О типовых штатах общеобразовательных школ и детских дошкольных учреждений Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің типтік штаттары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 29.10.2004 № 25 шешімімен. Бюджет қаржыларын тиімді пайдалану, облыстық жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің әкімшілік-басқару қызметкерлеріне жұмсалатын шығындары қысқарту мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Жалпы білім беретін бастауыш, орталау және орта, кешкі (ауыспалы) мектептердің (1-қосымша); лицейлердің, гимназиялардың, жекелеген пәндер тереңдетіліп оқытылатын мамандарылған мектептердің, инновация тәртібінде жұмыс істейтін жалпы білім беретін мекемелердің тәжірибе алаңдарының (2-қосымша); мектептерге дейінгі балалар мекемелерінің (3-қосымша) типтік штаттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық білім департаменті жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде тиісті жұмыстарды жүргізсін және осы шешіммен бекітілген типтік шаттардың енгізілуін бақылауға алсын.
Тармақ 3
3. Облыс бойынша қазынашылық басқармасы мен облыс бойынша қаржы басқармасы осы шешіммен бекітіліген типтік штаттарға сәйкес жалпы білім ьеретін мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде штаттық тәртіптің сақталуын бақылауға алсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Н. Түменоваға жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 1999 жылғы «24» тамыз № 188 шешіміне 1-қосымша
Тармақ 1
1. Сынып-комплект саны 8 немесе одан артық, 240-тан кем емес оқушысы бар бастауыш мектептерде директор қызметі енгізіледі.
Тармақ 2
2. Жалпы білім беретін мектептерде: орталықтан жылу берілсе, әр қазандыққа ауысым сайын 1 от жағушы, отынның қатты түрлерін пайдаланатын 75 шаршы метрден астам көлемде жылытатын қазандықтарға әр ауысым үшін 2 от жағушы; электрмен және газбен жылытатын болса, әр ауысымға 1 от жағушы; жылу пункті және элеваторы бар орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы жылытатын мекемелерде қызмет ететін және ғимаратты жөндеуден өткізетін жұмысшының 1 лаузымы, ал бойлер, насостар болған жағдайда әр ауысымға осындай 1 жұмысшы лауазымы; пешпен жылытылатын мекемелерде әр 5 пешке 1 от жағушы лауызымы енгізіледі, бірақ мектепке 1 бірліктен кем есме енгізіледі.
Тармақ 3
3. Құрамында жұмыс істейтін жастар сыныбы немесе сырттан оқитын топтары бар жалпы білім беретін мектептерде, әкімшілік-шаруашылық, оқу-қосалқы және қызмет көрсетуші құрам штаты 25 адамнан құралған жұмыс істеітін жастар сынып-комплектілерін есепке ала отырып қарастырылады.Оқытудың күндізгі және оқытатын 100 және одан артық сырттай оқитын оқушылары бар, оқу-консультациялық пунктерінің саны екіден кем емес мектептерде әдістемешінің лауазымының 0,5 бірлігі, ал оқу-консультациялық пунктердің сырттай оқитын оқушылары 200-ден асса, консультациялық пункт меңгерушісінің 1 лауазымы егізіледі.
Тармақ 4
4. Сыныптар саны 6-дан кем жалпы білім беретін метептерде бухгалтерлік есеп жүргізу жақын жердегу мектептердің бухгалтеріне қосымша қызмет ретінде жүктеліп, оларға үстеме ақы төленеді.
Тармақ 5
5. Сыныптар саны 6-дан кем жалпы білім беретін метептерде медициналық қызмет көрсету жақын жердегі мектептердің медбикелеріне жүктеліп, оларға үстеме ақы төленеді.
