Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына және 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының қатарына жататын тұлғалардың тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарға жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру шараларын ескерсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
"Аманкелді аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ М. Тобағабылов
"Аманкелді ауданының қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
____________________ Ж. Сеилова
"Аманкелді ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Т. Карбозов
Басқа 5
Әкімдіктің
2010 жылғы 3 наурыздағы
№ 52 қаулысына қосымша
Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарға
жататын тұлғалардың тізбесі
Табысы аз адамдар;
жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының Заңдарына белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
ұзақ мерзім (он екі ай және одан астам) жұмыс істемеген адамдар;
50 және одан үлкен жастағы адамдар.