Жаңажол ауылдық округі Сарыкөл, Кіші Айдархан, Теңдік елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңажол ауылдық округі Сарыкөл, Кіші Айдархан, Теңдік елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 12 тамыздағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып Жаңажол ауылдық округі Сарыкөл елді мекені тұрғындарының 2009 жылдың 24 маусымдағы, Кіші Айдархан елді мекені тұрғындарының 2009 жылдың 23 маусымдағы, Теңдік елді мекені тұрғындарының 2009 жылдың 18 маусымдағы жиналыстарының және 2009 жылдың 10 қыркүйектегі Жаңақала аудандық ономастикалық комиссияның хаттамаларын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жаңажол ауылдық округі, Сарыкөл елді мекені бойынша үлкен көшеге Сарыкөл, ортадағы екінші көшеге Мұқанов Сәрсеннің, үшінші шеткі көшеге Жалекешов Дәулеттің, төртінші қысқа көшеге Даулетяров Базардың атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Жаңажол ауылдық округі, Кіші Айдархан елді мекені бойынша шеткі көшеге Үмбеталиев Абоштың, үлкен көшеге Кіші Айдархан атаулары берілсін.
Тармақ 3
3. Жаңажол ауылдық округі, Теңдік елді мекені көшесіне Теңдік атауы берілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өзіме қалдырамын.