О Правилах безопасности граждан на водоемах Карагандинской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысының су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздік ережесі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық Мәслихатының VIII сессиясының 2004.07.01 N 118 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жерілікті өкілді және атқаруші органдары туралы» Заңының 40 және 41 баптары негізінде Қарағанды облыстық Мәслихаты шешім етті:
Тармақ 1
1. ҚР Әділет министерлігінде келісіліп мақұлданған (18.04.1998ж. № 498) және ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің «Қазақстан Республикасының су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігінің үлгі ережесін бекіту турал» 17.12. 1997 ж. өаулысына сәйкес «Облыстың су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздік ережесі» бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік басқарудың барлық жергілікті органдары өздерінің практикалық қызметінде бекітілген Ережені басшылыққка алып, оның қатаң сақталуын қамтамасыз ететін шаралар қолдансын.
Басқа 3. Қарағанды облысы су қоймаларында азаматтардың қаупсіздік Е Р Е Ж Е С І
Облыстық Мәслихаттың 23.12.1999 ж. II сессиясының № 4 шешіміне қосымша Қарағанды облысы су қоймаларында азаматтардың қаупсіздік Е Р Е Ж Е С І
Тармақ 1
1. Жалпы ереже
Тармақ 1.1
1.1. Өсы Ереже Қарағанды облысы су қоймаларында жаппай демалыс, туризм және спорт мақсатында өзен -көлдерінде пайдалану ретін белгілейді.
Тармақ 1.2
1.2. Ереже меншік түріне қарамастан азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде су қоймалары иелері мен оны пайдаланушылардың міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.
Тармақ 1.3
1.3. Жергілікті атқарушы органдар азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтай мақсатында, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаппай демалыс түрлерін және шомылу, қайықпен жүзуге болмайтын жерлерді, сондай -ақ, әкімшілік аймақтардағы жалпы қолданылатын басқалай су қоймаларында анықтайды.
Тармақ 1.4
1.4. Су жиектерінде құтқару постылары жлқ және арнайы даярлықтан өткен құтқарушы кадрларсыз, тиісті облыстық суда құтқару қызметі мен облыстық мемлекеттік санэпидқызметтің рұқсатынсыз жағажайлар, еңбек және демалыс лагерлерін су станцияларсыз және де басқадай және де басқадай жаппай демалыс объектілерін ашуға тыйым салынады.
Тармақ 1.5
1.5. Барлық меншік түріндегі ұйымдар өздеріне бекітілген су қоймаларында адамдардың өмірін сақтауға жауапты, құтқару постыларын ашып, оны ұстауға міндетті. Құтқарушыларды оқытуды солардың есебінен облыстық суда құтқару қызметкерлері іске асырады.
Тармақ 1.6
1.6. Ұйым басшылары су үстінде спорттық жарыстар мен мерекелер, экскурсиялар өткізген кезде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты адамдарды тағайындап, кұтқару постыларын қоюға міндетті.
Тармақ 1.7
1.7. Ведомстволық және қоғамдық құтқару постыларының жқмысына бақылау жасау сол постылар бағынышты әкімшілік ұйымдарға, сондай -ақ облыстық суда құтару қйымының аймақтық бөлімшесіне жүктеледі.
Тармақ 1.8
1.8. Жағайжайларда, су жиегінде жаппай демалыс орындарында, қайықтарда жалға беретін станцияларда, шағын кемелердің тұратын базаларында, су өткелдері мен пристандарда тиісті жабдықтар мен малту құралдарын пайдаланудағы қауіпсіздік ережелері ілінуге тиісті.
Тармақ 1.9
1.9. Барлық меншіктегі ұйымдардың басшылары су жиенгінде жер қазғанда, мұз ойғанда, суаттардың түбін терендеткенде жұртшылық демалатын орындарда сол жұмыс жүріп жатқан учаскелерді қоршауға алып, жұмыс біткен соң, судың түбін тегістеуге міндетті.
Тармақ 1.10
1.10. Суға түсу маусымының ұзақтығы, су, спорттық және құтқару сианцияларының, жағажайлар, малту бассейндерінің жұмыс уақыты, жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып, сол объектілер бағынышты ұйымдардың басшылары белгілейді.
