Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
ҚАЗМұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Атауы (қаз.)
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18-9
- Қабылданған күні
- 03.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2012 · қолданыстағы 51609_213707.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZC000091
- ЭКБ идентификаторы
- 51609
- Редакция идентификаторы
- 51609_213707
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:51
0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігінің ұсынысын қарастыра отырып аудан мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ауданның келесі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ай сайын әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1 1) тармақша алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2011.07.12 N 28-4 Шешімімен.
2 2) жергiлiктi маңызы бар дербес зейнеткерлерге 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
3 3) Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың және мүгедектердің коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге 2 000 мың теңге;
4
4) Ауғанстандағы әскери әрекеттерді қамтамасыз етудегі бұрынғы Совет Одағының орденімен марапатталған ардагерлерге, бірінші, екінші топ мүгедектеріне, қаза болған жауынгерлердің отбасыларына, қазіргі уақытта орденімен марапатталған ардагерлерге коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге 2 000 мың теңге;
5 5) бейбітшілік кезінде әскери борышын атқаруда қаза болған (апатқа ұшыраған) әскери қызметкерлердің жанұясына төлеуге 1 000 теңге көлемінде;
6 6) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында соңғы әскерге шақырылған адамдарға 2,9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
7 7) Социалистік Еңбек Ерлеріне 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
2 2. Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін біржолғы әлеуметтік көмек Бөрлі ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның шешімі негізінде төмендегі түрде берілсін:
1 1) шұғыл әлеуметтік қолдауда төлем (емделу, отбасының бір мүшесінің өлімі, онкологиялық және туберкулездік ауруларды емдеу және басқа да қиын жағдайларда) комиссия белгілеген мөлшерде жылына екі рет;
2 2) біржолғы әлеуметтік көмек отын сатып алу үшін аз қамтылған отбасыларға, орташа жан табысы күнкөріс деңгейінен төмен және жалғыз басты ең аз зейнетақы алатын зейнеткерлерге;
3 3) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2010.05.19 N 20-2 Шешімімен.
4 4) жылына бір рет туберкулезбен ауыратын азаматтарға, ауруды емдеу кезеңінде қолдау көрсету мақсатында, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем;
5 5) мерекелерде берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек келесі азаматтардың жекелеген санаттарына төленеді:
Халықаралық әйелдер күні 8 наурызда "Алтын алқа" және "Күміс алқа" наградалармен марапатталған көп балалы аналарға, кәмелетке толмаған төрт немесе одан да көп балалары бар аналарға, үйден әлеуметтік қызметті қажет ететін жалғыз басты зейнеткерлерге;
Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Совет Армиясының мүгедектеріне, соғыс жауынгерлеріне, әскери жауынгерлерге;
Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы кезінде фашистік лагерлерде тұтқында болғандарға, Совет Армиясының ерікті құрамында болғандарға, тыл еңбеккерлеріне, қайтыс болған Ұлы Отан соғысының жауынгерлер жесірлеріне;
Чернобыль атомдық электростансасының апатын жоюға қатысушыларға, бейбітшілік кезде қайтқан жауынгерлер жесірлеріне;
саяси репрессияға ұшырағандарды еске алу күніне ақталған азаматтарға, Ауғанстан соғысы жауынгерлерін Ауғанстан жерінен шығарылған күніне байланысты интернационалист жауынгерлерге;
балаларды қорғау күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
қарттар күніне зейнеткерлерге, мерейтой күнінде 80 толғандарға, 100-ге толғандарға;
мүгедектер күніне мүгедектерге;
Жаңа жыл мерекесіне орай, жетімдерге, қорғаушысы бар балаларға, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, аз қамтылған отбасылар мен көп балалы отбасыларға, жаңа жылдық сыйлықтар табыс етіледі;