді және ресми статистикалық
ақпаратты қалыптастырады;
Тармақша 4
4) статистикалық ақпаратты түзу кезінде бұрмалаушылықтар, қателер, ағаттықтар анықталған жағдайда бастапқы статистикалық деректердің дәйектілігін растау үшін респонденттерден қосымша ақпарат талап етеді;
Тармақша 5
5) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу кезінде респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;
Тармақша 5-1
5-1) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қайта қарайды;
Тармақша 5-2
5-2) үшінші тұлғаларға бермей статистикалық мақсаттарда ғана пайдалану үшін уәкілетті органнан иесіздендірілген бастапқы статистикалық деректерді сұрау салу негізінде алады;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 14. 14-бап. Уәкілетті орган
14-бап. Уәкілетті орган
Тармақ 1
Бап 15. 15-бап. Уәкілетті органның тәуелсіздігін қамтамасыз ету
15-бап. Уәкілетті органның тәуелсіздігін қамтамасыз ету
Бап 16. 16-бап. Әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен міндеттері
16-бап. Әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Әкімшілік дереккөздердің осы Заңның 26-бабына сәйкес ресми статистикалық ақпаратты алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыруға және шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Әкімшілік дереккөздер:
Тармақша 1
1) ұлттық анықтамалық ақпаратты қолдануға;
Тармақша 2
2) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды уәкілетті органмен келісу бойынша бекітуге;
Тармақша 2-1
2-1) уәкілетті органмен келісу бойынша ғылыми әдістер мен тәсілдер негізінде көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін бекітуге және оларды өздерінің интернет-ресурстарында жариялауға;
Тармақша 2-2
2-2) әдістеме өзгерген жағдайда әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын, жарияланған статистикалық ақпаратты қайта қарауға және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде өзгерістер тарихын жариялауға;
Тармақша 3
3) әкімшілік деректерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өтеусіз негізде уәкілетті органға ұсынуға;
Тармақша 4
4) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес әкімшілік деректердің сапасын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органға банктік құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, әкімшілік деректерді ұсынады.
Бап 17. 17-бап. Респонденттердің құқықтары мен міндеттері
17-бап. Респонденттердің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Респонденттердің:
Тармақша 1
1) ресми статистикалық ақпаратты алуға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік статистика органдарынан бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтауды талап етуге;
Тармақша 3
3) уәкілетті органнан статистикалық нысандарды толтыру тәртібі жөнінде түсініктер алуға;
Тармақша 3-1
3-1) бастапқы статистикалық деректерді мынадай тәсілдердің бірімен:
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен электрондық түрде;
қағаз жеткізгіште;
телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы;
интервьюер жеке сауал салуды жүргізген кезде ұсынуға;
Тармақша 4
4) бастапқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсыну үшін қажетті статистикалық нысанды және (немесе) бағдарламалық қамтылымды өтеусіз негізде алуға;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган көрсететін мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Респонденттер:
Тармақша 1
1) статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға;
Тармақша 1-1
1-1) статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні
цифрлық жүйеде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбауына алып келген техникалық ақаулардың туындағанын растау болған кезде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және мерзімді ауыстыру туралы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған хабарлама негізінде техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күні статистикалық нысандарды ұсынуға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік статистика органдарының осы Заңда көзделген талаптарын орындауға міндетті.
Бап 18. 18-бап. Пайдаланушылардың құқықтары
18-бап. Пайдаланушылардың құқықтары
Пайдаланушылардың:
Тармақша 1
1) ресми статистикалық ақпаратқа бір мезгілде және теңдей қол жеткізуге;
Тармақша 2
2) ресми статистикалық ақпаратты дереккөзге сілтеме жасай отырып жеке мақсатта пайдалануға құқығы бар.