Тармақ 1.11
1.11. Жеке құтқару құралдарынсыз су қоймаларында шеңберінде балық аулауға немесе аң аулаға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Жағажайлар, малту бассейндері және су жиенгіндегі жаппай демалыс орындарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Тармақ 2.1
2.1. Жағажайға және су жиенгінде жаппай демалыс орындарына қойылатын талаптар: - суға түсетін аймақтың жағасы және оған жақын жерлер «тұрғылықты жерлердегі аймақтарды ұстаудың санитарлық ережесіне» және «дене шынықтыру, спорт пен шұғылданудың құрылымы мен ұстаудың санитарлық ережелеріне» сай болуы керек; - су қоймаларында түбі қатты, жағадан біртіндеп төмендеген және оқыс шұңқыры жоқ, терендігі 1,75м. Болып, ені жағадан 15 м. -дан кем болмауы, түбінде балдыр, басқадай өсімдіктер, бұта, тас, шыны, банкі және басқадай заттар болмауға тиісті. Көл, өзендерде әрбір үлкен адамға шомылатын аймақ бес шаршы метрден, әрбір балаға төрт шаршы метрден, ал ақпайтын суларда 10-нан 15-шаршы метрге дейін аймақ болуға тиісті; - жағажайлар мен жаппай демалыс орындары жергілікті атқарушы органдары белгілеген мөлшерде, бірақ та суағарлардан кемінде 500 метр және порттық мекендерден, кемелер тұратын айлақтардан, паром өткелдерінен, мұнай сақталатын жерлерден кемінде мың метр қашықтықта болуы керек. Жағажайға түсетін жер жадағай болуға тиісті; - шомылуға бөлінген су объектілеріне суық су шығатын көздер, су айналымдары болмауы қажет, бұл жерлердегі судың ағымы 0,5 м/с дан аспауы қажет, судың ағыны қатты болған жағдайда оны бөгейтің жабдфқтар орнатылуы қажет; - су қоймаларында судың сапасы гигиеналық талаптарға, яғни, мәдени демалыс мақсатындағы объектілердегі судың сапасына қойылатын талаптарғай сай болуға тиіс.
Тармақ 2.2
2.2. Шомылатын жерлердегі 1,2-1.3 метр терендікте су өлшегіштер қойылады. Шомылатын жердегі малтып баруға болатын шекара бір бірінен 25-30 м. Болатын қашықтықта қызғылт сары түсті буйка, сонымен қоса 1,3 м.терендіктен 25 м. Қашықтықта буйкалар қойылады. Малтып баруға болатын шекара кемелердің жүретін аймағына кірмеуге тиісті.
Тармақ 2.3
2.3. Әрбір жағажайдағы шомылатын жерде малту білмейтіндерге арналған және балаларды үйретуге арналған терендігі 1,2 м. Участке бөлінуі керек. Бұл участкелер тростарға бекітілген қалқымалар арқылы бөлінеді немесе арнайы қабырғамен бөлінеді.
Тармақ 2.4
2.4. Шомылуға болмайтын жерлерде, соның ішінде бактерологиялық немесе химиялық ластанған жерлерде «Шомылуға болмайды» деген жазу болуы керек.
Тармақ 2.5
2.5. Жағажайлар мен су жиенгіндегі демалыс орындарында дыбыс күшейткіш және мүмкіндігіне қарай телефон мен радиобайланыс болуы керек.
Тармақ 2.6
2.6. Жаппай демалыс орындарында спирттік ішімдіктер сатуға қатан тыйым салынады.
Тармақ 2.7
2.7. Жағажайда, ұйымдасқан шомылу орындарында әрбір 50 метр және судан 5 метр қашықтықта үстіне құтқару жабдықтары қойылған арнаулы шиттер қойылады. Құтқару жабдықтарының бір жағында «Батып бара жатқан адамға лақты» деген және екінші жағында сол жағадайдың атауы болуға тиісті.
Тармақ 2.8
2.8. Жағажайлар мен су жиегінде жаппай демалу орындарында міндетті түрде алғашқы медициналық көмек көрсету орны мен кезекші дәрігер болуға тиісті. Алғашқы медициналық көмек пункттері суға түсу кезінде жарақат алған немесе батып кеткен адамдарға көмек көрсететін жабдықтармен және дәрі- дәрмектермен қамтамасыз етілуге тиісті.
Тармақ 2.9
2.9. Жаппай шомылу орындарында, жағажайлар мен демалыс базаларында, жүзу бассейіндеріндң су үстінде бақытсыздыққа ұшыраудың алдын алуға байланысты материалдар бар стенділер көрнекті жерге қойылуы керек. Буйлардың, стенділердің және басқадай белгілердің дер кезінде қойылу жауапкершілігі су иелеріне жүктеледі және солардың есебінен жасалады.