Басқа 11
Облыс әкімінің 1999 жылғы «24» тамыз № 188 шешіміне 2-қосымша
Тармақ 1
1. Жалпы білім беретін мектептерде: орталықтан жылу берілсе, әр қазандыққа ауысым сайын 1 от жағушы, отынның қатты түрлерін пайдаланатын 75 шаршы метрден астам көлемде жылытатын қазандықтарға әр ауысым үшін 2 от жағушы; электрмен және газбен жылытатын болса, әр ауысымдаға 1 от жағушы; пешпен жылытылатын мекемелерде әр 5 пешке 1 от жағушы лауазымды, бірақ мектепке 1 бірліктен кем емес енгізіледі. Кочегар, пеш жағушы, қызмет көрсететін және ғимарат пен жабдықтарды жөндеуден өткізетін осы тармақта қарастырылған жұмысшылар лауазымы от жағу маусымында пайдаланылады. Аталған лауазымдардың жалпы санынан біреуі ғана жыл бойына белгіленеді.
Басқа 13
Облыс әкімінің 1999 жылғы «24» тамыз № 188 шешіміне 3-қосымша
Тармақ 1
1. Бір, екі топтық балалар бақшалары мен сәбилер бақшаларының меңгерушілері (балалар тәулік бойы болатын балабақшалар мен сәбилер бақшаларынан басқа) топта балалармен әр күн сайын 3 сағат тәрбие жұмысын жүргізуі тиіс. Сондықтан аталған балабақшаларда тәрбиешілер саны қысқарады.
Тармақ 2
2. Мектепке дейінгі гимназияларда, балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасының жекелеген бөлімдерін тереңдетіп оқытатын мамадырылған мектепке дейінгі мекемелерде, инновация тәртібінде жұмыс жасап жатқан тәжірибелік алаңдарда қосымша: инновация бойынша 1 бірліктен артық емес әдістемесінің (бағдары бойынша); 4 жас және одан үлкен балалар топтарының әрқайсысында 0,25 ставкадан балаларды бағдарлы оқытушысының лауазымдары енгізіледі.
Тармақ 3
3. Музыка жетекшісінің лауазымы 2 және одан үлкен жастағы балалар тобының әрқайсысына 0,25 ставкадан белгіленеді.
Тармақ 4
4. Есту қабілеті нашар балаларға және осындай балаларға арналған топтары бар жалпы типтік мектепке дейінгі мекемелерде аталған әр топқа бір-бірден сурдопедагог қызметі енгізіледі.
Тармақ 5
5. Сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған және арнайы топтары бар мектепке дейінгі мекемелерде логопедтін қосымша қызметі енгізіледі.
Тармақ 6
6. Балабақшаларда жүзу бассейні болған жағдайда қосымша дене шынықтырудан нұсқаушы қызметі әр 2 топқа 0,25 стакамен беріледі. Дене шынықтыру нұсқаушысының жалақы ставкасы әр күнге 5 сағат педагогтық жұмыс (аптасына 30 сағат) күніне белгіленеді.
Тармақ 7
7. Жеке жайлары бар балабақшаларда от жағылатын маусымда пеш жағушы немесе кочегар лауазымы әр 2 пешке 0,25 бірлік есебінен белгіленеді. Орталықтандырылған жылу жүйесі бар болған жағдайда әр қазандыққа бір ауысымға 1 кочегар, егер қазандықтарды жылыту көлемі 75 шаршы метрден асса – 2 кочегар қызметі енгізіледі. Кочегарлардың жалпы санынан 1 лауазым бірлігі жыл бойына беріледі. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген жылу пункті немесе бойлер, насостары болған жағдайда мектепке дейінгі меекемелерде әр кезекке 1 жұмысшы бірлігі енгізіледі.
Тармақ 8
8. Жеке ғимаратта орналасқан балабақшаларда күзетші лауазымы енгізіледі.
Тармақ 9
9. Қызмет бөлмелерін жуушы лауазымы топтарда персонал жинайтын алаңнан басқа жуылатын алаңнын қолданылып жүрген нормалары есебінен белгіленеді (бірақ әр мекемеге 1 бірліктен артық емес).