Тарау 3. 3-тарау. СТАТИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
3-тарау. СТАТИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Бап 19. 19-бап. Статистикалық қызметті жоспарлау
19-бап. Статистикалық қызметті жоспарлау
Тармақ 1
1. Статистикалық қызмет уәкілетті орган бекіткен статистикалық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспарын орындау үшін респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін бекітеді.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспарын, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ статистикалық қызметті талдау қорытындысы негізінде күнтізбелік үш жылға арнап қалыптастырады. Мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз ұсыныстарын статистикалық жұмыстар жоспарына жылына бір реттен аспайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, ол бекітілетін жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспары бекітілетін жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Бап 20. 20-бап. Статистикалық байқау
20-бап. Статистикалық байқау
Тармақ 1
1. Мемлекеттік статистика органдары статистикалық байқауларды статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық нысандар бойынша жүргізеді.
Тармақ 2
2. Статистикалық байқауларды жүргізу кезінде оған орталық және жергілікті атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, олардың бірлестіктерінің араласуына жол берілмейді.
Бап 21. 21-бап. Ұлттық санақтар
21-бап. Ұлттық санақтар
Тармақ 1
1. Ұлттық санақтарды жүргізу қажеттігін уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган ұлттық санақтарды статистикалық жұмыс жоспарынан тыс жүргізеді.
Тармақ 3
3. Ұлттық санақтар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді уәкілетті органға да, арнайы құрылған комиссияға да жүктеуі мүмкін
Тармақ 4
4. Ұлттық санақтар барысында алынған мәліметтер бастапқы статистикалық деректерге жатады және олар жеке немесе заңды тұлғаға мүліктік және моральдық зиян келтіру, олардың құқықтары мен бостандықтарының іске асырылуын қиындату мақсатында пайдаланылмауға тиіс.
Тармақ 5
5. Ұлттық санақтар жүргізу кезінде респонденттер бастапқы статистикалық деректерді міндетті түрде өтеусіз негізде ұсынады.
Бап 22. 22-бап. Статистикалық әдіснама
22-бап. Статистикалық әдіснама
Тармақ 1
Бап 23. 23-бап. Ұлттық анықтамалық ақпарат және статистикалық тіркелімдер
23-бап. Ұлттық анықтамалық ақпарат және статистикалық тіркелімдер
Тармақ 1
1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін пайдалану кезінде ұлттық анықтамалық ақпарат қолданылады.
Ұлттық анықтамалық ақпарат элементтерін уәкілетті мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 2
2. Статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін уәкілетті орган мынадай статистикалық тіркелімдерді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері туралы ақпаратты қамтитын статистикалық бизнес-тіркелімді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ одан тыс жерлерде уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ақпаратты қамтитын халықтың статистикалық тіркелімін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін субъектілер жөнінде ақпаратты қамтитын ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімін;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлері туралы ақпаратты қамтитын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Статистикалық тіркелімдер тек қана статистикалық мақсаттарда жүргізіледі және оларды статистикалық байқау объектілерінің тіркелімдерде қамтылған қасиеттерін және (немесе) сандық сипаттамаларын ресми растау үшін пайдалануға болмайды.
Тармақ 4
Тармақ 5
Тармақ 6
Тармақ 7
Тармақ 8
8. Статистикалық тіркелімдердің деректеріне жаңартып отыру бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік деректер және (немесе) балама деректер негізінде жүргізіледі.
Бап 23-1. 23-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия
23-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия
Тармақ 1
1) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мен респонденттер ұсынған, жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар кезінде алынған бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу, сондай-ақ алынған әкімшілік деректерді және (немесе) балама деректерді өңдеу және ресми статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыру кезінде электрондық түрде өңдеу кезеңінде оларды сақтау;
Тармақша 1
1) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар және ұлттық санақтар кезінде алынған, аумақтық статистика органдары мен респонденттер ұсынған бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және оларды электрондық түрде сақтау;
Тармақша 2
2) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистикалық тіркелімдерді, уәкілетті органның интернет-ресурстарын қалыптастыру, қолдап отыру және жаңартып отыру;
Тармақша 3
3)статистикалық жарияланымдарды қалыптастыру және статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес уәкілетті органның таратуына жататын ресми статистикалық ақпаратты, сондай-ақ ұлттық санақ қорытындылары туралы ақпаратты тарату;
Тармақша 4
4) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыру жатады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
Бап 24. 24-бап. Статистикалық ақпаратты қалыптастыру дереккөздері
24-бап. Статистикалық ақпаратты қалыптастыру дереккөздері
Статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезінде:
Тармақша 1
1) бастапқы статистикалық деректер;
Тармақша 2
2) әкімшілік деректер;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпараты;
Тармақша 4
4) басқа мемлекеттердің статистика органдары мен халықаралық ұйымдардың статистикалық ақпараты;
Тармақша 5
5) балама деректер дереккөз ретінде қызмет етеді.