Тармақ 2.10
2.10. Әрбір жағажайда ол жұмыс істеп тұрган мезгілде тәртіпті бақылайтын жағажай әкімшілігінің өкілі болуы қажет. Жасқа дейәнгә балалар тек қана үлкендердің бақылауымен жағажайға жіберіледі. 2.11.Шомылатын жерлерде су ағысының жоғарғы жағында 500 метрге дейін кір жууға немесе малдарды тоғытуға болмайды. 2.12.Суға түсетіндерге мынадай тыйым салынады: - буйлар мен қоршау белгілерінен әрі малтуға; - моторлы, парусты немесе өз бетімен жүрмейтін кемелерге, қайықтарға, баржаларға және басқадай қалқу құралдарына жақын малтып баруға; - арнайы мақсатқа икемделмеген қайықтардан, катерден, су велосипедтерінен, айлақтар мен басқадай жерлерден суға секіруге; - мас күйінде суға түсуге немесе шомылуға; - тақтай, бөрене, автомашина камералары, доп үстінде малтуға; - суға сүңгитін және су астында күресумен байланысты су үстіндегі ойындарға жол берілмейді; - жағажайға ит немесе басқадай хайуандарды әкелуге; - суаттарды ластауға немесе балғайға; - жағада қағаздар, банкілер, шынылар және де басқадай қоқыстарды қалдыруға.
Тармақ 2.13
2.13. Малту сабақтары арнайы бөлінген орында өткізілуге тиісті. Су үстіндегі адамдардың қауіпсіздігіне малтуды үйретуші немесе жаттықтырушы (нұсқаушы, жаттықтырушы, тәрбиеші) жауап береді.
Тармақ 2.14
2.14. Топтасып малтуды үйрену кезінде бір топтағы адамның саны 10-нан аспауға тиіс. Үйреніп жатқан топқа оқытушыдан басқа кезекші құтқарушы және медицина қызметкері үнемі бақылау жасауы керек.
Тармақ 2.15
2.15. Су спорты түрімен айналысатын барлық адамдар суда құтқару тәсілдерін және зардап шеккендерге дәрігер келгенге дейінгі көмек көрсете білуі міндетті.
Тармақ 2.16
2.16. Биіктігі метр және одан биік суға секіретін мұнараға шығу тек қана нұсқаушының (жаттықтырушының) рқксатымен және олардың қатысуымен жүргізіледі.
Тармақ 2.17
2.17. Шомылу науқаны басталар алдында және бұдан кейін айына бір рет адамдар шомыладын аймақтың түбін суға сүңгуіштер қарап шығып, оны бөтен заттардан аршуға тиісті. Судың түбін қарау жеке тазалау жұмысын ұйымдастыру сол су қоймасы немесе жагажайға ие кәсіпорын мен ұйымға міндеттеледі. Судың түбін тексеру және тазалау жұмысын облыстық (қалалық) судан құтқару қызметінің бөлімшелері мен келісімге отырған сүңгірлер жүргізеді. Жұмыс біткен соң тапсырыс берушіге жағажай төлқұжаты беріледіү Тиісті формада жасалған жағажайдың құжаты болмаған жағдайда ол тексерілмеген, адамдардың өміріне қауіпті болып есептеліп, оны пайдалануға рұқсат етілмейді.
Тармақ 3
3. Балалардың су үстіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
Тармақ 3.1
3.1. Балалардың су үстіндегі қауіпсіздігін жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етіп, түсіндіру- ескерту шаралао кешенін, оның ішінде мыналарды атқару арқылы іске асырылады: - Шомылатын жерде дұрыс тандау; - балаларды жүзуге ұйрететін жағажай мен участке аймағын жабдықтау; - ведостволық постылар мен медициналық пункттерді ашу; - балаларды жүзуге үйрету сабақтарын ұымдастыру; - су үстінде дұрыс әрекет ету және су объектілерінде сақтық шараларын қолдану жөнінде үнемі түсінік жұмыстарын жүргізу.
