Об адаптации амнистированных лиц Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кешірілген тұлғалардың бейімдулуі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ұ өкімімен. Бірлік және ұрпақтар келісімі жылына байланысты Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Кешіру туралы» Заңына жіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының «Бірлік және ұрпақтар келісімі жылына байланысты кешіру туралы» Заңын жүзеге асыру туралы N1318 Қаулысына сәйкес кешірілген тұлғалардың бейімделуі бөлігінде:
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкімдері, облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (Ә.Е.Әбілаев) белгіленген тәртіп бойынша: - кешірілген тұлғалардың жұмысқа және тұрмыстық орталасуы жөніндегі мәселелерді шешу үшін комиссия құрсын; - жақындары және туысқандары жоқ мүгедектер мен жасы ұлғайған жастағы тұлғалаларды арнайы интернат үйлеріне орналастыруды қамтамасыз етсін; - әкіметтер жанындағы жасы толмағандар істері жөніндегі комиссияларға жасы толмағандары жұмысқа және тұрмыстық орналасуына, қажет жағдайда жас өспірімдерді балалар үйлеріне, мектеп-интернаттарға және басқа оқу орандырына орналастыруға ықпал жасасын.
Тармақ 2
2. Ішкі істер бас басқармасы (Н.М.Дейхин) тұрғылықты жерге келген кешірілу бойынша босатылған тұлғаларды тіркеу жөнінде шаралар қабылдасын, қажетіне қарай төл құжат немесе жеке бас куәлігін алуға көмек көрсетсін, босатылған жасы қамқаоршылық органдарына берсін, сонымен қатар республикалық бюджетте көзделген қаржылар есебінен кешірілген тұлғаларға тұрғылықты жеріне дейін жолда жүру билетін сатып алсын.
Тармақ 3
3. Денсаулық сақтау басқармасы (Қ.К.Ермекбаев) облысқа келген кешірілген тұлғаларды медициналық есепке тұрғызуды туберкулезбен ауыратындары және олардың тексерілуі мен емделуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Х.Б.Қабжановқа жүктелсін.