Статистикалық ақпаратты қалыптастыру статистикалық әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Балама деректерді олардың меншік иелері немесе иеленушілері уәкілетті органға балама деректерді беру туралы жасалған келісімдерге сәйкес өтеусіз негізде ұсынады.
Бап 25. 25-бап. Өңдеу және сақтау
25-бап. Өңдеу және сақтау
Тармақ 1
1. Статистикалық байқаулар жүргізу кезінде алынған бастапқы статистикалық деректер және (немесе) әкімшілік деректер және (немесе) балама деректер статистикалық әдіснамаға сәйкес және мемлекеттік статистиканың принциптері сақтала отырып өңделеді.
Тармақ 2
2. Бастапқы статистикалық немесе әкімшілік немесе балама деректерді қамтитын қағаз жеткізгіштер электрондық жеткізгіштерге міндетті түрде көшірілуге жатады және көрсетілген деректер негізінде қалыптастырылған ресми статистикалық ақпарат таратылған кезден бастап кемінде бір жыл сақталады. Бастапқы статистикалық немесе әкімшілік немесе балама деректерді қамтитын электрондық жеткізгіштер кемінде елу жыл сақталады.
Бап 26. 26-бап. Статистикалық ақпаратты тарату
26-бап. Статистикалық ақпаратты тарату
Тармақ 1
1. Ресми статистикалық ақпарат ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық жұмыс жоспарында көзделген көлемде таратылуға жатады.
Тармақ 1-1
1-1. Ұлттық санақ жүргізу кезіндегі ресми статистикалық ақпарат оның аяқталу қорытындылары бойынша таратылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік статистика органдары пайдаланушыларға сапалы ресми статистикалық ақпаратқа, оның ішінде машинада оқылатын деректер және статистикалық әдіснама форматындағы ақпаратқа бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарды оларды мемлекеттік статистика органдарының интернет-ресурстарында және
«цифрлық үкімет» веб-порталының ашық деректер интернет-порталында орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін статистикалық және талдамалық ақпарат уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өтеулі негізде беріледі.
Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттіктерін жүзеге асыруы мақсатында олардың біржолғы сауалдары негізінде ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын бастапқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпарат, осы Заңның 8-бабының талаптары сақтала отырып, уәкілетті орган белгіленген тәртіппен өтеусіз негізде берілуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Статистикалық ақпаратты тарату Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары сақтала отырып қамтамасыз етіледі.
Тармақ 4-1
4-1. Цифрлық деректер өнімін тарату Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары сақтала отырып қамтамасыз етіледі.
Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік және (немесе) баламалы деректер және (немесе) статистикалық және (немесе) талдамалық ақпарат дереккөздер болып табылады. Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдар әкімшілік деректер бойынша қалыптастырылатын статистикалық ақпаратты өздері дербес таратады.
Тарау 4. 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 27. 27-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
27-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы
заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
жауаптылыққа әкеп соғады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік статистика органдарының жұмыскерлері респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бастапқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорды жоғалтқаны, сатқаны, бергені және өзге де заңсыз жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік статистика органдары қызметкерлерінің немесе олардың лауазымды адамдарының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бастапқы статистикалық деректерді не статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, жария етуі салдарынан жеке немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуге жатады.
Бап 28. 28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. "Мемлекеттік статистика туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 91-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; 2002 ж., № 1, 3-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 143-құжат; 2007 ж., № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 жылғы 9 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.