Тармақ 3.2
3.2. Мектеп лагерлерің жағажайларында, балалар мекемелерінң шомылатын жерлерінде соларға арналған және оралды жүзуге үйрететін жерлерде 9 жасқа дейінгі балаларға терендегі 0,7 метр, сондай –ақ 9-11 жастағы және одан үлкен малти білмейтін балаларға терендігі 1,2 метр аймақ жабдықталуға тиісті. 9 жасқа дейінге балалар шомылатын участкенің айналасы су үстінде биіктігі кеменде 80 см. Деңгейінде, ал одан үлкен балалар шомылатын жер тростарға бекітілген қалтқылармен қоршалуға тиіс. Терендігі 2 метрге дейінгі жерлерде жақсы малти білетін 12 жасқа дей інгі балалардың шомылуына рұқсат етіледі. Мұндай жер бір бірінің арамы 25-30 м. Қашықтықта буйкалармен қоршалады.
Тармақ 3.3
3.3. Мектеп лагерлері мен балалап мекемелерінің жағажайлары тиісті санитарлық талаптарға сай болып, сәулеттендіріп, жағажайдың жермене ұштасқан жағында штакеттен жасалған дуалы және көлеңке түсіретін қалқандар болуға тиісті.
Тармақ 3.4
3.4. Балалар жағажайын ашуға жергілікті әкімшілік пен облыстық судан құтқару мекемесінің өкілдері қатысқан арнайы комиссия тексерген соң ғана рұқсат беріледі. Тексеріс жөнінде арнайы акт жасалады. 3.5.Шомылу кезінде балалардың қауіпсіздігі үшін малтуға үйрететін нұқаүшы жауап береді.
Тармақ 3.6
3.6. Балалардың шомылуына 10 адамнан аспайтын топпен және малти білетін үлкендердің бақылауымен, 10 минуттан артық емес уақытқа рұқсат етіледі.
Тармақ 3.7
3.7. Малти бәлмейтін балалар білетін балалардан бөлек шомылуға тиістіү Мұндай балалардың шомулуын балар лагерінің немесе мекемесінің басшысы ұйымдастырып, бақылайды.
Тармақ 3.8
3.8. Шомылу медицина қызметкерінің және су үстінде бақытсыздыққа ұшыраған адамға көмек көрсете алатын, малти білетін адамның бақылауымен ұйымдастырылады. Шомылуға методикалық басшылықты малту жөніндегі нұсқаушы жасайды.
Тармақ 3.9
3.9. Жүзу сабақтарын жүргізу қолайлы болу үшін акваторияға жалғасатыр жер арайы үлгіде жабдықталады.
Тармақ 3.10
3.10. Бады.лалар шомылып жатқан кезде жағажайдың барлық жерінде бөтен адамдардың шомылуына немесе болуына, қайықпен немесе катермен серуендеуге, түрлі ойындар мен спорттық шараларды жүргізуге тыйым салына
Тармақ 3.11
3.11. Балалардың саяхаты, экскурциясы, серуені кезінде шомылу үшін түбі жайдақ әрі түрлі ағаш, өткір тас, шөп -шаламнан таза таяз жерлер тандап алынады. Ондай шомылатын жерді тексеру малти, сүңги білетін және алғашқы көмек пен құтқару тәсілдерін игерген ересек адамға жүктеледі. Шомылатын жердің шекарасы буйкамен, қадамен, сырғацылмен немесе басқадай заттармен белгіленеді. Барлық қауіпсіздік шараларын сақтаған соң ересек адамның бақылауымен шомылуға рұқсат беріледі. 3.12.Қайық пен катерде серуендеу ересектердің басшылығымен жүргізіледі. Катер мен моторлы қайықтарды басқаруға қалқу құралдарын өз бетінше басқаруға арнайы құқы бар адамдар ғана жңберіледі.
Тармақ 3.13
3.13. Тыйым салынады: - белгіленген нормадан тыс катер мен қайыққа артық жүк салуға; - 16 жасқа дейінгі балалардың ересек адамсыз серуендейіне; - 7 жасқа жетпеген балалардың серуенге шығуына; - суға секіруге немесе қайықтан шомылуға; - қайықтың жиенгінде отыруға, катер мен қайық үстінде бір орыннан екінші орынға өтуге. Катер мен қайықтар жарамды болуға және онда құтқаратын түрлі құралжабықтардың толық комплектісі болуға тиісті.
Тармақ 3.14
3.14. Қараңғылық тұскен кезде жағажай әкімшілігі су қоймасының жағасын қарап шығатын патруль (кезекші, жауапты адам) бөлуге міндетті. 4.Су өткелдерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Тармақ 4.1
4.1. Өткелді жергілікті әкімшілік қйымдастырып, оның режимін, сондай- ақ су өткелінің жұмыс істейтін уақыты мен сағатын белгілейді.
