Сарышаған кентіндегі көшелердің атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Сарышаған кентіндегі көшелердің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық – географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына және аудандық ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 24 маусымындағы N 98/2-2 ұйғарымына сәйкес Сарышаған кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай ауданы Сарышаған кентіндегі көшелердің атаулары өзгертілсін:
Школьная көшесі – Мектеп көшесі деп;
Школьный переулок көшесі – Мектеп қиылысы деп;
Степная көшесі – Бейбітшілік көшесі деп;
Средне-Степная көшесі – Ынтымақ көшесі деп;
Комсомольский переулок көшесі – Жастар қиылысы көшесі деп;
Вокзальная көшесі – Теміржол көшесі деп;
Путейцев көшесі – Бәйтерек көшесі деп;
Дорожников көшесі – Болашақ көшесі деп;
N 1 микрорайон көшесі – N 1 ықшам ауданы көшесі деп;
N 2 микрорайон көшесі – N 2 ықшам ауданы көшесі деп;
N 3 микрорайон көшесі – N 3 ықшам ауданы көшесі деп;
Центральная көшесі – Тәуелсіздік көшесі деп;
Набережная көшесі – Балқаш көшесі деп;
Северная көшесі – Достық көшесі деп;
Энергетиков көшесі - Энергетик көшесі деп;
Комсомольская көшесі – Абай көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Линейная көшесін жойылып, Энергетик көшесіне біріктірілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.