Тармақ 4.2
4.2. Өткізу айлықтары, паром және өткізу катерлері құтқару құралдарымен жабдықталуға тиіс. Қаранғы түскенде олардын жарық белгілері болуы керек.
Тармақ 4.3
4.3. Қткелдің әрбір айлағында суға кеткендерді құтқара алатын кезекші және кұтқарушы шлюпка (қайық) өзінің құтқару құралдарымен (құтқару шеңбері, багор) бірге болуы керек.
Тармақ 4.4
4.4. Өткел айлағының жиегі мықты сүйенгіш ағашпен жабдықталады. Оған түсетін жер жадағай болуға тиіс.
Тармақ 4.5
4.5. Өткізу үшін жолаушылар мен машиналарды жіберуді, сондай-ақ шығаруды өткел әкімшілігі жүргізеді.
Тармақ 4.6
4.6. Өткел айлақтарында (өзеннің екі жағында да) көрнекті жерге өткелдің уімге тиісті екендігі және жауапты адам, өткелдің жұмыс істеу тәртібі мен уақыты туралы ақпарат ілінуге тиісті.
Тармақ 4.7
4.7. Тыйым салынады: - паромға. Моторлы және ескекті қайықтарға малтып баруға; - айлақтан, паромнан, катерден, қайықтан, шлюпкадан суға секіруге; - паром, катер, шлюпка, қайықтардың шамадан тыс толтырылуына, - катер мен қайықтар үстіндегі тәртепті бұзуға, - қалқу құралдарын мас күйінде басқаруға, - паром мен өткеруші катердің қозғалысы кезінде жолаушылардың орын ауыстыруына, - жолаушыларды құтқару құралынсыз тасуға.
Тармақ 5
5. Мұз өткелдерін пайдаоану қауіпсіздігінің шаралары
Тармақ 5.1
5.1. Қыстың басында және соңында мұз өткелдерін ашу уақыты мен жабу мерзімін, сондай- ақ оның тәулік ішіндегі жұмыс режимін жергілікті әкімшіліқ тағайындаған арнайы комиссия белгілейді. Комиссияның құрамында әкімшіліктің, өткел үшін жауапты қйымның, ауа райын болжау қызметінің, ішкі істер органдарының, судан құрқару қызметінің және басқалай мүдделі қйымдардың өкілдері болады.
Тармақ 5.2
5.2. Өзендер мен су қоймалары арқылы адамдар мен түкті тасымаладаумен айналысатын қйым мұз қатқан соң өткел арқылы өтетін жаяулар мен автомобильдердің өтетін жерін жабдықтап, тиісті құтқару құрал- жабдықтары бар ведостволық құтқару постыларын құрады.
Тармақ 5.3
5.3. Өткелге арналған жерлер мынадай жағдайға сай болуы керек: - өткелге апаратын жолдар мен ылдилар реттелген; - мұз өткелдері орналасқан дердің екі жағында 20 метрге дейін қашықтаққа тростардың көп байлануына және судың деңгейінің көтерілуіне; - мұз қатты, бүкіл өткелдің ұзындығы бойынша бірдей қалындықта болуға; - өткел ауданывнда (оң жақ мен сол жаққа 100 метрге дейін)жылы және жер асты суларының (бұлақ) шығатын жерлері, сондай ақ мұзы ойылған шұңқырлар болмауға тиіс; - өткелдің авто және атшана өтетін трассасы тек бір жаққа қарай козғалатын болуы қажет, ал қарсы қозғалыс үшін біріншісінен 40-50 метр қашықтықта өз алдына бөлек трасса жасалады.
Тармақ 5.4
5.4. Өткелдерде балық аулау үшін торлар құруға, балық аулауға және басқадай мақсатқа мұзды оюға болмайды, белгіленбеген және күзетілмейтін жерлерден өтуге тыйым салынады.
Тармақ 5.5
5.5. Көлік өозғалысының реті, жүк пен жолаушыларды тасу нормасын өткел әкімшілігі ауа райын болжау қызметінің мұз болжамдарвн және мұздың барынша көтеру таблицасын ескере отырып белгілейді.
Тармақ 5.6
5.6. Өткелді жабдықтау мен ұстау - өткелге бөлінген жердің шекарасы бір бірінен 25-30 метр қашықтыққа орналасқан қарақшылармен белгіленеді. Қарақшыларға қызыл жалау, сыпырғы немесе жұмырланған шөп бекітіледі. - өткел үстінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мұз үстінде бақытсыздыққа ұшырағандарға көмек көрсете алатын матрос- құтқарушылармен жасақталған ведомстволық құтқару постысы қойылады; - өткелде тәулік бойына кезекші болуға тиіс; - өткелге жақын жерде арнайы шит қойылып, оған осы өткел арқылы өте алатын көлік түрлері, өткізуге болатын жүктің салмағы, қозғалыс интервалы мен жылдамдығы, мұз үстіндегі тәртіп туралы ақпараттар жазылып, сондай- ақ озуға және көліктің тоқтауына тыйым салынған белгілер қойылады; - жағадан өткелге жақындайтын жерлер және өтелдің өзі жарықпен жақсы жабдықталуы керек; - қозғалысқа қауіпті жерлерде, әсіресе елді мекендерде көрнекті жерге ескерту белгілері «Мұз арқылы өтуге рұқсат етіледі» немесе «Мұз арқылы өтуге тыйым салынады» деген жазулар қойылады; - су қоймасының өткелге ұрымтал екі жағына да шит орнатылып оған құтқару шеңберлері, арқан, құтқару сатылары мен тақтайлар қойылады. Әрбір шитке «Батып бара жатқан адамға бер» деген жазу жазылады. Шиттің қасында ұзындығы 5-6метр, жуандығы 10-12см. Сырық мұз ойылып кеткен кезде көмек көрсету үшін қойылады; - күн сайын таңертең және кешке, ал күн жылынғанда күндіз мұздың қалындығы өлшенім, бүкіл трасса бойында оның құрылымы анықталып, әсіресе судың жылдамдағы жоғары әрі терең жерлерге көніл бөлінеді; - мұздың жылып, оның жүк көтеруңнің төмендеуіне жол бермеу үшін трасса үнемі қардан тазартылып, ал өткелге келетін жолға үнемі құм себілуге тиіс.
Тармақ 5.7
5.7. Көктемгі және жылымық күндері ауыр жүктерді өткел арқылы түнгі және таңертеңгі қатқақпен өткізген жөн. Мұндай кезде өткелден өтетін жүктің салмағын екі есе азайту ұсынылады. Мұздың үстінде қызыл су жүргеннен кейін 4-5күннен соң мұз арқылы өту тоқтатылады. Мұздың мықтылығын арттыру үшін сабан, шөп, бұта қолдануға тыйым салынады. Мұз өткелі уақытша немесе мүлде жабылған кезде көрнекті жерге мұздан өтуге болмайтыны жөнінде белгі қойылады. 6.Сырғанақтар мен ойын алаңдарын жабдықтау
Тармақ 6.1
6.1. Мұзы қатқан су қоймаларында сырғанақтар мен ойын аландарын жаббықтауға тереңдәгә 100-120см.-нан аспайтын жері тандап алынады. Сырғанақтың бүкіл бойында (ойын алаңы) мұздың қалындағы кемінде 25см болуға тиістіұ
Тармақ 6.2
6.2. Сырғанақтың айналасы қоршалады. Оның қасына құтқару құралдары бар (жіп, тақтай, саты) шит жасалады.
Тармақ 6.3
6.3. Сырғанаққа тұрақты кезекшілік ұйымдастырылады.
Тармақ 6.4
6.4. Сырғанақтар мен ойын алаңын мынадай жерде ашуға тыйым салынады: - өнеркәсіп кәсіпорындарынан ағып шығатын суларға жақын манда; - ағысы қатты жерлерде; - қатып қалған заттары бар (қамыс, тростник) участкелерде; - су астында балық ауланатын және мұзы ойылатын участкелерде; - мұз үстіндегі тесік, бұлақ және басқадай су шығатын жерлерде; - көпір астында, бұрылыстар мен тар жерлерде.
Тармақ 7
7. Мұз үстіндегі қауіпсіздіктің жалпы шаралары
Тармақ 7.1
7.1. Мұз қатқан су қоймаларынан арнайы жолдар (жолаушылар өтетін және автомобиль өтетін) арқылы ғана өтуге болады. Оңдай өткелдер жоқ болса мұздан өтпес бұрын оның қаттылығына көз жеткізу керек. Мұздың қатқандығын жаяу жүріп тексеру ұсынылады. Қатқан мұз 2-3 соққаннан кейін ғана тесіледі. Мұздың қатқандығын оны аяқпен ұрып тексеруге қатаң тыйым салынады.
Тармақ 7.2
7.2. Жұқа мұздің үстімен жүруге, жарылған жерлерге жақындауға, жұқа мұзға жағадан шаңғымен, шанамен, конькиемн сырғанауға болмайды. Мұз үстінен өтіп бара жатқанда сырғанауға немесе сынған мұздың үстіне шығуға, сондай ақ белгісіз жерлерден, әсіресе жардан мұз үстіне өтуге болмайды.
Тармақ 7.3
7.3. Тыйым салынған немесе қауіпті жерлерден өзен арқылы өтуге тыйым салынады, ескерту шиттерін мұқият оқу қажет. Мұз үстіне қызыл су жүрген жағдайда мұзға мүлде шығуға болмайды.
Тармақ 8
8. Қалқу құралдарын жалға беру станцияларын (пункттерін) жасақтау, ұстап тұру және пайдалану
Тармақ 8.1
8.1. Қалқу құралдарын жалға беру станцияларын (пункттерін) жасау нмесе оны іске қосу облыстық судан құтқару мен мемлекеттік санитарлық бақылау органдарымен алдын ала келісу арқылы жергілікті әкімшіліктің рұқсатымен жасалады.
Тармақ 8.2
8.2. Қайық айлағы құқару шеңберімен (бір шеңбер айлықтың метрәне есептеледі),басқадай құтқару құралдарымен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуға тиісті.
Тармақ 8.3
8.3. Жалға беру пунктінің су жиектерінде сол қалқу құралдары енуге болмайдын аймаққа арнайы белгілер қойылады.
Тармақ 8.4
8.4. Жалға беретін әрбір станцияда құтқару құралдары бар кезекші қайықты құтқару постылары құрылып, құтқарушы- жасақшылар, радиотрансляциялық қондырғы болуы қажет. 8.5.Жалға берілген кемелер міндетті дүрде жарамды болуы, артық кілттер, айлаққа байлайтын жіп, суды алатын ожау және басқадай құтқару құралдары болуы шарт.
Тармақ 8.6
8.6. Жалға беру станциясының кассасы және демалушыларға арналған орындықтар жағада болуы керек. Қайықтан түсіріп- мінгізетін жер адамдар күтетін орыннан бөлек болады. Адамдарды түсіріп мінгізу прокат станциясының құтқаруш жасақшысының бақылауымен іске асырылады.
Тармақ 9
9. Су маңында жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар
Тармақ 9.1
9.1. Өзендердің, көлдердің және басқадай су объектілерінің, әсәресе жұртшылық шомылатын дерлерге жақын манда жер қазу жұмыстарын жүргізу жергілікті әкімшілікпен, өзен флотының тиісті бөлімшесімен, судан құтқару ұйымымен және де басқадай мүдделі ұйымдармен келісілуге тиісті.
Тармақ 9.2
9.2. Су толтырылған шұңқырлар маңында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сол жұмыс аяқталғанша жерді қазып жатқан мекеменің басшысына жүктеледі.
Тармақ 9.3
9.3. Су толтырылған шұңқырлардан жерді алу жұмыстары біткен соң оның түбін жағадан есептегенде 1,7 метрге дейін тыңыздау жұмыстары жүргізіледі. Жұртшылық демалатын жерлердегі шағын шұңқырларды сол жұмысты атқарған кәсіпорындар мен ұйымдар жабуға (тегістеуге) тиісті.
Тармақ 10
10. Су үстіндегі қауіпсыздық белгілерін жазу
Тармақ 10.1
10.1. Су объектілерінің жағасында қауіпсіздік белгілері азаматтардың су үстіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен қойылады.
Тармақ 10.2
10.2. Белгілердің формасы тіктөртбұрышты болып келіп, оның размері барлық жағынан 50 х50 см. болуға тиісту және белгілер тақтайдан, қалың фонерден, металл қаңылтырдан және де басқадай мықты материалдардан жасалады. Белгілер көрнекті жерге қазылған қадаларға (ағаш немесе металл) бекітіледі. Қаданың биіктігі кемінде 2,5м боліға тиісті.
Тармақ 10.3
10.3. Белгінің жазулары қара немесе ақ бояумен жасалады
Тармақ 10.4
10.4. Су үстіндегі қауіпсыздік белгілерінің сипаттамасы № Белгі үстіндегі жазу Белгінің жалпы көрінісі 1. Шомылатын орын (сол жердің шекарасы көрсетілген) Жасыл шеңберде. Жазуы үстінде. Төменгі жағында малтып келе жатқан адам салынған. Белгі ақ қадаға бекітіледі 2. Балалар шомылатын орын (шекарасы метрмен көрсетіледі) Жасыл шеңберде. Жазуы үстінде. Төменде су жиегінде тқрған екі баланың суреті бар. Белгі ақ қадаға бекітіледі 3. Хайуандарды тоғытатын орын (шекерасы мертмен көрсетіледі) Жасыл шеңберде Жазуы үстінде. Төменде малтып келе жатқан ит белгіленген. Белгі ақ қадаға бекітіледі 4. Шомылуға тыйым салынады (шекерасы мертмен көрсетіледі) Қызыл шеңберде Жазуы үстінде. Төменде малтып келе жатқан адам бейнеленген. Осы белгі жоғарыдағы сол жақ бқрыштан диагональ бойынша қызыл жолақпен сызылған. Белгі қызыл қадаға бекітілген 5. Сүңгуге тыйым салынады Қызыл шеңберде Жазуы үстінде. Төменде сүнгіген адам бейнеленген. Осы белгі жоғарғы сол жақ бқрыштан диагонал бойынша қызыл жолақпен сызылған. Белгі қызыл қадаға бекітілген 6. Қалқу құралдарының қозғалысына тыйым салынады Қызыл шеңберде. Жазуы үстінде. Төменде ілінген моторы бар шағын кеме бейнеленген. Белгі жоғарғы сол жақ бұрыштан диагонал бойынша қызыл жолақпен сызылған. Белгі қалқып жүреді және буйлармен бірге жағажай акваториясына қойлады 7. Мұздан өтуге тыйым салынады Белгі түгелдей жасыл түспен боялған. Жазуы ортасында, ак түсті. Белгі ақ қадаға бекітіледі 8. Мұздан өтуге тыйым салынады Белгі түгелдей жасыл түспен боялған. Жазуы ортасында, ак түсті. Белгі ақ қадаға бекітіледі
Тармақ 11
11. Облыстың ішкі су қоймаларында және жаға участкелерінде адамдар өмірін қорғай ережесін бқзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 11.1
11.1. Осы Ереженің талаптарын орындауға бақылау жасау жергілікті әкімшілік органдары мен облыстық судан құтқару бөлімшесіне жүктеледі.
Тармақ 11.2
11.2. Су үстіндегі адамдар өмірін қорғай Ережесін орындауға бақылау жасау өкілеттігін іске асыру үшін облыстық судан құтқару қызметкерлеріне мынадай құқықтар беріледі: - су үстіндегі қауіпсіздік шараларын бұзу факттулері бойынша тиісті нормативтік -құқылық және нормативтік -техникалық актілерді орындау жөнінде барлық меншік түріндегі қйымдарға міндетті түрде орындалатын нұсқаулар жғберуге; - жалпы пайдаланатын су объектілеріне, қозғалыс құралдарына және су өткелдеріне келісім негізінде техниқалық бақылау жүргізіп, оларды пайдалануға тыйым салуға, су үстіндегі қауіпсіздік Ережесін бұзған жағдайда азаматтарға, барлық меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындарға заңда белгіленген тәртәппен әкімшілік әрекет ету шараларын қолдануға; - су үстіндегі төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған шараларды атқаруға барлық меншік түріндегі қйымдар мен мекемелердің постылардымен ведомстволық құтқару станцияларының қызметіне бақылау жасауға; - ауа райы бұзылған кезде шағын кемелерді айлақтарға қайтаруға және шомылуға бөлінген жерден шығып кеткен адамдарды қайтаруға немесе спортшылардың катер мен моторлы қайықсыз жаттығуға шығуына тыйым салады.
Тармақ 11.3
11.3. Су үстіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша құтқару қызметі әкілдерінің нұсқауы мыналарға міндетті: жағажай, демалыс базалары, малту бассейндері және басқадай су объектілерінің әкімшіліктеріне, сол объектілерді пайдаланатын азаматтарға, шағын кемелерді жүргізушілерге, сондай ақ барлық меншік түріндегі мекемелердің басшыларына.